Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру.
Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері,
Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, аға, іні, әпке, сіңілі, қарындас.
Әдіс -тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын .
Тәрбие жұмысының барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
- Балалар, күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Ата – анамыз аман болсын!
Бақытты болайық!
Балалар кеудемізге сыймай тұрған жылуымыздан қонақтарымызға сыйлайық (бұрылып қолдарын үрлейді)
- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
І. Кіріспе бөлім.
Отбасымда ең сыйлы
______________________________________ Ең қымбатты
_____________________________________________ Ең ақылды
_______________________________________________ Ең сүйкімді
______________________________________________ Ең құрметті
______________________________________________ Ең құнды
________________________________________________ Ең бағалы
________________________________________________ Ең қажетті
_______________________________________________
ІІ. Балаларға «Әке» мен «Ана» туралы ойларын
сұрау.
Ой шақыру.
Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.
Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары.
Жаманы-қайғысы, азап- соры.
(В.Сухомлинский).
Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.
Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.
Берілетін отбасылық
құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім: Біз сіздермен
жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі
жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя
- жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең
үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан
оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы»
жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір -
бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған
әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған
ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Жүргізуші: Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың
мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды
адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды
екен. Көріскенше
күн жақсы! Аман-сау болыңыздар!
ӘКЕ
АНА
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасым - асыл қазынам

шағым қалдыра аласыз