Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
Анотация
I.Кіріспе................................................................................................................3-4
II.Негізгі бөлім
2.1 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірбаяны............................................... 5-9
2.2 Қазақтан шыққан шипагер ғұлама, ғалым.................................................9-21
2.3 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы................21-28
2.4 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі даналық сөздер................................................................................................................ 28-33
Қорытынды ....................................................................................................34-35
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................36-37
Қосымшалар ..................................................................................................38-45
Кіріспе
Жобаның өзектілігі. Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегін зерттеуде Қазақстан мен Қытай еліндегі қандас ғалымдардың қөп салалы ғылымдар бойынша ғалымдары жеке ғылыми тұжырымдамаларын жазып, әділ болжамдарын беруде. «Шипагерлік баянның» тұңғыш араб әрпінде шыққан баспалық нұсқасына сарапшылық пікірін білдірген, кітаптің жауапты редакторы Шыңжаңдық Қаби Ыбырайұлы Қуаныш: «Шипагерлік баян» – шипагерлік тілсімін таза, анық, дәмді нағыз тілмен шеше білген, ұстана білгенге қолға түспес халықтық мұра. «Шипагерлік баян» бізге ұмытылған, аламышталған тіл, араластырылған әдеп-ғұрып, жоғалған салт-сана дәстүрлерді бір емес, мың жерде бадырайтып отырып көрсететін «Шарайна». «Шипагерлік баян» – дүниенің қызығын мүлде ұмытқан, сынақ атаулыны әуелі өз басына жасап, талай жол уланған, өлмегеннен басқаның бәрін көрген, ат басындай алтын, ада көз қырын салмаған, жарқұлағын жастыққа тигізбей жаһан кезген, елден қөрген білгенін саралап түйіндеген, қайраты қайтпас, жігері мұқалмас, ақылы телегей теңіз, ойы толғамы әрі тиянақты, Бойдекеңнің ел жұртының, болашақ ұрпағының мәңгілік кемістік, мүсәпірлік, ғарыптық көрмеуі, азап тартпауы үшін артына қалдырған, растығына шүба келтірмес ғылыми өресі кең, төл тәжірибелерінің туындысы» - деген, шын ықыласты талғамдық пікірі ғұлама еңбегінің қазақтың философиялық шипагерлік ілімінің ұзақ тарихының куәсі әрі айнасы екенін дәлелдейді.
Жобаның негізгі мақсаты:
Ғұлама, ғалым, шығыс халқын мойындатқан қараүзген шипагер. Қазақтан шыққан тұңғыш шипагер жайлы оның танылмаған сырлары жайлы таныстыру.
Жобаның міндеттері:
- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірбаяны;
- Қазақтан шыққан шипагер ғұлама, ғалым;
- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы;
- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегіндегі даналық сөздер;
Мәселе: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының танылмаған қырларын зерттеу.
Зерттелетін обьектісі: Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірін сан қырлы дәрігерлік шеберлігін зерттеу
Зертеудің әдіс-тәсілдері.
Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, жүйелеу сияқты түрлері қолданылды.
-
Материалдар жинақтау
-
Өтейбойдақ жайлы,адамдардан сұхбат алу
-
Ақпарат көздерінен мәлімет алу.
-
Қортынды жасау.
Зерттеудегі ұстанымым:
Тақырыпты зерттеп Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының туралы оның шығармашылығының, өмірінің мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.
2.1 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірбаяны
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы. Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен. Адам ағзаларында кездесетін кейбір кеселдерді емдеу үшін төрт түлік малға тәжірибе жасап, шипа дарыту амалдарын тапқан. Соның нәтижесінде жазған «Шипагерлік баян» атты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінгі күнге жетіпті деген дерек бар. Бірақ Өтейбойдақтың төл еңбегі екенін дәлелдейтін факсимиляциясы (авторлық қолтаңба нұсқасы) сақталмаған. Кітап тұңғыш рет 1994 жылы Үрімші қаласындағы (ҚХР) «Шыңжаң ғылым-техника» баспасынан жарық көрді. 1996 жылы оны жалын баспасы шығарды. 2002 жылы емшіге Шалкөдеде ескерткіш белгі орнатылған.
Өтейбойдақ өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. Автор «Шипагерлік баян» кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағандығы туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап, дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тіеуқабылұлы Өтейбойдақты 1366 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады.
Өтейбойдақ «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілейқабылдың ұлымын. Ата тегім Ұлы жүз Зарман, Зарманішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым – иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын».
Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғұмырын арнап, халық медийинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол Әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас құрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрк етіп, бүткіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарып еткен.
