«Отбасындағы бала тәрбиесінің рөлі»
Отбасының іргетасы
ер азамат пен әйел адамның
ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.
А.Шопенгауэр
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Бала өмірдің шырағы, жаныңның рахаты емес пе? Біреулер бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреулер даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрін түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Сол себептен, адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, бақыттың кілті- отбасыңда және саналы ұрпағыңда, өміріңнің жалғасында.
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген баланың тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп қана қоймай, өмір бойы рухани жағынан да жетілдіріп отыратын, оның тұлға болып қалыптасуына негізгі ошақ бола алатын орта. Баланың тәрбиесі ертеңгі ата-ананың көретін өмірі деп айтуға болады. Өйткені, қазір балаңызға нені үйретсеңіз ертең сізге соны береді, айтады, түсіндіреді.
Отбасындағы бала тәрбиесі
қоғамдағы түрлі өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы
тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішілік және
отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс
қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік
қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің
барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін
түсінеді. А. С Макаренко «Ата - аналарға арналған кітабында» «Бала
тәрбиесінде сіздің іс қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз
тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп
ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Тәрбие сіздің
қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осы іс
әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекілік
көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман
тәрбие бересіз», - дейді. Баланы тәрбиелеу үшін оған «үйтпе,
бүйтпе» деп тыйым сала берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Сіз сол
тыйым салған әрекетті өзіңіз жасамасаңыз, балаңыз ешқашан дұрыс
емес істерді істемейді. Сондықтан баланы тәрбиелеудің ең басты жолы
өзіңді үлгі етіп көрсету деп ойлаймын. Жақсы перзент ата - ана
қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігіне
тәрбиелеген абзал. Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие
көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере
алады.
Абай атамыздың жетінші қара
сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
Біріншісі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары,
бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді,
қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып,одан
ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу
жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге
үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің
бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, білсем
екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр.
Яғни, балаға туғаннан тән азығы — тамақ қандай қажет болса,жан
азығы — жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Отбасындағы
махаббат балаға терең тәрбие мен саналылық берері сөзсіз. Мейірімге
қаныққан баланың жүрегінде жылылық пен мейірім, махаббат үнемі
көрініп тұрады. Сол сезімдер арқылы ортаға, өмірге жақсы көзқараста
болады.
Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты әңгімелер айтып беру сияқты істермен қоса оларды бір мезгіл үй шаруасымен айналыстырып отырса, бала үшін оның маңызы зор. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата - анасын қуантып отырады.
Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата - ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т.б» деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата – ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата – ананың бір – біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған – туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ.
Баланы адамгершілікке,
қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке
ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге
болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман,
қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән
беріп келген. Бүгінгі күні біз – әлем халқы, бір кісідей жаңа
дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің:
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл
саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»- деген
сөзі бар. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана
шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін
оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы
жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін,
ата-аналар да, мектеп ұстаздары да, қоршаған орда да бірдей
атсалысуы керек. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы
қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны
болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі
тәрбиесінде. Отбасындағы бала тәрбиесінің негізгі көзі ата-анадан
берілетін бастау деп ой қорытуымызға болады. Сондықтан баланың
кемелденіп, аяғын нық басып, сенімділікпен алға қараса, ата-ананың,
отбасының жемісі мен еңбегі.
ОҚО, Мақтарал ауданы
«Қызылқұм» ЖОМ
педагог-психологы
Урбасова Кенжекүл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз