Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №46 Мерзiмі: № 10
Тақырып: Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті
Құндылық: Дұрыс әрекет құндылығы
Қасиеттер: Әдептілік, сыпайылық, сыйластық
Мұғалiм: Бегалықызы Б.
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: оқушыларды қарым – қатынас мәдениеті туралы білім бере отырып, әдептілік қасиетіне түсінік беру; Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым – қатынасқа үйрету арқылы сыпайылық қасиетіне үйрету; Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, |
|
Сабақ барысы:
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық ережесімен таныстыру.
Орманға ойша серуен. Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
«Мейірім» әңгімесін оқып, түсініп келу. «Менің отбасым» фотоколлаж жасау |
Ескертулер: |
«Ата – ана – бас ұстаз» - деген халық даналығы бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйсіне отырып, өзі қорытынды жасайды. |
|
"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады. Мәлімет оқулықта берілген. «Сыйласым» (Ә.Табылды) Ғалымбек көрермендермен амандасады. Күлдірген қуанып, алақайлап келеді. Ғалымбек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күлдірген: Алақай, алақай! Алақай, алақай! Ғалымбек: Ау, Күлдірген! Ия, қуанышың құтты болсын! Бұл ненің қуанышы? Күлдірген: Әділеттің сіңілісі Маржан бүгін мектептен «бес» деген баға әкелді. «бес!». Ғалымбек: Күлдірген, сен қуана біледі екенсің, мұның жақсы. Бірақ Маржанның Әділетке кім екенін білмей тұрсың. Күлдірген: Ағай, ол Әділеттің сүйікті сіңілісі. Ғалымбек: Қыз бала ағасына «сіңілі» болмайды, қарындас болады. Күлдірген: Ал өзінен үлкен қыз балаға Маржан кім болады? Ғалымбек: Қыз бала өзінен үлкен қыз балаға сіңілі болады. Күлдірген: Ағай оны енді білемін. Ғалымбек: «Енді білемін» деп тоқмейілсу дұрыс емес, туыстық, жақындықты біліп қана қоймай, дәстүр бойынша оларды қалай сыйлауды да біліп, әдептілікті үйрену қажет, мысалы, сен атадан бастап отбасы мүшелерінің туыс, жақындықтарын айтшы. Күлдірген: Ата дегеніміз ол ата, оның баласы оған бала... ия, одан кейін баланың баласы, баланың баласы... Ғалымбек: Міне, сен отбасы мүшелерінің туыстық, жақындық атауларын да білмей тұрсың. Бұл ұят. Күлдірген: Ағай, атаның баласын баласының баласы демегенде, енді басқаша не дейміз? Ғалымбек: Атаға жақындық реті былай болады: ата, оның баласы, содан соң немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат, туыс... Күлдірген: Ағай – ау... Мұның бәрін кім жаттап жүреді? Ғалымбек: Туыс, жақындық атаулары жаттап алатын тақпақ емес, оны білу, сезіну қажет. Ағаны інісі мен қарындасы, апаны, яғни әпкені інісі мен сіңілісі құрметтеп, сыйлай білу керек. Өзінен үлкеннің тілін алу, оны сыйлау, құрметтеу – халықта қалыптасқан әдеп, дәстүр. Күлдірген: Сонда ең кішісі басқа үлкендердің алдында құрдай жорғалап жүруі керекпе, ағай? Ғалымбек: Сыйлау деген – «құрдай жорғалау» емес. Ол әдеп пен ізеттілік көрсету. Үлкен кішіге қамқорлық көрсетсе, кіші үлкенге құрмет көрсетеді. Сөйтіп, әдептілік адамдар арасындағы ризашылықты, сыйласымды туғызады. Күлдірген: Ағай, былайша да «адам – адамға дос, бауыр, туыс» емес пе? Әә? Ғалымбек: Күлдірген, сен – ақылдысың. Айтқан сөзің