Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасының жылуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Өзін өзі тану
Сынып : 8а Мерзімі: 11.02.2015
Сабақтың тақырыбы: Өнеге отбасынан
Мақсаты:
- отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру
- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасында жарамды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу
- халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Шаттық шеңбері:
Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі кездесуімізге, « Біздің үйге » қош келдіңіздер! Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр. Бүгін біз «Өнегелі отбасы » тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.Олай болса сендер де бір сынып бір отбасы іспеттессіңдер.Осы ошақтан тараған шамшырақ әрқайсысымызға жылы тілек болып таралсын! ( деп мұғалім жағылған шырақты жанындағы балаға береді ол арман қарай жалғастырып келесі балаға өз тілегін ( шарты 3 сөзден аспауы керек) айтады)
Ендеше барлығымыз бірігіп « Қазақы дастархан » әнін орындайық.
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме ?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей менің асқар тауым!
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ берекем,
Аққайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келің балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы:
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы:
Әңгімелесу
-
Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?
-
Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?
Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар халық даналығын дәріптейтін кітаптар,альбомдар, энциклопедиялар, сөздіктер, фотосуреттерді қарап шығады. Оқушылар сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салған соң, мұғалім оқушылардың айтқандарын қорытындылайды.
Оқу ақпараты
Отбасындағы қзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс.Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш түсіністік орнайды.
Мәтінмен жұмыс
Ақылды егінші
Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді.Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып,онымен сөйлесуге ықыласы ауады.
Бірнеше сауалдан кейін патша егістігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді.
Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:
- Бұл қанағатшыл адамға тіпті көп те болады.Мен ақшамды үшке бөлемін.бір бөлігімен өмір сүремін.Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді.
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.Ақкөңіл диқан күлімсіреп:
- Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін.Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін.Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін қаржыны өз мойнына алады.
Балалары да ер жеткен соң ата- анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті.
-
Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде?
-
Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?
Дәйексөз
« Үлкен алдында жас қарызы ,
ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый »
Мұхтар Әуезов
-
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
-
Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер,
ата, әжелеріңнен ұрпақтартарына қалдырған өсиеттері туралы шағын әңгіме жазыңдар.( баяу музыка қойылады) ( 3 минут уақыт беріледі)
Уақыт аяқталған соң балалар өз жазғандарын оқиды.
( Қонаққа келген ұстаздарға да зерікпеу үшін арнайы сұрақ тар беріледі.)
Әңгімелесу
-
Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
-
Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады?
-
Отбастарыңда қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?
Оқу ақпараты
« Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай ел.Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт –дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым –тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отансүйгіштік, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы қасиеттер арқылы дарыған.
Әр халықтың өзінше дәстүрі бар.Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады.Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.
Қазақ дәстүрі ата-ананы,үлкенді сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру,жол беру,алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу,төрге шығару,жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. »
Сахналау
Ата болып ақыл айтып көріңдер,
Әже болып ертегі айтып беріңдер.
Әке болып еркелетіп көріңдер,
Ана болып мейрімділік төгіңдер.
Аға болып үлгі көрсет кішіге,
Іні болып көмектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп бауырыңда саяла.
Түйіндеме
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.
Мәтінмен жұмыс
Аңыз әңгіме
Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі боздай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып,киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартұан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарханнан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дасарханнан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.
-
Шығар киікті!-деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. –Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?
Сонда қария:
-
Сөзің орыңды, хан ием.Киік сенің олжаң екені де рас.Бұл сорлы жан қысылған сәтте менің төріме шығып кетті.Ортада дастархан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарханды аттап өте алмайсың.Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастархан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің.Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды,- депті.Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.
-
Дәстүрді сыйлау, ата салтын сақтаудың қандай маңызы бар?
-
Өздерің ата салтын қалай сақтап жүрсіңдер?
Постер қорғау
Балалар 2 топқа бөлініп « Шаңырақ », « Дастархан » тақырыбында постер қорғайды.
