Тақырыбы: «Отбасында эмоционалды интеллектіні қалыптастыру жолдары»
ата –аналарға арналған тренинг
Мақсаты: ата-аналарға отбасылық тәрбие
беру туралы білімдерін тереңдету, баланың эмоционалды әл-ауқатын
қамтамасыз етуін үйрету үшін дайындығын
қалыптастыру
Міндеті:
1. Баланың ақыл-ойы мен тәрбиесін дамытудағы психологиялық қолдаудың мазмұны мен әдістеріне ата-аналардың қызығушылығын ояту.
2. Отбасында және мектепте балалардың эмоционалды әл-ауқатын тану және жақсарту дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам т.б
Әдістері: пікір алмасу, сауалнама, психологиялық жаттығулар мен ойындар
Тренинг бағдарламасы:
1. «Қамқорлық өлшемі» тесті
2. «Отбасындағы бала тәрбиесі» шағын дәріс.
4. «Эмоция арқылы мақалды тап»
ойыны
5. Сюжеттік-рольдік ойын
6. Қорытынды
Тренинг барысы:
І. «Қамқорлық өлшемі» тесті (10 минут)
Мақсаты: Бұл тест тəрбие позициясын анықтауға көмектеседі.
Нұсқау: Баланың дамуы мен іс-əрекеттің бұзылуы көбіне ата-анасының ықыласы жеткіліксіздігінен. Психологтардың пайымдауынша, шамадан тыс ықылас жəне оның жеткіліксіздігі бала үшін қауіпті болып келеді. Сіздің алдыңызда 15 пікірлер тұр. Тəрбиеге ешқандай қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Оған қарамастан əр пікірдің жанына, өзіңіздің баллыңызды қойып өтіңіз.
«Үзілді кесілді келіспеймін» - 1 балл
«Бұған келісуге асықпас едім» - 2 балл
«Дұрыс болар деп ойлаймын» - 3 балл
«Өте дұрыс, мен тап осылай санаймын» - 4 балл
1. Баласының жолында туындаған қиындықтарды төтеп беруге көмектесу үшін, ата-ана барлық мəселелерді күні бұрын білу керек.
2. Жақсы ана үшін тек өзінің отбасымен ғана қарым-қатынаста болу керек.
3. Баланы шомылдырып жатқанда, құлап, бір жерін жарақаттап алмас үшін қатты мықтап ұстау керек.
4. Бала өз міндеттерін бұлжытпай орындаса, ол тура жолда жүр, осының арқасында бақытты болады.
5. Баланың спортпен айналысқаны өте жақсы. Бірақ күреспен айналыспағаны абзал, өйткені дене зақымымен қоса психикасына да зиянын тигізеді.
6. Тəрбиелеу – бұл ауыр жұмыс.
7. Баланың ата – анадан ешқандай құпиясы болмауы тиіс.
8. Егер анасы балаларының алдында міндеттерін орындауға шамасы жетпей жатырса, онда əкесі отбасын қамтамасыз ету міндетін толық орындамайды.
9. Ананың махаббаты шексіз, онымен бала жаман болмайды.
10. Ата-ана баласын өмірдің ащы жақтарынан əрдайым қорғау керек.
11. Баланың жұмысқа деген ынтасын жоғалтып алмас үшін, күнделікті үй жұмысына араластырудың қажеті жоқ.
12. Егер ана үйді, жарын жəне балаларын басқармаса, онда бəрі ұйымшыл болмас еді.
13. Отбасы мəзіріндегі ең пайдалы мен тəттінің бəрі бірінші кезекте балаға берілу керек.
14. Инфекциялық аурудан ең жақсы қорғаныс - қоршаған орта адамдарымен қарым-қатынасын шектеу.
15. Бала өзіне дос таңдауына ата-ана белсенді араласу керек.
Нəтижесі:
Егер сіз 40 баллдан жоғары жинасаңыз, Сіздің отбасыңызды балаға – шектен тыс қамқорлық көрсетуші деп атауға болады. Сіздің өміріңізде бірінші орында баланың тілектері мен қалауы тұрады. Бұл позицияңыз сенім тудырады. Дегенмен психологтар мұны шамадан тыс қорғау дейді. Мұндай отбасында баланың жұмысын үлкендер орындап жатады, болар болмас қауіптерден арашалағысы келеді, баласын өздерінің көңіл күйлеріне, талаптары мен пікірлеріне қарай жүргенін қалайды. Нəтижесінде балада ата-анаға пассивті тəуелділік пайда болады, нəтижесінде бала есейген сайын өзіндік тұлғалық дамуына кедергі келтіреді. Сіз өзіңіздің балаңызға сенуді үйреніңіз, баланың жеке қызығушылықтарына көңіліңізді аударыңыз, «Баланы тəрбиелеу – бізсіз жеке өмірге дайындау» деп бекер айтылмаған.
25–40 балл, Сіздің балаңыз тəртіпсіз жəне ерке емес, өйткені сіз балаңызға жеткілікті шамада көңіл бөлесіз. Қарым-қатынасыңызды осы қалыпты деңгейде ұстаңыз.
25 баллдан төмен болса, онда сіз өзіңізді ата-ана ретінде бағаламайсыз, қолайлы жағдайдың ағымына арқа сүйейсіз. Іскерлік жəне жұбайлық арақатынастардағы мəселелер сiздiң ықыласыңызды баладан жиi бөледі. Ол сізден қамқорлықты күтеді
Тест қорытындысы ата-анаға таныстырылады.
ІІ. «Отбасындағы бала тәрбиесі» шағын дәріс. Ата-анамен әңгімелесу.
(10 минут)
Балаларды сəтті тəрбиелеудің кілті күрделі теорияларда, отбасылық ережелерде немесе мінез-құлықтың шатастыратын формулаларында емес, эмпатия мен түсіну арқылы көрінетін балаға деген сүйіспеншіліктің терең сезімін іздеу керек. Жақсы тəрбие біздің жүрегімізден бастау алады жəне біздің балаларымыздың жағымсыз эмоцияларды бастан кешіретін сəттерде жалғасады, мысалы, ренжу, ашулану, қорқыныш.
Баланың эмоционалды тəрбиесімен айналысқан ата-ана жоғары деңгейге жетеді. Əрине, балалар ашулану, қайғыру, ренжу секілді сезімдерді бастан өткереді, бірақ тез тынышталады, қайта қалпына келеді, жұмысын нəтижелі жалғастырады. Басқаша айтқанда, мұндай балаларда эмоционалды интеллект жоғары болады. Эмоционалды интеллектісі дамымаған, эмоционалды қолдау көрмеген балалар қандай кедергілерге ұшырайды? Ең бірінші себеп, баланың тəрбиешісі баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен əсер етеді. Бұл тұста тəрбиеші деп жалпы бала тəрбиесіне ат салысатын барлық тұлғаларды жатқызамыз. Алайда, балаға ең жақыны, көбірек əсер беруші – ата-ана. Ата-аналардың төрт түрі кездеседі: қабылдамаушы ата-аналар, сын тағушы ата-аналар, немқұрайлы қараушы ата-аналар, эмоционалды тəрбиелеуші.
Берілген əрбір ата-ананың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік:
-
Қабылдамаушы, қабылдағысы келмейтін ата-аналар – баланың сезімін маңызды емес деп санаушылар. Баланың сезімін елемейді, қызықпайды. Балалардың сезімдерін иррационалды деп санағандықтан, баланың ойымен санаспайды.
-
Сын тағушы, айыптаушы ата-аналар – сөгіс жасайды, қатаңдық танытады, баланың өзін қалай ұстайтынына қарамастан, эмоцияны білдіргені үшін жазалайды.
-
Немқұрайлы қарайтын ата-аналар – өзін қалай ұстау керектігі туралы аз айтады, балаға эмоцияларымен күресуге көмектеспейді. Балаларға мəселелерді шешу жолдарын үйретпейді.
-
Эмоционалды тəрбиеші – баланың жағымсыз эмоцияларын жақындасу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Ол өзін ашулы, қайғылы, ренжулі баланың жанында өзін қалыпты ұстайды. Эмоциялар оны ашуландырмайды.
Қорыта келе, ата-аналар жағымды тәлім-тәрбие берген кезде балалардың денсаулығы жақсы және үлгерімі жоғары болады. Олар достарымен жақсы қарым-қатынаста, мінез-құлықта проблемалар аз, зорлық-зомбылыққа бейім емес болып өседі. Әрине, баланы жан-жақты тәрбиелеу де шыдамдылықты қажет етеді. Шын мәнінде, бұл кез-келген жаттықтырушының жұмысынан еш айырмашылығы жоқ. Егер сіз балаңыздың сезімін, күйзелісін және салауатты қарым-қатынасты дамытуын қаласаңыз, сіз онымен ортақ тіл тауып, оны бағыттауыңыз керек.
ІІІ. «Эмоция арқылы мақалды тап» ойыны. (10 минут)

Білекті бірді, білімді
мыңды жығады.
Көз қорқақ, қол
батыр.
100 теңгең болғанша, 100
досың болсын. т.б
ІҮ. Сюжеттік-рольдік ойын (10 минут)
Нұсқау: Берілген аннимациялық фильмге дубляж жасау
Көрнекілік ретінде кез-келген аннимациялық немесе көркем фильмдердің қажетті эпизодтарынан (1-2 минуттық) қиып алып, дыбысын басып, қатысушыларды сөйлету.
Ү. Рефлексия. (5 минут)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасында эмоционалды интеллектіні қалыптастыру жолдары

шағым қалдыра аласыз