дұрыс. Адам жалпы бірін – бірі сыйлап, жақындық, жақсылық көрсетуі керек. Ал бір отбасындағы адамдар бір – біріне бәрінен де жақын. Күлдірген: Білсең, отбасындағы әрбір адамның әдептік міндеті бар. Бала әкенің айтқан ақылын орындап, оған ең жақын кеңесші, дос, жанашыр болуға тиіс, аға мен әпке өздерінен кішілерге қамқорлық жасап, оларға әдеп көрсетіп, оларды тәрбиелеуге міндетті. Әке – шешенің алдында дөрекі сөйлеп, дауыс көтеруге болмайды. Өзіңнен кішіге үлгі – өнеге көрсете білмесең, жақсы адам бола алмағаның. Күлдірген: Мұның бәрін (көрермендерді көрсетіп) мынау балдырғандар білеме ағай? Ғалымбек: Ата – ананың тәрбиесін жақсы қабылдаған бала бәрін де білуге міндетті. Күлдірген: Әсіресе, сыйласымды атадан бастау керек. Солай ғой, аға, ә? Ғалымбек: Әрине, сыйласым атадан басталады. Саған «Ата» деген тақпақты орындап берейін, қане тыңда, жаттап ал: Атам әкем немере Ата оны сүйеді Оннан астам шөбере Атама бас иеді Атам бізге елжіреп Алып күнше қарайды «Алтындарым келді» - деп Ақ сақалын тарайды Атам көріп ізгілік Кәрілікке көнбейді Күтсек, парқын біз біліп «Мың жасаймын мен» дейді Күлдірген: мен бұл тақпақты жаттап аламын да, өсиетті орындаймын, ағай. Бастаушы: Бұл жақсы. (көрермендерге) Әдептілікті осылай үйрену керек, достар! Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту» «Ынтымақты отбасы» ертегісі бейнеролик Оқушылар өз ойымен бөліседі. |
|
3 – тапсырма: Ата – ана алдындағы баланың паразын жалғастырып жазу: Ата – ананы құрметтеу Ата – анаңды сыйлау Ата – анаңа қамқор болу .......... 4 – тапсырма: Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады. Әрине, мұнда мұғалімнің көмегі қажет болады. Мұғалім өлең құрастыруға өзі де қатысып, құрастырған өлеңінің нұсқасын балаларға оқып бергені жөн. «Отбасы» тақырыбына «Бес жол өлең» құрастырып жазады. 5 – тапсырма: Оқушылар ата – аналарына арнап ашық хатқа алғыс жазады. Ашық хатты безендіреді. Жаңаны білеміз Бәрі де отбасынан бастау алады. Отбасы – алтын ұя. Отбасы – сүйіспеншілік ортасы. Адам баласы отбасында дүниеге келеді, осында тәрбие алады. Өмірге қанат қағады. Адам отбасымен бақытты, себебі отбасында аялы алақанды сезінеді, жылы, ұлағатты сөз естейді. Мейірімге бөленіп, қамқорлық көреді. «Отбасы – татулық мекені» деп айтады. Өзара түсіністік пен келісім, қамқорлық пен сыйластық отбасын бақытқа бөлейді. |
|
«Жан ана» Күттіңбе гүл қызыңды Алыстан нұр жүзіңді Танимын жаулығыңнан желбіреген Құлыным сағындым деп Жүрсіңау жаным жүдеп Айналдым жүрегіңнен елжіреген Бойдағы барын берген Ақ сүтін нәрін берген Бақыттың бәрін берген Аяулы ана Үлгі ғой адалдығың Қуансын анам бүгін Қымбатқой амандығың Аяулы ана |
|
«Менің отбасым» эссе жазу |
|
Балалар, енді бір сәт тынышталайық. Денелерімізді түзу ұстап, басымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, айналадағы барлық тіршілік иесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеміз. Тұла бойымыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып сақтаңдар. Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рақмет айтамын! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді күні бойы өз бойларыңызда сақтаңыздар! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті

шағым қалдыра аласыз