"Оюлар сиқыры" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі (ортаңғы топқа арналған)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оюлар сиқыры" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі (ортаңғы топқа арналған)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажетті ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Ақбөпе » бөбекжайы








Тақырыбы: «Оюлар сиқыры»

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі )














2019-2020ж

«Қарлығаш» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.01.2020.

Тәрбиеші: Самсенова Х.Б.

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Пән: Жаратылыстану. Жапсырма

Тақырыбы: «Оюлар сиқыры» "Текемет әшекейлеу"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы шығармашылық қабілеттеріндамыту.

3.Оқыту: Ұлттық ою-өрнектерді танып, атай білуге дағдыландыру. Балаларды жүнді қолданып,текеметке ою салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, жеке бағытталған технология

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырып бойынша суреттер (ТСО), бенефильм, түрлі-түсті жүн, текемет, сулы шүберек.
Үштілділік: ою-қрнек-орнамент- ornament, қошқар мүйіз-бараний рог- RAM's horn

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі -Балалар,біз қай мемлекетте тұрамыз? -Елбасымыз кім?

-Елордамыз қай қала?

Біздің ұлтымыз кім?

Балалар, жақында қандай мереке болды?

Таңғажайып сәт:Ауылдағы әженің қоңырау шалып, текемет басуға көмекке шақыруы.

Балалар ат-арбаға мініп ауылға аттанады..

2. Негізгі бөлімі

Балалар, мынау не? -Текеметті неден жасайды? Сөздік жұмыс: текемет, жүн

Ал текемет басу үшін тағы не керек?

Д.о. "Ою-өрнектерді ата"

Мақсаты:Ұлттық ою-өрнектерді танып,атап беру. Үштілділік: ою-өрнек-орнаментornament,

қошқар мүйіз-бараний рог- RAM's horn

Әр ою-өрнектің астарында мағына бар. Олар болмысына қарай түрлі заттарға ұқсайды.

Жануарлар тектес ою-өрнектерге қандай оюлар жатады?

Құсқа ұқсайтын қандай оюлар білесіңдер? Өсімдік тектес қандай оюлар білесіңдер? Ал, геометриялық пішіндерге ұқсайтын қандай оюлар бар?

Балалар, ою-өрнектер не үшін керек?

Сергіту сәті. «Көңілді күн». Әуен мағынасына қарай қимылдар жасаулары.

Ою-өрнектер туралы тақпақ, мақал білесіңдер ме?


Ою - өрнек дегенде ою - өрнек

Көріп жүрміз күнде біз.

Алашада, кілемде, киізде ою - өрнек

Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға

Жалғасуда ою-өрнек.



Өнерді- таудың бұлағынан, 
Қойдың құлағынан, 
Апамның киізінен, 
Қошқардың мүйізінен үйрендім. 

Ою ойғанның ойы ұшқыр. 



Шебердің қолы – алтын. 
Шешеннің сөзі – алтын. 


Өнерлі бала- сүйкімді. 


Ал енді әжеге текемет жасауға көмектесейік.

Балалар, мынау не?

Жүнді ұстап көрейік, қандай?



Қауіпсіздік ережесі туралы айтып өту.

Саусақ жаттығуын өткізу.

Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Барлық саусақ бірікті, Жұмысқа олар кірісті.

Текеметті әшекейлеу жолдарын көрсету, түсіндіру:

1.Қолымызға таяқ алып, жүнді сабаймыз.

2.Жүнді қолмен түтіп,оюлар жапсырамыз.

Балалардың өздігінен жұмыс жасауы. Балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.

Әженің балаларға рахмет айтып, бауырсақ беруі.

Ат-арбаға отырып, балабақшаға оралу.

3. Қорытынды

Балалар, біз кімге көмектестік?

Не істедік?

Текемет жасау үшін не керек?

Д.о. «Қандай ою?» Ойын барысы: Дорбадан оюды алып, атап беру. Ойларын қорытындылау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2021
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі