Материалдар / Өз біліміңді тексер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз біліміңді тексер.

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
3784
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Өз біліміңді тексер.

Сабақтың мақсаты:

- Өткен тарау бойынша алған білімдерін тексеру; 

- Өз ойын жеткізе білуге үйрету, өз тіліне арттыру. Ой-өрісін, сөздік қорын ,сөйлеу тілін дамыту. 

- Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаң оқуға тәрбиелеу.

Түрі: пысықтау сабақ.

Әдісі: сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: оқулық ,сөздік , сызба.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі...


Психологиялық дайындық.


Сергіту сәті: «Мен қазақпын»


II. Өткен сабақты еске түсіру. Сұрақ- жауап. 


Біліміңді тексер.


1. «Беу, айдай» әнінің авторы кім?

2. «Балама тілек» әнінің авторы кім?

3. «Жаңбыр» әнінің авторы кім?


Біліміңді тексер. «Шілдехана» әнін толықтыр


Шілдехана ....... той,

Тұсаукесер ....... той, ай, ..... – ай.


«Балама тілек» әнін толықтыр


Батыр ...... ма екенсің,

Алып тұлғалы,

Ақын ...... ма екенсің,

Жазар жыр - ....... .


Біліміңді тексер. «Беу айдай» әнін толықтыр


Былтырғы мен ....... –ай,

Қолда ....... қиыны-ай.

Ұстараның ..........

Аударылған .......... –ай.


«У каждого свой музыкальный инструмент» әнін толықтыр


Взял волынку ........ сосед,

Он играет с ........ лет.

Он играет ти-ри-лиль,

Звуки ........ ти-ри-лиль.


Дауыс жаттығуы: До мажор гаммасы.


Ән орындау: «Наурыз - думан»

Әні: Т.Сарыбаев

Сөзі: М.Мақатаев


Наурыз, наурыз - күн игі

Күні игі жердің - түрі игі

Бауыры жылып науат-қар

Бабымен ғана жібиді

 

Наурыз, наурыз - күн игі

Күні игі жердің - түрі игі

Шашылып ырыс шанақтан

Шақырып бір үй бір үйді

Шаттанушы еді бір игі

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

 

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз

 

Осынау игі кең жерге

Наурыз айы келгенде

Наурыз тойы болғанда

Келіп ем өмір орманға

 

Осынау игі кең жерге

Наурыз тойы келгенде

Көрмегендер де - арманда

Арманда - оны көрген де

Наурыз тойы келгенде

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

 

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз

 

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда

Наурыз, Наурыз

Наурыз, Наурыз

Өзіңді тексер


1. Түркі халықтарына жататын ұлттар:

А. Хакас, тува, өзбек

В. Башқұрт, молдаван, түрік

С. Итальян, қазақ, орыс

Е. Украин, қырғыз, кәріс

2. Көмеймен ән салатын

А. Испан халқы

В. Хакас халқы

С. Неміс халқы

Д. Кәріс халқы

Е. Орыс халқы


3. Қурай - ………. .

А. Орыс халқының төл аспабы

В. Башқұрт халқының аспабы

С. Кәріс халқының аспабы

Д. Испан халқының аспабы

Е. Белорус халқының аспабы


4. Игил - ........ .

А. Кәріс халқының аспабы

В. Испан халқының аспабы

С. Тува халқының аспабы

Д. Башқұрт халқының аспабы

Е. Араб халқының аспабы

5. Музыкалық дәстүр - ........ .

А. Австралияда пайда болған ән орындау түрі

В. Тува халқының ән орындау түрі

С. Испан халқының музыкалық аспабы

Д. Грузин халқының биі

Е. Әр халықтың аспаптық және әншілік музыкалық өнері


6 «Сакура» - ........ .

А. Қытай халқының әні

В. Итальян халқының әні

С. Жапон халқының әні

Д. Башқұрт халқының әні

С. Араб халқының әні


7. И.Штраус - …… .

А. Үнді халқының композиторы

В. Австрия халқының композиторы

С. Молдованның атақты композиторы

Д. Хакас халқының композиторы

Е. Музыка зерттеушісі


8. Йодль - ...... .

А. Араб халқының аспабы

В. Итальян халқының биі

С. Австрияда пайда болған ән орындау түрі

Д. Қытай халқының аспабы

Е. Тува халқының ән орындау түрі


9. Тарантелла - ……. .

А. Испан халқының музыкалық аспабы

В. Неміс халқының киімі

С. Қытай музыкалық аспабы

Д. Ән орындау түрі

С. Итальян халық биі


Сабақты қорытындылау:


Рефлексия:

Мен бүгін сабақта үйренгенім.........

Сабақта мені толғандырған.............

Әсіресе менің қолым жеткені........



Оқушыларды бағалау: Бүтін нота: «5»

Жартылық нота: «4»

Үйге тапсырма: бөлімді қайталап келу









































5 мектеп-лицейі













"Өз біліміңді тексер"

(ашық сабақ)











Өткізген: Төлеубаева Р.Б.















2020-2021 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!