«Отбасы-бақыт
мекені»
Тақырыбы:
«Отбасы-бақыт
мекені»
Мақсаты:
Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында
өмір сүру қажеттіліктерін
қалыптастыру.
Міндеті:
Отбасы құндылығын түсіну қабілетін
қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға
байланысты
қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қанатты сөздер, Қабырға газеті,
суреттер.
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап,
пікіртерім.
Сабақтың
барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар,
оқушылар.
Әкең-қазақ, шешең-қазақ,
қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан
даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген
бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып
бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені » салтанатты жиынға қош
келіпсіздер.
Жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы
қызған
Жана берсін бақ артып
бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге
сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей
келе мектебіміздің директоры Дүйсенбеков
Сағит ағайға сөз кезегін
береміз.
Салтанатты жиынды
бастаймыз.
Кіріспе
сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі
буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ
ұрпақтың еліне, Отанына
деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен
қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді»
демекші білім бесігі
мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау
алады.
Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен
аялаған ана. Ата-анаға
үлкенге
қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ
сүтін өтеу-біздің
борышымыз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.
Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол
ортаның
ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен
еразаматқа
жүктеледі.
Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей
міндеті.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын
құдіретті ана емес
пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге
тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір
алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас
ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана
сөз бар.
Жүргізуші
: 2 «А» сынып оқушысы Утелхан Назымның
орындауында
Ән :
Анашым
Жүргізуші:
Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы
дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше
әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні,
мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті
ештеңе жоқ.келесі кезекті әжеге, ата-анаға, отбасына арналған өлең
шумақтарына берейік.
Аида:Отбасы –
жылы ұямыз,
Тірегі –
ата-анамыз.
Уыз сүт еміп
осында,
Уылжып біздер
өсеміз.
Балым:Бір үйде біз
нешеуміз?
Кел санаймыз
екеуміз.
Бас бармағым-папам,
Балаң үйрек –мамам,
Ортан үйрек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Кішкентай бөбек-сен.
Бекасыл:Осында
үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап,
еліктеп,
Осында өсіп
толамыз
Сабина:Мейірімді апалар,
Балалар кеп бата алар.
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
Нұрлыайым:Тәрбие мектеп – от
басы,
Ақылды баулып, тіл
ұштар.
Өрімдей тезге
тартылған
Әдепті бейне
дұрыстар.
Аселя:Әке-асқар
тау.
Ана-шалқар
көл.
Әке көрген оқ
жанар.
Шеше көрген тон
пішер.
2 «Ә» сынып оқушысы
Тастемир Ақманаттың орындауында «Әже» әнін қабыл
алыңыздар.
Бақтияр:Әже деген көп
шығар,
Әжемдейсменің жоқ шығар.
Мейрімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі.
Аяна:Менің әжем, гүл
әжем,
Алтын әжем, күн
әжем.
Апам үшін мен
үшін,
Нағыз ана
сіз-әже.
Елдос: Ата - ана асқар тау
алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда
әлі
Өзің берген өнеге
тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя
бауырындағы.
Інжу:Біздің байтақ
еліміз
Отбасынан
құралған
Елін сүйер
сеніңіз
Өз жанұясын сүйе
алған
Мейрамкул:Жылжи берші кезім емес
жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас
қамал
Отанның аяулысы
боларсың
Отан деген отбасынан
басталар.
Жүргізуші: 2 «А» сынып оқушысы Қожан
Бақтиярдың орындауында «Әке» әні.
Келесі кезекті нақыл сөздерге
берейік.
Айгерім:Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып
қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту
керек.
Ұлықпан: Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші
болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші
болма.
Ринат:Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың
опасызы ,рақымсыздың
рақымсызы.
Аружан: Ата- ананың қадірін білмеген халық
қадірін білмейді.
Жүргізуші: 2 «Ә» сынып оқушысы Тойшыбай
Анеляның орындауында «Мереке» өлеңін қабыл алыңыздар.
Қорытындылау
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен
ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде
мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш
сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала
отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын
бесік. Бала отбасы
аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы
жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды,
адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық,
үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты
тәжірибе жинақтайды және оны
меңгереді.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеп өтейік. Осымен салтанатты
жиынды жабық деп жариялаймын.