Тақырыбы: «Отбасым – алтын
ұям»
Сынып сағатының
мақсаты:
а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін
талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі
қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді
кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете
отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы
өмірге даярлау
Сынып сағатының өту
формасы: топтық
жұмыс
Сынып сағатының
көрнекілігі: ұлағатты сөздер, плакат,
сурет
Сынып сағатының
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі
1.Тақырыппен
таныстыру
Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана,
бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың
босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы
мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы
болашағы.
Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй
базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер
гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат
болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге
тікелей байланысты.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман
қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты
дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру
ата-ананың парызы.
2. Ойланайық,
пікірлесейік. «Отбасы»
сөзіне ассоциация құрғызу. «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі»
деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз? Отбасын
құру үшін ата-ананың келісімі керек пе? Отбасын құру үшін адамдар
қанша уақыт бірін-бірі білуі керек деп
ойлайсыз?
Жаңа ақпарат. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді
тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық
мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып,
отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі -
бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі,
ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен
ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан
құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік,
жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы
керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай,
сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды,
ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді.
Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп
өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді
халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы
отбасынан басталады.
3. Шығармашылық
жұмыс. Оқушыларды екі топқа
бөлу.
Әр топ «Бақытты отбасы» модулін салады, оны
қорғайды.
Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке - біз
жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек,бала -жапырақ»,
«Әкеден - ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі
бардың - тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір
отбасында өмір сүріп жатқан
біз-бақыттымыз.
4. Ситуациялық
көрініс.Әр топ жағдаят дайындап
көрсетеді.
Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып
берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл
бөлмейді.
-Кейін алып
берермін
-Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына
талқылауға беру.
Осындай жағдайда сіз не істер
едіңіз?
5. Отбасына қатысты мақал
жарысы.
6.
Қорытынды:
Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе,
ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында
әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем
болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда
шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз
де тату болады.