«Шипагерлік баян» бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі Қытайдағы атышулы «мәдени төңкеріс» кезінде «хуң-уейбиндер» тарапынан өртелген.
Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғұлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ «Шипагерлік баян» кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, метал-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бұл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ «Шипагерлік баян» ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі.
«Шипагерлік баян» кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер ғана емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүние танымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады. «Шипагерлікбаянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген.
Бұл қолжазбаны Райымбек, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж. Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда («Жалын» баспасында) қазақ тілінде басылып шықты.
Қытай үкіметі «Шипагерлік
баянның» құндылығын бағалап
«Мемлекеттік бірінші
кітап» деген сыйлықпен марапаттады
(1997').
Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлкеттік медицина
орталығын құрылған.
Алып медициналық энциклопедиялық еңбек: «Тұрлаулар» /Ауыз Таңдай тұрлау - Дәстүр туылма және Көз Маңлай тұрлау - Адамзаттың жаралысы/ деген кіріспеден және «Қанықталғы», «Нарықталғы», «Дарымдылығы» деген үш бөлімнен құралған. Ғұлама шипагердің медициналық энциклопедиялық еңбегінің үштен төрт бөлігінің жоқтығына қарамастан, «Қанықталғы» бөлімінде шипагерлік жөніндегі анықтама беруі, екінші «Нарықталғы» бөлімінде адамдардың ауруын анықтаудың нақтылы ілімдік әдіс – тәсілдері, ал «Дарымдылығы» бөлімінде сырқат адамның ауруын емдеп жазудың әдіс - тәсілдік жолдарын түсіндіреді. Осы еңбегіндегі ғұлама ойының бүгінгі ғылыми медицинаның жетістіктерінен ешқандай алшақтығы мен өзгешелігі жоқтығы айқындалып келеді. Қазақтың қарапайым халық емінің әлемдік деңгейге іліми жағынан көтерілуіне қараүзген шипагер Ө. Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінің ғылыми жетістігі ұлттық шипагерліктің рухын биіктетіп, ғылыми жолға түсуіне негіз болды. Ұлы шипагер қазақтың ұлттық мәдениетінің философиясының бүгінде бір құрамдас бөлігі аталған, халықтық шипагерлік философиясының негізін қалады.
Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі - дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металоидтар қоспасынан /бұдан көп болуы мүмкін/ жасаған.
Шипагер науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа ем аты және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін /нақтылығы – 13000 дай екен/ ұсынып, 430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы, біріншіден, қазақ жерінде XV ғасырда-ақ фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді. Екіншіден, ғұлама шипагердің тұжырымдары оның өзіне дейінгі және бүгінгі шипагерлік ғылымнан алшақтығы жоқтығын айқындайды. Үшіншіден, адам денсаулығын қорғау, сақтау, дамыту мен жақсартудың терең ілімдік жетістіктігін мәңгі өз ұлтына қалдыруы, қазақтың шипагерлік өнеріне жол салғандығын білдіреді.
Халық шипагерлігі де халықтың қанымен аралас, атадан ұрпаққа берілетін тектік /генетикалық/ қасиет. Ө.Тілеуқабылұлы шипагерлік ілімін өз халқын аралай аурудың сырқатын анықтап, емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп өзінің жеке бойындағы көп ғылымдар саласы бойынша біртұтас ілімді байытты. Көргенін, естігенін және білгенін қағазға түсіріп, халқымен ұрпағының денсаулығы болашағын қадірлей, сол замандағы қазақ ханы Әз Жәнібектің тапсырмасымен 1466-1473 жылдары аралығында ханның Ақ ордасында /Шу, қозыбасы/ 78 жасында бастап 85 жасында бітірген 5000 беттік қолжазбасы “Шипагерлік баянын” бітіргенімен, ханның кездейсоқ қазасы қолжазбаны ханға көрсетіп оқып беруге жазбады.
Әз Жәнібек хан ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Ө.Тілеуқабылұлына “Қараүзген шипагер” екенсің деген мәртебелі атақ береді. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагер: «Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды»- деген [1,16 б.], зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзінің “Шипагерлік баянын” жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метеорология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.
