Отбасылық құндылықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасылық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен машықкерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКҚ




Сабақ жоспары

Қазақ тілі

Тақырыбы: Отбасылық құндылықтар






Іс-тәжірибе базасы: №202 жалпы орта мектебі.

Әдіскер: .........Мусина К.С

Пән мұғалімі: ...........Кенесова Л

Машықкер: ..............Шаментай Диана

Сыныбы: 6 «Ә»

Күні: 09.10.2020 ж

Баға____________











2020 жыл

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:№202 ЖОББМ КММ

Күні: 09.10.2020ж

Машықкердің аты-жөні: Шаментай Диана Ерболатқызы

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасылық құндылықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.4.1.Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;


6.4.2.1.Екпіннің түрлерін (сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.


Сабақ мақсаттары






Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:

Мәтінді оқып түсінеді,сұрақтарға жауап бере алады;

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды :

Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады;

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды:

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,жинақы мәтін жазады,тірек сөздермен мақал- мәтел құрастырып екпіннің түрлерін ажыратып айта алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: ұнаған бөлімін оқиды, өз көзқарастарын білдіреді.

Пәнге қатысты термин сөздер: отбасы,шаңырақ,ошақ,ұя,әке,ұл,ана,қыз

Диалог құрауға,мәтін жазуға пайдаланатын сөйлемдер:


-Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген;

-Халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да,оны дәмді етіп әзірлеудің де ретін таба білген;

-Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап,бағасын берген.


Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, отбасына деген құрмет оқушыларды тарихи құндылықтарға жауапкершілікпен, құрметпен қарауға, сын тұрғысынан ойлауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, математика, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу


Ел тарихы-ұлттық құндылық

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут





























Жағымды орта қалыптастыру

Оқушылар шаттық шеңберін құрып тұрады. «Марапат» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды марапаттайды

Мұғалім марапат, мақтау сөз айтып, алғыс хатты бір балаға береді.Ол бала марапат, мақтау сөз айтып келесі балаға ұсынады.Осылайша жалғаса береді.

Топқа біріктіру.

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Оқушыларға сурет қиындылары беріледі

1.Елордамыз Нұрсұлтанның суреті .

Осы ретте оқушылардан Елордамыз Астананың қай жылдан бастап Нұрсұлтан атауына өзгертілгенін сұрау.

2.Отбасының суреті

3.Әке мен ананың суреті.

Сурет құрастырып болған соң,сол суретке қатысы әр оқушы мақал-мәтел айтады.Суретке қарап өз топ аттарын қояды.

1-топ «Нұрсұлтан»

2-топ «Отбасы»

3-топ «Ата-ана»

Үй тапсырмасын пысықтау. «Сандар сөйлейді» әдісі.

1.Қазақ елінің тарихы туралы не білесіңдер?

2. «Туған тарихты білу-әркімнің парызы»дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Елін,жерін сүйетін адамды кім деп атайды?

4.Егемен еліміз өз Тәуелсіздігін қай жылы алды?

5.Ата –бабаларымыз ғасырлар бойы нені аңсады?

6.Ата- баба тарихы сен үшін несімен құнды?

Дескриптор:

1.Туған тарих туралы мәліметтер айтып бере алады.

2.Берілген сандар бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалау



«Марапат» әдісі



Алғыс хат





«Мозайка әдісі»



Елорданың ,отбасының, әке мен ананың суретінің қиындылары

















«Сандар сөйлейді» әдісі



Сабақтың ортасы:

































3-тапсырма.

5 мин


«Сөз өнері»


































Ой шақыру «Кинометафора» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан отбасы туралы бейнематериал көрсету.

Сын тұрғысынан ойлау сұрақтарын қойып,сабақты ары қарай өрбіту.



1.Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасындағы ең басты рөл кімде?

3. Бала тәрбиесінде кімнің тәрбиесі маңыздырақ?

2.Тату-тәтті отбасы болу үшін әр адам қандай болу қажет?

3.Адам бойындағы ең асыл қасиет не деп ойлайсыңдар?



Дескриптор:

  1. Берілген сұрақтарға нақты жауап бере алады.

  2. Өз ойларын дамыта, айтып бере алады.


Бағалау: бағдаршам арқылы бағалау



1-тапсырма.

«Кім жылдам?» ойыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Балдан тәтті не?

  2. Қара шаңырақ иесі кім?

  3. Балаға кім сыншы?

  4. Әкеден балаға берілетін зат?


2-тапсырма


«Спикер» әдісі арқылы «Дастарқан» мәтінін оқиды, түсінеді.Әр топтан бір оқушы спикер болып ортаға шығып,жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.


Дастарқан

Қазақ халқы өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе « арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылармен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттілік, үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да қазақ кең дастарқан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы біреудің жолы мен жөні арқылы санап, бағасын берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді білмеген, төрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.


Дескриптор:


- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

- Мәтінді екпіннің түрлерін (сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана отырып оқиды.

- Берілген сұрақтарға нақты жауап береді.


Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Халқымыз үшін дастарқанның маңызы қандай?

  2. «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің?

  3. Дефис арқылы жазылатын сөздер мәтінде қандай маңызға ие?


Бағалау:смайликтер арқылы бағалау


3-тапсырма.

Топтық жұмыс. «Ойлан,тап!» әдісі.

Әр топ берілген тапсырманы орындайды.Берілген сөздерден мақал- мәтел құрастырып жазады.

Мақал- мәтелдерден екпінді тауып,түрлеріне ажыратады.


  1. Ұя, ұшу;

  2. Әке, ұл, ана ,қыз, өсу;

  3. Әке, тау, ана, бұлақ, бала, құрақ.



Дескриптор


  1. Берілген сөздерден мақал –мәтел құрастыра алады.

  2. Мақал- мәтелдерден екпін түрлерін анықтай алады.

  3. Мақал-мәтелдердің негізгі мағынасын аша алады.


Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды


4- тапсырма

Кестені сөйлет. Ережелерді айт. Үзілістегі оқиға бойынша ережеге сай мысал келтір.







Дескриптор.

1.Ережелерді толық айтады;

2.Ережеге сай бүгінгі сабақтан мысал келтіреді.


5-тапсырма . Жеке жұмыс.


«Хат жазу» әдісі.

«Менің отбасымның мүшелері» тақырыбында ата-анаңа немесе іні-қарындасына құттықтау сөз жазады. Екпін түрлерін (сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолдана алады.


Дескриптор:


  1. Құттықтау сөз жазады

  2. Екпін түрлерін (сөз екпіні,тіркес екпіні,логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданып оқып береді


Бағалау: Өзара бағалау


«Кинометафора» әдісі

бейнематериал



















«Кім жылдам?» ойыны












«Спикер» әдісі





















































«Ойлан, тап!» әдісі

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

Мен түсіндім – жасыл түс;

Мен сенімді емеспін – сары түс;

Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2020
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі