400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз білмегеніңді кісіден сұра.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз білмегеніңді кісіден сұра, кісі болмаса кішіден сұра тьақырыбындағы сынып сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра.

Ілім іздеу адам баласының табиғатына тән. Өзіне беймәлім шыңдарды бағындырамын деп ұмтылмаса, адам баласы дамушылық тұрғыда бір қадам да алға баспаған болар еді. Жақсылықтарға жету армандаған жасқа халқымыз “Талапты ерге нұр жауар” деп сүйсініп, қанаттандырып, арқасынан қаққан. Адам өмірден тәулік сайын жаңа бір нәрсені ұғынады, үйренеді. Білімге талаптану екі жақты үрдіс, әдетте үйренуші бар да,үйретуші бар. “Білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра” дейді нақыл сөз бар. Өмірден түйгенін, білгенін үйретуші ұстаз бен білімге сусындағысы келген шәкірттің арасында бірлік басталған тұстан өзара міндеттер, шарттар да өз күшіне мінеді. Ұстаздық парыз бен шәкіріттік борышты өтей білгендер дүниеде жақсылық тапса, бұларды елеп ескермегендер кісі ақысын мансұқ еткен болады.

Білгенін істемеген, білгенімен аиал қылмаған мұғалім шәкіртін елітіп әкете алмайды. Сыңаржақ, қате білім беруші-зұлымдық жасушаның ьролінде тұр. Оқушының, ізденушінің ой-өрісіне, қарым-қабілетіне шақтап білім ұсынғаны мұғалімнің біліктігін танытады. Сондай-ақ ол шәкірт алдында мейірбан, кешірімшіл, қызбалыққа салынбайтын байсалды жан тұрғысынан танылуы тиіс. Әсіресі адамның жеке басына қатысты тұстарда кешірімшіл болғаны жақсы. Ұстаздаң оқушы алдындағы міндеттеріне келсек: Оқушыға биязы мінезбен қарағаны абзал. Сауалдарына орыынды жауап беру, жөнсіз ұрсып, жазғырмауы керек Оқушыны зиянды заттардан үзілді –кесілді тийып, жақсы жолға бағыттауы шарт. Өз қателігін мойындау дағдысында болсын. Оқушыны бауырындай көріп, қажет болғанда өзін соның деңгейінде ұстағаны жөн.Дәрісті ақылы жүргіссе соңғы минутына дейін тиімді пайдалану қажет. Оқөушыға тиісті бағасын дәл беруге тиіс. Мұғалім оқөушымен қарым-қатынаста жеңілтікке салынбауға, салмақтылығын жоғалтпауға, ғылым мен білімнің маңыздылығын есте ұстауға тиіс. Оқушы ұстазымен білім тартысына түсіп, ой жарыстырғаны құба-құп, бірақ мұның астарында үнемі оқушының мұғалімге деген ізгі, құрметі менмұндалап көрініп тұруы тиіс. Әйтпесе сыйластық болмаған тұста жүрдім-бардымға салынып, сөзге құлақ аспаушылық орын алады.

Оқушы талаптанушы, ізденуші болғандықтан рухани көмекке зәру. Жәрдемге мұқтаж адам өзіне қолдау қолын соза алатын адамның демеуіне жүгінеді. Сұраушы кейпінде болғандықтан шәкірт ұстаз алдында әрдайым ізетті, әдепті жағымен көрінуі тиіс. Өйткені ілім-білім сұраудың да өзінше жөн-жосығы бар. Оқушы осы талаптарды сақтаса, ілім-білімге оңай қол жеткізеді. Ілім-білім адамды тәрбиелейді, қисықты түзейді, адасқанды айқын жолға салады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі