Материалдар / "Отбасым бақыт мекенім" тәрбие сағаты 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасым бақыт мекенім" тәрбие сағаты 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты жас мамандарға көмегі тиетін шығар деген ойда тәрбие сағатын жариялап отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
3506
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасым- бақыт мекенім!

Мақсаты:.  Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу

Сәлеметсіздер қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:

«Біздің шаңырақ»
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз. ( тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! ( қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады)
және де тағы:

Балалар біз бір-біріміздің қолымызды ұстап тұрғанда не сезінеміз? Қандай әріпке ұқсайды?

О әрпінен басталатын қандай сөздер білесіңдер?

Отан, отбасы, орман,ошақ

Өлең жолдары арқылы топқа бөліну.

«Әке» тобы.

Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

«Ана» тобы.

Оянғанда түнде жұбатып

Ақ сүт беріп өсірген

Басқаныма тәй-тәй қуанып

Тұсауымды кестірген

Анашым құдретіңе табынамын

Көрмесем бір сәт сені сағынамын

Анашым қартаймашы жалынамын2

«Бала» тобы.

Біз балдырған баламыз,баламыз

Шаттық әнге саламыз

Туған жөрінде төрінде,төрінде

Алау болып жанамыз

Топқа отырады: әке,бала,ана

Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.

1.Тыңдай білу.

2.Өзара сыйластық.

3. Белсенділік.

4. Қол көтеріп сөйлеу.

5.Уақыт үнемдеу.


Топ ережесін еске түсіру, слайдтан көрсету.

Жұмбақ жасыру

Мағанда,сағанда

Жақын туыс адамдар

Бәріде өз жұртың

Айтыңдар,олар кім? (Отбасы)

-Ия балалар, бұл жұмбақтың жауабы отбасы екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасы -бақыт мекенім»

Отбасы деген қалай түсінесіңдер?

Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашықта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады. Біздің борышымыз ата-анамызды құрметтеу.

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы,тілегі

Әрқашан да бір арнадан табылған.

Балалар мен сендерге біраз сұрақтар қойғым келіп отыр.

Отбасы қандай болуы керек?

1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?

2.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

1топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы?  (ата)

4.  Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)

5. Бес дұшпандыатаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

6. 30 минутты сағатқа айналдыр. /0,5сағат/

7. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)



2топ

  • Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

  • 18жасқа толмаған адам ( бала)

  • «Өзін-өзітану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)

  • Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, тереңой, қанағат, рақым)

  • Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  • Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? (екінші)

  • .Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы

3топ

  • 1.Отбасылар күні қай күн деп белгіленді? (8 қырқүйек)

2.Әкеден балаға берілет зат

  • 3.Үшжұрт – (өзжұрты, қайынжұрты, нағашыжұрты)

  • 4. Мемлекеттік рәміздерді ата  (  елтаңба, ту, әнұран )

  • 5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

  • 6. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)

  • 7.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)

Топпен жұмыс 3минут уақыт

1топ – синквейн құрау Отбасы

2топ- - постер қорғау «Бақытты жанұя»

3топ – Жағдаят шешу

«Біз біргеміз» ата-аналармен жұмыс

Баланы баптап бақпасаң.

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп.

Кешкенің өмір босқа тек- дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана деп бүгін арамызда отырған ата-аналарды ортаға шақырғым келіп тұр.

Ата-аналар менің қолымда жүрекше қорап бар.Бұл қорапқа балалар откен тәрбие сағатында отбасы туралы шығарма және сурет салған. Әркім өз баласының суретін тауып алып аяқтасаңыздар.

Ата-аналар балалары алдын-ала салған суреттердің арасынан өз баласы салған суретті тауып алып, аяқтау тиіс.

Аналар суреттерімізді аяқтағанша біз біраз сергіп алайық.

Оқушылармен сергіту сәтін өткізу

Ата – аналарға сұрақтар:
1. Өз балаңыздың салған суретін табуға не көмектесті?
2. Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
3.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші роль атқарады.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр. Бала – отбасы айнасы; бір тамшы суда күннің сәулесі көрінгендей,перзентте де ата – ананың тәрбиесі көрінеді демекпін.Елімізіде Қазақстанның бірсыпыра қалаларында «Рухани жаңғыру-отбасынан басталады» деген үлен форумдар өтіп жатыр.Осы «Рухани жаңғыру-отбасынан басталады» дегенді сіздер қалай түсінесіздер?

Ата-аналар өз пікірлерін айтады.

Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің дегендей бала отбасынан сәби кезіндегі бойында қалыптасқан тәрбие оған өмір бойы азық болады. Яғни жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Ойын

Енді ата-аналармен біраз ойын ойнасақ. Адамгершілік сөзіне кім көп сөз құрайды екен.

Ақ қағаз маркерлер беру аналар және оқушылар.

Аналарымызбен, оқушыларымыз жұмыстарын аяқтап біткенше Алмас оқушымыздың әніне кезек берейік.

Ән. «Ана»

Аналарға және оқушыларға сөз беру

  • Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Яғни үштік одақ. Ата-ана,оқушы, мұғалім осы үш одақ бір-бірмен тығыз байланыс жасағанда ғана үлкен жетістіктерге жетеміз. Қазір біз оқушы,ата-ана, мұғалім болып бөлінейік.Мен сіздерге бірнеше жағдаятты мәселелер беремін. Сол мәселелерді қалай шешесіздер.

  • Ата-ана:Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?

  • Бала:Ата-анаң, ертең қонаққа барамыз, сабаққа бармай-ақ қойсаң қайтеді,- деді. Ал ертең мұғалім бақылау жұмысын жазамыз, сабақтан қалмаңдар деген еді, не істейсіңдер?

  • Мұғалім:Оқушыға сіз нашар баға қойдыңыз, оқушы үйіне жылап барып, ата-анасынашағымданды, ата-ана сізге телефон шалып ренішін білдірсе не айтар едіңіз?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.

Бала – ата­ ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына
кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген
перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына
бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп
құдайға жалбарынған. Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата­
-аналарға «Біздің үй» жобасын құрауға өз үлестеріңізді қосуларыңыз сұралады.Қолдарыңызға киіз үй бөліктері беріледі, сол бөліктерді «Отабасыларыңызға» тілек тілей отырып іліп, орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын.

Қорытынды:

Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі ­ баланың ата­-анасын ардақ тұтып,
өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең
алдымен, адамшылығының белгісі.

Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
«Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен
маңызы бар екенін сеземіз. Отбасына деген жылулық ол біздің таза жүрегімізден шыққан мейрімділік. Оқушылар енді алдымызда тұрған жүрекшелерді отбасымызға тілек тілеп аналарымыз құрған «Біздің шаңырағымыз, үйіміздің» айналасына орналастырайық. Осымен «Отбасы-бақыт мекенім» тәрбие сағатын Мәрмәрдің әнімен аяқтағымыз келіп тұр.





. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тап-сырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұ-мыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!