ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ФОРМАЛАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ФОРМАЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ФОРМАЛАРЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін
шешуде білім беру ұйымдарының ата-аналармен
және оқушылармен өзара әрекеттесу формалары

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты

Мақсаты: зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша білім беру
ұйымының ата-аналармен және тәрбиешілермен өзара әрекеттесуінің
инновациялық әдістерімен таныстыру.

Міндеттері:
➢ зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен және
оқушылармен жұмыстың инновациялық формалары мен әдістерін
енгізу;
➢ білім алушылар арасында зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін
диагностикалау бойынша практикалық дағдыларды дамыту;
➢ зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін шешуде білім
алушылармен жұмыс істеудің интерактивті әдістерін қолданудың
практикалық дағдыларын дамыту.

Жоспар
1. Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен ағартушылық
жұмысының формалары.

2. Ата-аналарды жанжалдардың алдын алу және шешуге ақпараттандыру
және тарту
3. Оқушылардың зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін диагностикалау.
4. Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін шешуде білім алушылармен
жұмыс істеудің интерактивті әдістері.

5. Практикалық іс-әрекеттер.

Ата-аналармен зорлық-зомбылықтың алдын алу
бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстары.
Бала тәрбиесі туралы көптеген ақпарат көздерінің (кітаптар, журналдар, жеке

.
басылымдар және Интернеттегі арнайы сайттар
және т.б.) болуына қарамастан,
көптеген ата-аналардың:
➢ баласын құрдастарымен және ересектермен тиімді қарым-қатынас жасауға
үйрету;

➢ жанжалды жағдайларды шешу;
➢ сәтсіздікпен күресу;
➢ өз күштеріне сенімді болу;

➢ мақсаттарға жетуде табысты болу туралы нақты түсініктері жоқ.

Ата-аналарды ақпараттандыру
Зорлық-зомбылық немесе құрбандық мінез-құлқының
алдын алу үшін педагогикалық ұжым ата-аналармен
өзара әрекеттесу мақсатында:
➢ балаларды зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеуге және
олардың жеке және әлеуметтік (өмірлік) дағдыларын
дамытуға үйретуге;
➢ балаларды зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеу және
олардың жеке және әлеуметтік (өмірлік) дағдыларын
дамыту бойынша кеңес беру;
➢ ақпараттық қолдау көрсетуге тиісті.

Білім беру ұйымы мен ата-аналар
арасындағы өзара іс-қимылдың кең
таралған және қолжетімді нысандарының
бірі ата-аналар жиналысы болып
табылады.

Зорлықзомбылықтың
алдын алу
бойынша атааналармен
ағартушылық
жұмысының
формалары

Зорлықзомбылықтың
алдын алу бойынша
ата-аналармен
ағартушылық
жұмысының
формалары

Зорлықзомбылықтың
алдын алу
бойынша атааналармен
ағартушылық
жұмыстарының
формалары

Зорлықзомбылықтың
алдын алу
бойынша атааналармен
ағартушылық
жұмысының
формалары

Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен жұмыстың
басқа түрлері:
а) топтық:
➢ ата-аналар-мұғалімдер конференциясы,
➢ отбасылық клуб,
➢ әкелер (аналар) конференциясы,
➢ балалар тәрбиесі бойынша тренингтер
➢ ең жақсы ата-ана немесе отбасы үшін байқаулар,
➢ бірлескен шығармашылық және спорттық іс-шаралар (мерекелер, фестивальдар, жорықтар,
спорттық жарыстар).

б) жеке:
➢ консультация, әңгімелесу, телефон арқылы сөйлесу, отбасына бару, ата-аналармен және
мамандармен (психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкері, бала құқықтары жөніндегі
уәкіл) бірлескен кездесу

Сенім телефоны және «Сенім жәшігі»

➢ Білім беру ұйымының басшылығына өтініштерді, оның ішінде
зорлық-зомбылық жағдайлары туралы хабарламаларды жинау үшін
залда (дәлізде) «Сенім жәшігі» орнатылған. Бастауыш сынып
оқушылары үшін мұғалім сыныпта шағын хабарлама жәшігін
(қорап) орната алады.

➢ Ақпараттық жәшік арқылы жіберілетін ескертпелер қол
қойылған немесе жасырын болуы мүмкін.
➢ Оған қажет емес ақпаратты енгізуден бас тарту үшін барлық білім
алушыларға оның мақсатын түсіндіруі керек.

«Сенім жәшігіндегі» барлық хабарламалар:
➢ оқиғаларды (зорлық-зомбылық істерін) арнайы есепке алу
журналына түскен күні тіркеледі;
➢ директордың жауапты орынбасары зерттейді.
➢ директорға хабарланады;
➢ тиісті шара қолдану үшін тергеу ұйымдастырылады.

