Психологиялық тренинг жоспары
Тақырыбы: «Отбасым –менің мерейім»
Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы ұлттық құндылықтардың маңызын дәріптеу, отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: психологиялық тренинг
Әдісі:ойын, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: шарлар, отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сергіту сәті
ІІІ. «Мағынаны тану»
ІІІ. «Өзіңді сына»
ІV. «Менің отбасымдағы ұлттық құндылықтар»
V . «Мақал -мәтелдің жалғасын табу»
VІ. Қорытынды
Кіріспе сөз: Оқушыларды отбасындағы ұлттық құндылықтардың маңызын дәріптеу, отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отбасым –менің мерейім» аталатын психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Кешігіміздің беташарын колледжіміздің психолог-педагогы Үсенова Феруза апай жасағысы келіп отыр. Ортаға апайымызды шақырайық
«Сергіту сәті».
«Мағынаны тану»
Құрметті қонақтар,
оқушылар! Біз бүгін керемет бір
ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол
мемлекеттің аты «Мерейлі отбасы» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат
жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз
бірігіп біз аңсаған «Мерейлі отбасының» моделін жасап шығарамыз.
Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық! Ал ол үшін, әрине,
бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «Отбасы деген не?» деген сауалға
жауап іздеп көрейік.
Слайдқа назар аудару: Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.
Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән, адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі: Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Бұл дегеніміз бір адамзаттың тағдыры, тәрбиесі күллі ұлттың тәрбиесіне байлаулы деген сөз.
«Өзіңді сына» ойыны
Оқушылар тізіліп бір қатарға тұрады. Айтылған сөйлемдердегі іс әрекетке сай, оны орындай алатын болса бір қадам алға жылжып отырады. Ең алға шыққан оқушы жеңімпаз атанады. (Арасында тексеру үшін сұрақтар қоюға болады: Мысалы, тамақты қалай дайындайды, киімді үтіктегенде неге көңіл аудару керек, т.с.с.)
-
Мен әрқашан әкемнің қасында көмекте жүремін
-
Ата анама әркез «СІЗ» деп сөйлеймін
-
Азанда үнемі өзім тұрып, төсегімді жинап кетемін
-
Тамақ жасауға көмектесемін
-
Тамақ жасай аламын
-
Іні қарындастарымның сабағын оқытып, қарап жүремін
-
Іні қарындастарым мені қатты жақсы көреді
-
Мені ата анам қатты еркелетеді
-
Арасында үйді жинап, шаң сүртемін
-
Анаммен үнемі сырласамын
-
Әкеме барлық әңгімемді айтып, сырласып отырамын
-
Мен ата анамды қуанту үшін барымды саламын
-
Үйде ұялы телефонды барынша аз пайдаланамын
-
Киімдерді де үтіктей саламын
-
Ата анама ешқашан қатты, ауыр сөз айтқан емеспін
-
Мен анамды жиі құшақтаймын
-
Мен ас қайтара аламын
-
Мен мал соя аламын
-
Мен халқымыздың салт дәстүрлерін жақсы білемін
Ата анаға әркез қолқабыс болып, жақсы жағынан көрінуіміз керек. Өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек
«Менің отбасымдағы ұлттық құндылықтар»
Үш топқа бөлу: «Отбасымдағы салт -дәстүрлер». «Отбасымдағы тыйым сөздер», «Отбасымдағы үлгі, өнеге» тақырыптары бойынша ассосация құрып, постер қорғайды.
«Мақал -мәтелдің жалғасын табу»
1.Атаға қарап - ...............,
Анаға қарап - ..................
2. Ананың көңілі балада, ..........................
3. Ата-ананың қадірін - ................................
4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)
10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),
11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
«Сіз білесіз бе?»
Көрімдік дегеніміз не?
Көрімдік – жас келінді немесе жаңа туған нәрестені алғаш көрген қонақтың сыйы.
Табалдырық аттау дегеніміз не?
Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кәдесінде «табалдырық аттау» деп атайды.
Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кәдесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып кәде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен. Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды.
Құйрық-бауыр тарту дегеніміз не?
Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, кәделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді. Оны қазақ кәдесінде «құйрық-бауыр» деп атайды.
Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр.
Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды.
Әмеңгерлік дегеніміз не?
Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды.
Енші дегеніміз не?
Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан бөлек шығып, өз алдарына отау құрып жатқан жас отбасыға берілетін күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары Есік алдына бағатын мал да болады
Ажырасу көже дегеніміз не?
Ауылдың бір тұрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын берісетін.
Жұртшылдық дегеніз не?
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай
Ерулік дегеніміз не?
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Қорытынды сөз. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдилдаев Бақтыбай ағай.
Отбасы — жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!
Топ жетекшісі: Г.Жансүгірова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасым- менің мерейім

шағым қалдыра аласыз