Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
Аңдатпа: Мақалада отбасының бала тәрбиесінде алатын орны, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттердің дұрыс қалыптасуына негіз болатын бағыттары қарастырылады.
Кілт сөздер: Ізгілік, махаббат, мейірім, адамгершілік, қиянат, дұрыс әрекет, тыныштық, қайғыру т.б.
Роль семьи воспитаний ребенка
Аннотация: В статье рассмотривается роль семьи в воспитании будущей личности, где прививается любовь и сострадание и правильные осознанные и подсознательные действия является основой в формировании личности.
Ключевые слова: Доброжелательность, любовь, добро, человечность, зло, правильные действие, спокойствие, страдание, т.д.
The role of family upbringing of the child
Summary: The article discusses the role of the family in the education of future identity, instilled the love and compassion and the right conscious and subconscious action is the basis for the formation of personality.
Keywords: Kindness, love, goodness, humanity, evil, right action, peace, suffering etc
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерий қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Қарым-қатынас адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған [5,64-65].
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады [6,17]. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды [3,65].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» [1,63]. «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызды онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық.
С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев, ал әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы, отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы, С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б. [8,5]
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.Жұмыста экспериментік топтың сыналушылары «полигон балалары» деп аталатын әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни «радиациялық былғанған» аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жеткіншектердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы зерттеу және агрессиялықты азайту үшін психокорекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті [10,3].
Шалғынбаев Т.М. «мінез –құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты жұмысында» мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісі аралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерделеу, сондай-ақ психологиянық көмек көрсету мазмұнын жасау болып табылды.Зерттелу барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
Шужеваева А.И. пікірінше «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық, шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мейірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды келісімге келуге іскерлік, жағымды әрі түсіне алатын бола білуге, құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін іскерліктерге арнайы оқыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдаймен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезекпен қалыптаспайды [21,10].
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. [23,17]
Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады. Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды.
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын,иағлұмат байлығы (информационное богатство)болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады [25,9].
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады.
Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғысының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.
Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жаңа отбасы психотерапиясының негізігі қадамдары келесідей:
-
психотерапевті отбасымен бітіру;
-
психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
-
отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
-
психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Бағдарламалық отбасылық психотерапия.
Бұл отбасылық психотерапияның әдісі “мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды.
Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын “Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді. Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді.
Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де “жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды “ деп айта кетеді.
Адам өз жанұясының бір бөлігі болып табылады, ол онда туды, соның ішінде дамыды, адамдар мен әлемді өзінің жанұялық тәжірибесін негізге ала отырып талқылайды. Біреулер үшін бұл басты құраушы ұқсастық. Үстелге берілетін тағам, өмірлік жағдайлар мен мейрамдарды қалай атап өту керек; жанұяныың құндылығы қандай, балаларды күту, оларды руханиялыққа, жауапкершілікке, билікке, тәуелсіздікке, уақытқа қарым-қатынасы қандай. Осының бәрі олардың жанұялық мұрагерлігі мен мәдениетін көрсетеді. Эмоционалдық жүйемен бағалап отыру арқылы жанұя балада әлеуметтік әлемдік бейнені құрады.
Г.М.Андреевтің көптеген зерттеулеріне жүгінсек “әлеуметтік ақпараттық барлық жұмыстың тәсілдері” қалай десек те балалық шақ та жанұялық шақта құрылады: белгісі тек ------- схема әсіресе скрипта немесе тұлғаның имплицитті теориясы өте ертедегі өмірлік тәжірибеден өседі. Әлемді тану әлеуметтік танудың жемісі ғана емес, оның шығушы бөлігі: жанұяда баладағы тану мен мінез –құлық схемасы әлемдегі бейнеде бар белгілі бір нәрседен берліген. Бірақта, Д.Фрименмен келісетін болсақ, некелік жанұя құру әлеуметтену процесінің алғашқы сатысы болып табылады. Нәтижесінде жұбайлардың құндылықтарымен қатынастарының белгілі бір жүйеде өңделу болып табылады. Бұл процесс мінез-құлықта реттеліп отыратын үміт пен мақсатта қалыптасу мен көзге көрінеді. өзінің жиынтығында олар жанұялық нормалар деп аталып, жанұя мүшесінің әрқайсысының мінез-құлқына және жанұялық жүйеге өз ықпалын тигізеді. Бұл өз кезегінде жанұя мәдениетінің сипатын және әлеуметтік бақылау қызметін орындауда жанұя мүшелері қандай мінез-құлықты дұрыс, ненің бұрыс деп айтатынын анықтайды.
Жанұя феномені сияқты күрделі әлеуметтік мәдениетті зерттеуде әртүрлі ғылыми тәсілдер бар: функционалды, империкалық, саментистикалық. Жанұядағы өзара қарым-қатынасты түсіну мен зерттеу өз кезегінде жанұяға психологиялық көмек көрсетудің тәсілін ұсынады. Олардың ішінде: құрылымдық, коммуникативті, психоаналитикалық, гуманистік бағыт, биолого- психологиялық. Біз бәрінен бұрын жанұяның тұтасорганизм ретінде қарастырған жүйе ретінде қарастырғымыз келеді. Жанұяның жүйелілік түрде қарастыруды М.Боэн ұсынды, ол адам мінез-құлқының табиғи-ғылыми теориясын дамытты. Оның көзқарастары Беарталансидың ұсынылған жалпы теориялық жүйемен негізделді. А.В. Черниковтың айтуынша тура осы теория психотерапевтік практикада өзіндік терапевтік бағытта жанұяның терапияның жақсылап дамуына көп еңбегін тигізді.
Имплицитті теория: Тұлғаның имплицитті теориясын 1954 жылы Дж. Брунер мен Р. Тагиури ұсынды, Аистың болжауынша адамда мінез-құлықтың әртүрлі стпаты бар. Одан әрі бұл түсінік кеңейіп дәстүрлі және альтернативті деген екі тәсілге ие болды.
Дәстүрлі-тәсіл тұлғадағы имплицитті теорияны барлық адамда бар, яғни, басқа адамның психологиялық ұйымдастыруын бақылау (белгісіз бақылаушы ретінде жүру).
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Абдракова А.Б. Роль общения в воспитании трудных подростков. Автореф.дис. канд. Алматы, 2004.
-
Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии Автореф.дис. канд. Алматы, 2003.
-
Шужебаева А.И Психологияеские-педагогические исследования трудностей в общении детей в условиях семейного воспитания Автореф. канд. дис. Алматы, 2004
-
Шарафадин А.А Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын артырудың педагогикалық шарттары Автореф.дис. ...канд. психол. Наук. А, 2004.
-
Малкина- Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006
-
Василюк Ф.Е.. Психология переживания.-М.:МГУ,1984.-200с.