Кез келген хабарды елеусіз қалдырмау маңызды.
Бұл білім беру ұйымының өмірінен зорлық-зомбылықты жою
және ондағы жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалды сақтау
үшін принципті маңызы бар.

Ата-аналарды жанжалдардың алдын алу
және шешуге ақпараттандыру және тарту
➢ Зорлық-зомбылық жасаушының ата-аналары баланың зорлық-зомбылық әрекеттерін
тоқтатуға қол жеткізу үшін күш қолдану әрекеттері мен қорқытулардан сақтандырылуы
керек.
➢ Олардың мұғаліммен ортақ міндеті - балаға өзінің мінез-құлқын талдауға көмектесу,
➢ олардың іс-әрекеттерінің шынайы себептерін түсіну,
➢ өзін қорлайтын адамның (тұлғасына қарамастан) орнына қою,
➢ оған дәл осындай жағдай болуы мүмкін деп елестету,
➢ зорлық-зомбылықты тоқтату туралы шешімге келеді.
➢ Ренжіген баланың ата-анасының міндеті – оған сенім ұялату, қорқынышты жеңу және ішкі
ресурстарды жұмылдыруға көмектесу.

Ата-аналар түсіндіруі керек:
➢ білім беру ұйымында зорлық-зомбылық пен қорқытуға орын
жоқ;
➢ мұғалімдер, психолог, әлеуметтік педагог қақтығыстың
барлық қатысушыларына көмек көрсетуге дайын;
➢ ата-аналар баланың мінез-құлқын өзгертуге көмектесе
алады;
➢ зорлық-зомбылық тоқтамаса, құқық бұзушы мен
жәбірленуші өз әрекетімен жанжал тудырса, мектеп
әкімшілігі тәрбиелік және тәртіптік шараларды қолдануға
мәжбүр болады.

Ата-аналарды жанжалдардың алдын алу және шешуге
ақпараттандыру және тарту
➢ Сынып жетекшісі немесе кез келген басқа мұғалім оқушының сыныпта (топта)
өзін жайсыз сезінетінін немесе өзін дұрыс ұстамайтынын (тұйық, ұялшақ,
бірдеңеден қорқатын немесе керісінше агрессивті, тез ашуланшақ, сотқар) байқап,

бұл туралы ата-анасына хабарлауы керек және олармен баланың оқу ұжымында
жақсы бейімделуіне қалай көмектесу керектігін талқылауы керек.
➢ Ата-аналармен әңгімелесу барысында бала бойындағы ұялшақтықты жеңу

немесе агрессивтілікті азайту, агрессивті мінез-құлық немесе оған қарсы тұра
алмау себептерін анықтау үшін бірлескен әрекеттерді келісу керек.

Ата-аналарды зорлық-зомбылық туралы хабардар ету

➢ оқиға туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну және қабылданған

шараларды сипаттау;
➢ екі жақтың өзара айыптауын болдырмау және жаңа
қақтығыстарды болдырмау үшін нақты іс-қимыл жоспарын ұсыну.

Білім алушылар арасындағы зорлық-зомбылық
әрекеттерінің қаупін диагностикалау
БУЛЛИНГ ТӘУЕКЕЛІ СҰРАҚТАМАСЫ
«Мектеп атмосферасы туралы сұрақтама»

(А.А. Бочавер, В.Б. Кузнецова, Е.М. Бианки, П.В. Дмитриевский,
М.А. Завалишина, Н.А. Капорская, К.Д. Хломов)
Өзіңіз туралы ақпарат беріңіз:
Жынысы_______ Жасы_______ Сыныбы______ Күні___________
Мектеп/колледж _____________________________________________
Осы мәлімдемелермен келісесіз бе, жоқ па, әр тармаққа белгі
қойыңыз.

1

2

3

1.8

Қалағаныңды істеу үшін бір-біріңмізге кедергі
жасамау
Біздің сыныпта біреу бар

2

2.1

Бәрі құрметтейді

2.2

Бәрі кімнен қорқады,

2.3

Бәрі күледі

2.4

Мұғалімдердің көбінесе көңілі толмайтындар

2.5

Әлдекімге ұқсағысы келетіндер

2.6

Әлдебіреумен дауласпаған дұрыс

2.7

Ешқашан сабақтан қашпайтындар

2.8

Тіпті мұғалімнің шамасы келмейтіндер

4

5

Мұғалімдер әдетте сендерге сыныпта қалай жүгінеді

3
3.1

Аты бойынша

3.2

Аты және әкесінің аты бойынша

3.3

Тегі бойынша

3.4

Лақап аты бойынша
Мектепте төбелес болған кезде, сен…

4
4.1

Таңқаласың

4.2

Көңіл аудармайсың, бұл әдеттегі іс

4.3

Біреудің жағына шығу арқылы қосыласың

4.4

Сосын мұны сыныпта ұзақ талқылайсыңдар

Құнды заттар...

