Бекітілді:
10.05.2022.
Білім саласы: Шығармашылық.
Білім бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»
Смарт мақсаты: От шашу туралы түсінеді, өз қалаулары бойынша сурет салады.
Ресурстар: АКТ, тақырып бойынша ресурстар.
Әдіс –тәсілдер. ТРИЗ технологиясы, саусақпен сурет салу, 4К моделі, бала үні, бақылау,
саралау, бағалау, от шашу.
Көңілді шеңбер.
Қуан, шаттан алақай.
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, апайлар.
Қайырлы таң, достарым.
Күліп шықты күн бүгін.
Жуан – жеңішке сұрақтар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айында неше ай бар?
- Сендер қандай мерекелерді білесіңдер?.
- Балалар отшашуды қай мерекелерде көреміз?
- Жаңа жыл кештерде.
- Туған күн кештерде.
- Отшашу қандай болады екен?
- Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?
Сыни ойлау, комуникатив дағды, жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау.
Педагог жетекшілігімен ойын: «Суретті құрастыр»
Смарт мақсаты: Төртке бөлінген суретті құрайды, не құрағанын айтады.
4К, бала үні, ойын, бақылау, сыни ойлау, креативтілік.
Видеомен отшашуды тамашалау.
Екі топқа бөлу.
1 –топ. Ақпарақтың бетіне ортасына мақталы түтікшемен түрлі түсті бояуды
пайдалана отырып отшашудың суретін салады.
2- топ. Саусақтарын түрлі түсті бояуға батырып, арқылы отшашудың бейнесін
салады.
Балалар, енді отшашуды өзіміз жасап көрейік. Отшашудың жасалу жолын түсіндіру.
Балалардың өз бетінше жұмысы. Жеке көмек көрсету.
4К, бала үні, бақылау, саралау, шығармашылық ойлауы; топпен жұмыс істеу.
Ширату сәті.
Шашу, шашу болады .
От шашу жанады.
Шашу, шашу болғанда.
Жарқырайды от шашу.
Құрлымдалған ойын: «Біздің көрме»
Шарты: Балалар жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Кері байланыс.
- Балалар отшашудың пайдалы жағы қандай, зиянды жақтары қандай?
- Балалар, отшашуды үлкендердің көмегінсіз жаға аламыз ба?
- Не себепті жақпаймыз.
- Отшашу сендерге ұнады ма?
- Балалар сендер жұмысты жақсы орындадыңдар, керемет. Маған ұнады.
Бәріміз бірге от шашу жасайықшы.
От шашау әдісі. 4К, бала үні, сыни ойлау, креативтілік,саралау,бақылау.
Балалара, мен сендерге мерекелік көңіл – күй сыйлаймын, от шашу суретін сыйлау.
«Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған
оқу қызметі
«Бадәурен» тобы
Білім саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»
Тәрбиеші: Жакслихова С
2022 -жыл