«Жанкент» жалпы орта
мектеп
«Әкем,
анам
және мен» атты отбасылық
сайыс.
Сыныптан тыс
жұмыс
Әлеуметтік педагог: Мамадалие
Б.
Т.Рысқұлов ауылы
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен»
отбасылық сайысы.
Мақсаты: 1.Ата-аналар мен балаларды
сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы
білімдерін кеңейту.
2.Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен
тұрақты қарым-қатынасын
қалыптастыру.
3.
Бала тәрбиесінде ата –ананың
алатын орны ерекше екеніндігін түсіндіру;
Көрнекілігі: Бейнесюжеттер, слайд-шоу
отбасы туралы, мақал-мәтелдер.
Барысы:
Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті» «балалы үй базар»
дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер
гүлі.
Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы адамзат
болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін
тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі
отырған «Әкем, анам және мен» сайысына қош
келдіңіздер.
Қатысушыларымызды ортаға
шақырсақ:
1.Буйенбаевтар
отбасы.
2.Қалмұратовтар
отбасы.
3.Ержановтар
отбасы.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары
анық
Өнегелі тәлімді алған
қанып
Ал ендеше таныстырып өтейін
мен
Кезеңдерін сайыстың бөліп
жарып.
Сайыс бағдарламасы 5 кезеңнен
тұрады.
Олай болса байқау шарттарымен
таныс болыңыздар:
I
кезең – «Сәлем сөздің анасы»
отбасын таныстыру (әр отбасы өз жанұясын
таныстыру)
II
кезең –
Қазақтың салт - дәстүріне
байланысты сұрақ - жауап
III
кезең –
Жұмбақтар
шешу
IV кезең
– «Әуелгі байлық денсаулық»
спорттық ойындары: Ескерту қатысушылар спорттық киім
үлгісімен қатысуға тиіс
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып Бәйге үшін терлетіп
шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға
беріп
Жіберейік қазыларды
таныстырып.
Бүгінгі сайыстын әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын
әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Керімжанов
Ермек
3.Химия пәнінің мұғалімі Тұрған
Рабиға
4.Медбике Татеева Айдын
Сайыс бес балдық жүйемен бағаланады және әр кезеңнен кейін
бағалап отырсаңыздар.
Жүргізуші: асық алу арқылы сайысты кім
бірінші бастайтынын анықтайық.
Жүргізуші:
Отбасымыз келіп жетті
танысуға
Сыпырды томағасын осы
дұға
Қызып келген қырандай
керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға-
әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.
I кезең
таныстыру.
1. Буйенбаевтар
отбасы.
Алтын ұя
мекенім
Айналайын
ағайын
Бұрынғының
жолымен
Сәлемдесіп
алайын
Рашид менің
әкешім
Тілін білген
темірдің
Жанар менің
анашым
Өнерді сүйіп
үйренген
Серік менің
есімім
Домбырамен
үндесем
Білім алып
мектепте
Тәрбиемнен
көрінем
Алтын ұя
мектебім
Өнерді де
үйреткен
Ауылым менің
керемет
Түлкібасым
киелі
Әділ қазы
алқасы
Әділ баға
беріңіз
Қарсыластар
сіздерге
Тек сәттілік
тіледім
2.Қалмұратовтар
отбасы.
Сәлем бердік
баршаңызға,
Жиналған жұрт
ағайын
Жанұя боп
алдыңызға,
Бар өнерге
салайық
Асқар тауы
шаңырақтың,
Сәкен деген
әкеміз.
Бақша бауы мәуе
берген
Гүлсім атты
анамыз.
«Балаң сенің
жақсы»-десе,
Қуанып бір
қаламыз.
Шаңырақтың ең
тұңғышы,
Нұрлан деген
баламыз.
Ал бүгінгі жарыста
біз,
Жеңеміз деп
сенеміз.
Қарсыластар
сіздерге
Тек сәттілік
тілейміз.
3. Ержановтар
отбасы.
Тірліктегі
байлығым,
Әкем,анам
бауырым
Жанұямның
атынан
Сәлем алшы
қауымым
Әкем аты
Болатбек
Асқар тауым
бақытым
Жан анашым
Гүлнара
Ақ сүт берген
асылым
Ата-анамның төл
басы
Әсел атты
қызымын
Үміт артқан
тірлікке
Қауыз жарған
гүлімін
«Жанкент» атты
мектептен
Білім алып
келемін
Көп оқып, көп
үйренсем
Мақсатыма
жетемін.
Ұстаз апай,
ағайлар
Еңбегіңіз
жайнасын
Шәкірттеріңіз
биікте
Қыран болып
самғасын.
Жүргізуші:
II кезең бізде
қазақтың салт – дәстүріне
байланысты сұрақ - жауап
1.Отқа май құю дегеніміз
не?
Келін түскенде, келіншек
босанғанда, жас отау шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы
ырымдардың бірі – отқа май тамызу. От – халық зердесінде қасиетті
ұғым. Отпен аластау; «от ана», «отың өшпесін», «ошақтан от
кетпесін» деген тілек пен мырым сабақтастығы ертеден келе жатқан
ғұрып.
2.Ерулік дегеніміз
не?
Ауыл ортасына жаңа үй көшіп
келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас
пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына
тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық
мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны
әкелуге біраз уақыт кетеді. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ
салты мұныда ұмытпаған.
3.Тоқым қағу дегеніміз
не?
Тоқым қағу тойы – 7,8 жасар
бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп
мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына
барады. Сонда әке – шешесі бір малын сойып, ауыл – аймағын жинап,
тоқым қағар тойын жасайды.
4.Тұсау кесер дегеніміз
не?
Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып
жүре бастаған кезде жасалатын салт дәстүр. Тұсау кесу тойының
негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсау кесу тойына ауылдың қыз –келіншек, бәйбішелері түгел
шақырылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар,
балаға ойыншық, асық, сылдырмақ т.б. әкеледі. Баланаң шешесі
шаруаға икемді, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып,
баланың тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған
баланың аяғын ала жіппен тұсау салып жатып өлеңдете отырып тұсау
жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4
аттатады.
5.Сүйінші дегеніміз
не?
Қуанышты хабар жеткізуші адам
« сүйінші, сүйінші!»деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі
«қалағаныңды ал», - дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық
ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да,
оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі
жоқ.
6.Ілу дегеніміз
не?
Жаңа түскен келінді барған
жерінде «үй көрсету» салтын жасау ілік пен жақынның, әр ағайынның
міндеті. Мұндай жас келін шақырған үйге дәстүр бойынша «ілу»
салады. Мұның мағынасы көйлектік мата, кілемше, киім – кешек,
тағамдар апару деген сөз. Бұған қайын ене басшылық жасайды. Келін
үйге сәлем жасап кіргеннен кейін «ілуге» апарған затын босағаға
іліп кетеді. Ілу деген сөздің төркіні міне, осындайда шыққан дейді
білетін қариялар. Ілуді қайын жұртына барған күйеу де
салады.
Қазылар
алқасынан байқауымыздың
екінші кезеңі бойынша әділ бағаларын
беруін сұраймыз.
Жүргізуші:
III -
кезең.
Теңіздей терең біткен, теңіз
болса,
Өнер ақыл, мінезі дұрыс
болса.
Сабырлы, тапқыр деп біз соны
айтамыз,
Бергенде жауапты дұрыс
болса.
Келесі
сайыс «Жұмбақ
шешу»
1.Шидім – шидім, шидім
құс,
Ши басына қонған
құс.
Қарқарада қара
құс,
Хан басына қонған құс.
(Шыбын)
2.Кішкене ғана
мінтас,
Алып ұрсам
сынбас.
(Ине)
3.Шапсам
шабылмайды,
Тепсем
тебілмейді. (Көлеңке)
4.Бес ат, бесеуіде қысқа
ат. (Саусақ)
5.Бір ағашта екі ақ
жапырақ.
(Құлақ)
6.Сусыз піскен ас
көрдім,
Домаланған бас
көрдім (Қауын)
Қазылар
алқасынан байқауымыздың
үшінші кезеңі бойынша әділ бағаларын
беруін сұраймыз.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыс
басталды,
Дайын болып
жарысқа.
Жүгір,секір
қалыспа,
Бір-бірімен
жарыста.
IV кезең спорттық
ойындары
-
Қасықпен шарды ұру арықыл
шеңберді жүгіріп өту.
-
Скакалкамен жүгіріп шеңберден
өту.
-
Қасыққа шарикті салып
жүгіру.
-
Қапшықпен секірп барып, шарды
жарады және қапшықпен секіріп қайтады. (белгіленген жерді айналып
шығыу)
-
Әкесі ауызбен кәмпитті ашып
жейді.
Анасы сәбіз ашиды ал, баласы
есеп шығарудан жарысады.
-
Обручпен жүгіру және отбасын
жинау.
Ескерту: Мақтау қағазымен және
бағалы сыйлықтармен марапатталады.