Материалдар / Өткізілген БЖБ, ТЖБ қорытындылары бойынша талдау жұмыстары анықтама

Өткізілген БЖБ, ТЖБ қорытындылары бойынша талдау жұмыстары анықтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізілген БЖБ, ТЖБ қорытындылары бойынша талдау жұмыстары анықтама
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ І ТОҚСАН БОЙЫНША БЖБ,ТЖБ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

АНЫҚТАМА

Зерттеу объектісі: Пән мұғалімдерінің талдаулары

Зерттеу мерзімі: қазан, 2024 - 2025 оқу жылы

Тексеру мақсаты: БЖБ, ТЖБ қорытындыларының сапалы талдауфын білімдегі олқылықтарды толтыру жұмыстарын жақсартуға қолдану


Бақылау нысаны: тақырыптық

Тексерді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Бақылау барысында анықталды:

«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі.Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі –БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді.

ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді баллмен пайдалануды сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).

ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 45 минуттан артық емес уақыт бөлінеді; Жалпы білім беретін мектептерде тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын пән мұғалімдері сыныптағы білім алушылардың ерекшеліетерін ескере отырып, құрастырды.Тапсырмалар оқу мақсаты негізінде талапқа сай құрылған.

5-11сыныптардың БЖБ, ТЖБ қорытындысына келсек:

Мектептің 5-11 сыныптарында БЖБ 2024 жылдың 12.09 - 15.10. аралығында жүргізілді. 17.10 - 23.10. аралығында ТЖБ жүргізілді. 5,6 сыныптарда 9 пәннен, 7,8 сыныптарда - 13 пәннен, 9 сыныпта - 14 пәннен, 10 сыныпта - 13, 11 сыныпта - 12 пәннен БЖБ жүргізілді.

5 сыныптар бойынша 17 БЖБ, 8 ТЖБ жүргізілді. БЖБ, ТЖБ тапсырмалары әр пән мұғалімдері 2 нұсқада оқу мақсаттарына сай әр бірлестікте талданып, құрастырылды.Жиынтық бағалау бойынша әр пәнге мах ұпай берілген сол жинаған ұпай бойынша әр оқушының тапсырманы орындаудағы пайызы шығарылды. 5 сыныптар бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар Рақыш Д, Ергеш Б, Бақтияр А, сынды оқушылар тапсырманың 80-100% орындаса, қалған оқушылар тапсырманың 40-50% жинап отыр.

6 сыныптар бойынша 15 БЖБ, 6 ТЖБ жүргізілді. Жиынтық бағалау бойынша әр пәнге мах ұпай берілген сол жинаған ұпай бойынша әр оқушының тапсырманы орындаудағы пайызы шығарылды. 6 сыныптар бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен Сәрсенбек Айымжан, Башенова Кәусар, Жаңғабылова Мәриям, Ерболатқызы Ұлданай сынды оқушылар тапсырманың 80-100% орындаса, Сламбек К, ҚҰрмаш М тапсырманың 30-50% аралығында жинап отыр.

7 сыныптар бойынша 27 БЖБ , 10 ТЖБ жүргізілді.Оқушылар берілген тапсырманы өз деңгейінде орындады. Тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған Медетова Ә., Серікұлы А., Сәкенқызы А,. Сейілбек Ж

8 сыныптар бойынша 13 пәннен БЖБ, 11 пәннен ТЖБ жүргізілді. Тапсырманы жоғары деңгейде орындағандар Сәдуақасова Т, Каменова А, Сәрсенбай Б, Оразбек П., Мирамбекқызы Т, Сақтағанова А, Ертілеуова А, Серікұлы Ж, Жұмағали И, Серікбай Е тапсырманың 30-50% аралығында жинап отыр.

9 сыныптар бойынша 14 пәннен БЖБ, 11 пәннен ТЖБ өтті. Жиынтық бағалау бойынша әр пәнге мах ұпай берілген сол жинаған ұпай бойынша әр оқушының тапсырманы орындаудағы пайызы шығарылды. 9 сыныптар бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушы Бауыржанқызы С., Абдулла Д., Бағдатқызы Ж., Ұзақбай А тапсырманың 80-100% орындаса, Құрмаш Ә., Асанов Е., Шорабек Е тапсырманың 30-50% аралығында жинап отыр.

10 сыныптар бойынша келсек 14 пәннен БЖБ, 11 пәннен ТЖБ өтті. Оқушылар БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын орындаған.Жалпы жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар Ермаш А., Баянбайұлы Н., Зиятов Қ берілген тапсырмалардың мах ұпайдың 85-100% жинап отыр. Төмен деңгейде, тапсырма орындаған Өркенұлы Ғ, Тортай М., Кеңес Г., Кеңес Н оқушылар тапсырманың 40-49% орындап отыр.,

11 сыныптарға келсек 21 БЖБ,8 ТЖБ өтті. Әр пән бойынша тапсырмалар орындалған. 11 сыныбы бойынша 4 оқушы білім алуда тапсырмаларды орындауда жоғары ұпай жинаған оқушыларЕрмаш А, Асан Н., Серікбаева А., Төлебай Н тапсырмаларлдың 80-100 % орындап отыр, төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар Төлеуова Қ., Әблатай Е. Ибрагим Б тапсырманың 25-45% алып отыр.

БЖБ, ТЖБ жұмыстары тест спецификациясына сәйкес жүргізілді. ТЖБ жұмысы қағазға жүргізілді. БЖБ мен ТЖБ жұмыстары шығармашылық сипатта, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе тапсырмалары бағытында жүргізілді. Әрбір жүргізілетін сабақ алдында алдын-ала оқушыларды дайындап,ата-аналарға ескертіліп отырды. Білім алушылардың уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктері мен оқудағы ілгерілеу мақсатындағы шаралар ұйымдасытырылып отырады. бағалау жүйесі 1 БЖБ-25%, формативті бағалау-25%, ТЖБ -50%, барлығы 100%. қорытындымен тоқсандық шығады. Аталған көрсеткіштер бойынша төмен жинап отырған оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізілу керектігі айтылды.

Ұсыныс:

  • Әр тоқсан бойынша оқушыларға БЖБ, ТЖБ сапалы өтуін қадағалау

  • БЖБ,ТЖБ оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз етуді бақылауға алу және жұмыстардың уақытында тексерілу

  • БЖБ,ТЖБ жазылып болғаннан кейін оқушының жинаған балы рубрика арқылы ата-анаға уақытында хабарлау пән мұғалімдеріне жүктелсін.




Бақылауды жүргізген директордың

оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тауекелов Д

Молдажарова А



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі