Негізгі сөздер мен тіркестер:
Айналу денелері, жасаушы, бағыттаушы,цилиндр, конус, цилиндр, конус
элементтері, шар,сфера, геометриялық денелер беттерінің жазбасы,
стереометрия-кеңістіктік фигуралар оқытылатын геометрия
бөлімі, экватор,радиус,
меридиан
|
Ортасы
10минут
15минут
|
Жаңа тақырыпты
хабарлау,
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру.
ІІ. Мағынаны
тану
Жаңа сабақ мақсатымен
таныстыру
Жаңа білімге байланысты
бағалау критерийлері:
1.
Айналу денелерінің түрлерін
сенімді анықтап, атауы мен өлшемін біледі
2. Айналу денелері беттерінің
жазба сызбаларын түсінеді, құрастырады
3. Шығармашылық жұмыс
үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалып, сыни
бағалау жүргізеді
Жаңа
білім.
Өзімізді қоршаған айналадағы
нәрселерге зер салып қарасаңдар олардың пішіні геометриялық денелер
немесе олардың біріккен түрлері болады.
Геометриялық денелер айналу
және көпжақты түрі болады.
Айналу денесі деп жазық
фигураны қандай да бір осьтің маңында айналдырғаннан пайда болатын
фигураны атайды. Қозғалу кезінде бет қалыптастыратын сызық-жасаушы,
ал оның қозғалу сызығы-бағыттаушы деп аталады. Цилиндр, конус, шар
сияқты айналу денелері сызбада жиі
кездеседі
Цилиндр-тіктөртбұрыш өзінің бір
қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі. Тіктөртбұрыштың
қозғалмайтын қабырғасы цилиндрдің осі деп аталады, ал оған
қарама-қарсы қабырғасы-жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған
екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті
сызады.
/Плакат бойынша түсіндіру:
«Айналу денелері»/
Цилиндрдің жазбасы: оны
тұрғызу үшін түзу сызық жүргізіп, оның бойында цилиндр табаны
шеңберінің ұзындығына тең кесінді сызады (2πR). Кесіндінің
ұштарынан цилиндрдің биіктігіне тең перпендикуляр сызықтар
жүргізіп, табылған нүктелерді біріктіреді. Цилиндр бүйірінің бетіне
қоса, фигураның еі табанын түсіреді. Цилиндрдің бүйір бетінің
жазбасын, цилиндр табанының шеңберін тең 8 немесе 12 бөлікке бөліп,
8немесе 12хорда белгілеп жуықтап орындауға
болады.
Конус-тікбұрышты үшбұрышты
катеттерінің біреуіне айналдырғанда шығатын айналу денесіКонустың
бүйір беті ВS кесіндісін конус осі бағыттаушысы-табан шеңбері
бойынша айналдыру нәтижесінде пайда болады.Конустың бүйір бетінің
жазбасын конус табанын тең8 немесе 12бөлікке бөліп, радиусы lдоға
бойынша 8немесе12хорда белгілеп, орындауға
болады.
Шар/сфера/ - жартылай дөңгелектің
диаметрін айнала жүргізілгенде пайда болатын геометриялық дене. Шар
бетінің әрбір нүктесі шар центрінен R радиусына тең бірдей
қашықтықта орналасады. Аксонометрияда шар бетінде экватор мен екі
меридианкөрсетіледі. Экватор мен шардың барлық меридиандарының
диаметрлері бірдей
Сұрақ:
Неліктен сфералық бет
жайылмайтын беттер қатарына жатады?
Шар жазбасын құру үшін оның
бір секциясының өлшемін білсе жеткілікті. Шар бетін жазып көрсеткен
кезде экватор кесінді болып жазылады, оның ұзындығы 2πRге
тең
Топтық
жұмыс:
Топтық жұмысты
қорғау
-
Топтық жұмыстың табыс
критерийлері: Геометриялық айналу денелерін жазба беттерінің
сызбасын өлшеп, сипаттама жазады
-
Модель
құрастырады
-
Эссе танымдық-тәрбиелік идеясы
бар 10-15сөйлемнен тұрады
|
Слайд
Сызу оқулығы, торкөз жұмыс
дәптері, А4парағы, сызу құралдары
Плакат
«Айналу
денелері»
Топтық жұмыс үшін: қайшы,
желім, скотч, түсті қағаз немесе фломастер
Топтық жұмыс үшін:
қайшы, желім, скотч, түсті қағаз немесе
фломастер
|
Саралау – Сіз
қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Логикалық тапсырмалар орындау
арқылы өз ойын анық әрі құнды ойларымен
ұштастыру
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай
жоспарлайсыз? Өзін-өзі бағалау парағы арқылы
жетті, талпынды тәсілі арқылы бағалау
|
Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс.
Құндылықтардағы байланыс
Өз
ұлтының мәдени құндылықтарын сүю, құрметтеу
|