Бес жарым ғасырдан кейін халқымен қайта қауышқан, бес мың беттік қолжазбаның тек қана бір мыңдай ғана бетімен ғана баспадан кітап болып шыққан /Үрімжі, 1994. араб қарпіндегі/ Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” кітабы қазақ елінде де баспадан шығып /“Жалын”,Алматы, 1996/, еңбек ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми көзқарасына бірден ілінді. Көп салалы ғылыми талдауға ұсынылды, зерттеуге және тұжырымдамалар жасау жоспарына енді. Өйткені, ХV ғасырда-ақ ғылыми негізі толық жасалған бұл кітап қазақтың шипагерлік өнерінің тарихы анау ертеден басталғандығын дәлелдейді. Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” еңбегі қазақ халық шипагерлігінің ғылыми әрі тәжірибелік негізін қалап қана қалмастан, ұлттың шипагерлік өнері ілімін, мәдениетін, әдіс-тәсілін әлемдік дәрежеге жақындатқанның белгісі, бұл еңбек көптеген шет елдер ғалымдарының ғылыми талдамалық назарына айналуы да кездейсоқтық емес.
2.2 Қазақтан шыққан шипагер ғұлама, ғалым
Оның дәлелі ғалымның “Шипагерлік баян” кітабының көрші қытай елінде 1997 жылы маусым айында “1-дәрежелі мемлекеттік таңдаулы ұлттық кітап” сыйлығына ие болуы, шипагер ілімінің ғылымдығы мен ғұмырлық ұзақтығын көрсетеді. Ғұлама шипагердің «Шипагерлік баян» еңбегіне алғаш өз пікірін білдірген Шыңжаң ұйғыр автономиялы аудандық партия комитеті үгіт – насихат Министрлігінің орынбасар бастығы, зерттеуші – ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: «Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, ұлы медициналық еңбек әрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол хақымыздың тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, метеорология, әскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім, мәлімет береді. Өнер білім тарихы ел тарихынан айрылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама «Шипагерлік баян» да өз дәуірінің жемісі» - деп әділ бағасын берді.
Миллиардтаған қытай халқы ғалымдарының қазақ шипагері іліміне ірі ғылыми баға беріп құрметтеуі, ұлттық шипагерлік дәстүріміздің теориялық және мәдени-тарихи тұрғысынан биік мәртебесін айқындайды. Ө. Тілеуқабылұлы көп оқыған, өзінің жеке философиялық танымы кемелденген, әр салалы ғылымдардан хабары мол, өзіндік мәңгілік өшпес философиялық тұжырымдамаларын қалдырған ірі тұлға және шипагер ғалым.
Расында, «Шипагерлік баян» туралы, бұл еңбекті жазған ғұлама туралы ғылыми талдау жасау енді пәрмен алуда. Түрлі тартымды ой-тұжырымдарға сілтеме жасадық та. Дегенмен, ғұламаның дүниетанымы мен өнеріне толығырақ сипаттама беру үшін, созылыңқы болса да, мына сілтемені келтіруді жөн көрдік. «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы емші ғана емес, шипагер, ұлы шипагер және ғұлама ғалым. Оны кейінгі ұрпақтар қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, ұстаз, философ, ақын, астроном, тарихшы, биолог, химик, психолог, географ, этика мен моральдің асқақ білгірі деп жатады. Өтейбойдақтай дананы түсіну өте қажет, әрі алдымен оның өзіндік себептері мен жауаптары бар.
Шипагерлік жөніндегі анықтамаларды көбейте беруге болады. Дегенмен, бұл өнердің тұтас және тартымды түрі. Шипагерлік – білім, ғылым, өнер, ұлттық дәстүр, жеке бас қасиеттері қабілеттілігі мен шеберлігінің жиынтығы мен жалғасы. Қараүзген шипагер емшіліктің көптеген жаңа түрлері мен заңдылығын ашты. Шипагерліктің маңызын толық бағалау үшін еуропалық медициналық білім мен тәжірибені білу жеткіліксіз, оны шығыстық (қытай және тибет) тәжірибемен толықтыру шарт.
Шипагерлік мәдениеті – адамды сауықтыратын, болашақты болжайтын және дарымдаулықты қондыратын қабілет-қасиет;
– науқас пендеге тілеулестік ұғымымен қоса жанашырлық таныту;
– жан мен тәннің саулығына, рухтың арлығына жол табу, соған қызмет ету;
– емдеу білімі мен тәжірибесінің озық түрі. Сол негізде ғұлама емделудің дарымалы және болжамалы 24 түрлерін қатар алып жүреді және жетілдіреді;
– адамның мүшелік жастағы жаратылысын, оның ерекшелігін ұлттық рәсім-салтпен үйлестіреді. Ол елдегі жарғыға жүгінеді, оны мұқият орындайды;
– алдына келген адамды елдің азаматы, ұрпақтың болашағы тұрғысында қабылдап, ерекше ілтипат білдіру;
– ел мен жердің емдік және демдік қасиеттерін табандап жинақтап, оларды өз отандастарының игілігіне бағыштай алу;<