Дастарқан
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі.Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын мейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады.Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды.Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды.Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастархан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал жайын , бағыт бағдарын, шаруа жайын ұғады.Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да « Қырықтың бірі-Қыдыр » деп,құт санайды.
Халықтың осынау кеңпейілдігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы жалғасы болып қалыптасқан.
Тыныштық сәті
Мұғалімнің сөзі:
-
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар . Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шиаплы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
-
Оқушылар өз қалпына түскен соң, мұғалім сабақты жалғастырады
Сыңарын тап ойыны
1-топқа
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
2-топқа
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
Тыйым сөздер
Әр топ 5-5 тыйым сөзден жазу
Сұрақ жауап
« Ою ойғанның ойы ұшқыр » демекші балалар сұраққа жауап бере отырып ою ою керек
-
Жеті атаңды ата
-
Ұлттық ойындарды атаңыз?
-
«Елім-ай» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (бір шумағын айтып беріңіз)
1. Төрт түліктің пірлерін ата?
2. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
3. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-
Осы –ақ па?
-
Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.
Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызсыңдар. Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады.
Жүректен жүрекке
Балалар шаңырыққа уықты байлап, бір-біріне 3 сөзден тқратын тілек айтады: Мысалы: инабатты қыз болайық ,ибалы ұл болайық , еліміздің іргесі бүтін болсын тсс.
Сабақ соңында балалар «Ауылым » әнін орындайды.
Ауылым
Сөзі: Ж.Бейсеновтікі
Әні: Т.Базарбаевтікі
Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары
Самғаушы еді ауылым.
Жастығымның куәсі,
Шұрқыраған ауылым
Жусаны мен жуасы ,
Бұрқыраған ауылым.
Биік-биік шың құзға,
Құмар қылған ауылым.
Бүлдіршіндей бір қызға,
Сыңар қылған ауылым.
Әнмен таңды атырып,
Ән салдырған ауылым.
Сары қымыз сапырып,
Тамсандырған ауылым.
Ауылым Сөзі: Ж.Бейсеновтікі Әні: Т.Базарбаевтікі Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым. Шабытымның асқары Самғаушы еді ауылым. Жастығымның куәсі, Шұрқыраған ауылым Жусаны мен жуасы , Бұрқыраған ауылым. Биік-биік шың құзға, Құмар қылған ауылым. Бүлдіршіндей бір қызға, Сыңар қылған ауылым. Әнмен таңды атырып, Ән салдырған ауылым. Сары қымыз сапырып, Тамсандырған ауылым. |

« Қазақы дастархан » 1.Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. 2. Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
« Қазақы дастархан » Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. 2.Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
« Қазақы дастархан » Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. 2. Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
« Қазақы дастархан » Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
« Қазақы дастархан » Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
« Қазақы дастархан » Бүгінгі ел ішінде Дәстүрді жалғастырған Татулық белгісі ме ? Жағалай малдас құрған. Қайырмасы: Ей менің асқар тауым! Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ берекем, Аққайнар бастауларым. 2. Анаға ақ пейілді Иілсе келің балаң. Ықылас, ізет еткен Сыйластық елін табам. Қайырмасы: Дәм татар талай ғасыр, Ұрпақтар абай болсын. Кірлетпей таза ұстасын, Халықтың шар айнасын! Қайырмасы:
|
Дастарқан
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үйдің ниетін көрсететін берекесі.Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын мейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады.Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды.Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды.Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастархан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал жайын , бағыт бағдарын, шаруа жайын ұғады.Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да « Қырықтың бірі-Қыдыр » деп,құт санайды.
Халықтың осынау кеңпейілдігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы жалғасы болып қалыптасқан.
Жаттығу
Жанұя бақыты моделін құру .Топтық жұмыс. Яғни оқушылар өз топтарымен бірге бірлесе отырып отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы бақыты сөздері арқылы жеткізуі керек.