Материалдар / Отбасындағы сыйластық тәрбие сағаты. ҚМЖ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Отбасындағы сыйластық тәрбие сағаты. ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы сыйластық тәрбие сағаты. ҚМЖ
Авторы:
21 Қаңтар 2025
111
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Отбасындағы сыйластық

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Өмір қауіпсіздігінің мақсаты

Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау,мектепте жүру ережелерін, сақтық шараларын түсіндіру,жалпы мектепте және мектептен тыс жерде өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы мәлімет беру.

Сабақтың мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату

Апта дәйек сөзі

«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

-Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрып, сабағымызды мына өлең жолдарымен бастасақ.







-Ал, балалар, сабағымызға сәттілік тілеймін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Қайырлы күн деп айтамыз,

Мектептен білімді боп қайтамыз.

Қайырлы күн, қонақтар,

Біз әдепті баламыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




2.-Сендер топқа бөліндіңдер. Топта жұмыс істеудің «Алтын ережесін» еске түсірейік. Топтарыңның аты «Айым», «Күнім», «Жаным» деп неліктен аталған деп ойлайсыңдар? Бұл сөздерді кімдер айтады?

- Ендеше бүгінгі сабағымызда отбасы туралы сөз қозғаймыз.




Сабақтың ортасы

26 мин.

ІІ. «Топтастыру» стратегиясы.

І топ. Айым. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ топ. Күнім. Отбасына қатысты туыстық атауларды жаз.

ІІІ топ. Жаным. Отбасындағы жарасым бірін-бірі сыйлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты екен. Онда осы жарасымды күшейтетін «Отбасы ережесін» құрыңдар.


«Айым болып тудың ба?» әні орындалып тұрады. Топ жұмысын қорғайды.



Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз.

ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен Томириске тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.)



IV. Мақал – мәтелдің жалғасын тап.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген.

Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар


Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

Ұлың – қымбат,

Немерең – ыстық.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер

Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Балалы үйдің еңсесі биік.

Ұлы бар үйде қуат бар,

Қызы бар үйде шуақ бар.




V.Поэзия минуты.

Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел –отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті.

Балалардың отбасы туралы жыр шумақтарын оқуы.

-Қандай жыр жолдарын арнағыларың келеді? «Ана» өлеңі

Ана – аяулы жан. Ана – сабырлылығымен, кешірімділігімен, сыпайылығымен үй ішіне береке әкеліп, шаңырақ бақытын орнататын адам.

«Әке» өлеңі

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

«Әке – асқар тау» деген сөз тектен-текке айтылмаған. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы


VI. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасымның тарихы» тақырыбындағы шығармаларын оқу.

-Балалар, мен сендерге үйге тапсырма берген болатынмын. Шығарма жазып келдіңдер. Солардан оқып берсем.

VII. Ойын: «Біз екеуміз бірге…»

Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.



Өмір қауіпсіздігі

10 мин

Аяқталмаған сөйлем

  • Бала үшін қауіпсіз мектеп қандай болу керек?

  • Қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіз?

  • Қауіпсіз орта қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың байланысы қандай болмақ?

  • Егер сізге билік берілсе мектептегі қауіпсіздік шараларын қалай ұйымдастырар едіңіз?

Бейне ролик: « Қауіпсіздік ережелері»

https://youtu.be/oCPp_7Rbrao?si=FWQuZR07RjNbAAub

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді.


Рисунок 23




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі