Материалдар / Өз күштеріңе сен.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз күштеріңе сен.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
521
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Өз күштеріңе сен!»(11-сынып оқушыларына арналған)Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауды жоғарлату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез келген қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге үйрету.Құрал –жабдық: қағаз, қалам, үш түсті кәмпиттер, мармелад-жүрек, видео роликТренинг барысы:Оқушылармен сәлемдесу.Жүргізуші: Құрметті достар, бізде бүгін ерекше тренинг, тіпті сиқырлы деп айтуға болады. Мына қорапта сендерге арналған сөздер, оны сендерге сиқыршы жазып қалдырды, кімде кім «Сиқыршы, сиқыршы мен қандаймын?» деп қораптан бір парақ қағазды алса, сонда жазылған қасиетке ие болады.Психологиялық ахуалды жақсарту«Өрмекші» ойыны. Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді ( орысша «Путаница» ойыны деп аталады)«Кәмпит» ойыны. Жүргізуші шеңбер бойымен жүріп, кәмпит таратады: кызыл, жасыл, сары. Таңдап алған түске сай оқушылар топқа бөлінеді. Түстерге сипаттама беріледі.Топ ережелері қабылданадыбір-бірін тыңдау— уақыт үнемдеубелсенділік таныту— достық қарым-қатынас— жағымды эмоция тудыру«Өз күшіне сену!» деген ұғымға ассоциация айтуОқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.Мысалы: — «Өмірдің ағымынан қалмау»— «Ешқашанда білмеймін демеу»— «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»— «Биік шыңға ұмтылу»Аутоагентті жаттығу.Тренингке барлық оқушы қатысады.Оқушыларға мінез туралы ақпарат беруОқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды мінез ерекшелігін айтады)Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.Ник Вуйчич туралы «Өзіне сену» атты видео ролик көрсетуТопта талқылауға арналған сұрақтар:-Мына адамда бойында қандай қасиеттер бар?-Оның жасаған ерлік деп айталасың ба?«Досыма сыйлық» ойыныТренинг қатысушысына дөңгелек суреті беріледі. Олар оған смайлик салып шеңбер бойымен бір-біріне сыйлап, тілек айтады. Мысалы: «Өз күшіне сен!», ал қалғандары үш рет қол соғады.Қортынды-тренинг «С- фейервергі»Жүргізуші: Мен сендерге Сенімділік, Сүйіспеншілік, Сәттілік тілеймін!«Батыл жүрек» ойыныЖүргізуші: Өз күштеріне сену үшін батыл жүрек қажет деп ойлаймын, соңдықтан сендерге осы батыл жүректің бір бөлігін сыйлаймын.(Үстел үстінде мармелад-жүректен үлкен жүректің суреті салынған. Әр бала бірбірден алады.)Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тренингке өз бағаларыңды беріңдер: жасыл стикер — оң баға,қызыл — теріс, тақтадағы ұнады, ұнамады жазулардың астына жапсырыңдар. Назарларыңызға рахмет!Реклама







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!