5
5.1

Мектепте мүлдем таұпауға тырысамын

5.2

Сыныпта алаңсыз қалдыра беремін

5.3

Дәлізде қалдыруға болады

5.4

Ұрлап кеткен жағдай болған

5.5

Киім шешетін жерге қалдырамын

6

Директорға шақыру, бұл...
6.1 Бір нәрсе үшін мақтағысы келеді

7

Сенің мектебіңде балағат сөздер,
айқайлап ұрысу
7.1 Үзілістерде жеке әңгімелердегі естіліп
қалады

7.2 Мүлде қабылданбайды
8

Сенің мектебіңде...
8.1 Қалаған ісімен шұғылдануға бір-біріңе
кедергі жасамау

1
9

2

Сенің мектебіңдегі қабырғалар, жиҺаз...
9.1

10

3
Шимайланған, бүлінген

Егер біреу айқайлай бастаса, төбелессе, сынып
«аяғынан тік тұрады»,оны тоқтату үшін не істеу
қажет
10.1

Оқушылардың бәреуі «жетер» деп айту тиіс

10.2

Директор келуі керек

10.3

Бәрі шаршаған кезде тоқтайды
Мектепте саған...

11
11.1

Жалпы ұнайды, жайлы, қызықты

11.2

Жалпы ұнамайды, жаман, ешкім бір-бірімен
достаспайды

4

5

Мен үзілісте...

12
12.1

Басқа сыныптаға достарыма жолығып
шығамын

13 Сенің сыныбың мұғаліммен бір жаққа
шыққанда...
13.1

Бұл әдеттегі жағдай

13.2

Бұл саған ұнайды, қызықты

13.3

Сен бармауға тырысасаң

13.4

Мұғалімдерге бұл қиын, олар әркез «бұл
соңғы рет» деп айтады

Сенің сыныбыңның абыройы бар...

14
14.1

Үздіктер

14.2

Бұзақылар

14.3

Ең қарапайым, мектептегі басқа
сыныптардан айырмашылығы жоқ

14.3

Ешкімнің болғысы келмейтін сынып

Сұрақтаманың кілттері келесідей:
Қауіпсіздік шкаласы
Иә - 1.1; 1.3; 1.7; 2.3; 2.4; 2.8; 3.4; 7.1; 8.1; 9.1; 10.2; 14.2
Жоқ – 1.8; 4.1; 7.2; 10.1
Әл-ауқаттылық шкаласы
Иә – 2.7; 3.1; 5.2; 5.3;13.1; 14.3
Жоқ – 3.3; 5.1; 5.4; 13.4; 14.4
Бытыраңқылық шкаласы
Иә – 1.4; 4.2; 10.3; 11.2; 13.3
Жоқ – 1.2; 1.5; 1.6; 11.1; 13.2
Тепе-теңдік шкаласы
Иә – 2.1; 2.2; 2.5; 2.6; 3.2; 4.3; 4.4; 5.5; 6.1; 12.1; 14.1
Кілтпен әрбір сәйкестік бір ұпайға тең. Ұпайлар қорытындыланады,
ұпайлар қосындысы сұрақтамаға қатысқандар санына бөлінеді. Соңғы
көрсеткіш әдіс бойынша орташа мәнмен салыстырылады (1 кестені
қараңыз). Орташа мәндер диапазоны стандартты ауытқуларды ескере
отырып анықталады.

Сұрақтама
шкаласы
бойынша
орташа
мәндер (M)
және
стандартты
ауытқулар
(SD)

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін шешуде
білім алушылармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері.
Білім алушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудың негізгі шарасы Зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды шараларының бірі олардың оң
тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту және сақтау біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Ол үшін білім беру ұйымының
бағдарламаларды енгізу маңызды:
➢ өз мінез-құлқын басқару дағдылары;
➢ құрдастар мен үлкендерді құрметтеу;
➢ жанжалды конструктивті шешу;
➢ манипуляцияны тану;
➢ теріс әсерге төзімділік;
➢ тәуелсіз шешім қабылдау.

оқу

жоспарына

балаларды

оқытатын

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін шешуде
білім алушылармен жұмыс істеудің интерактивті әдістері.
Мұндай бағдарламаларды:

➢ жасөспірім балалар психологиясы, педагогикасы, құқықтану және т.б. саласындағы
әртүрлі мамандардың қатысуымен әзірлеу;
➢ оқушылардың ақпаратқа деген нақты қажеттіліктерін, олардың жас ерекшеліктері мен
танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып құрастыру;
➢ мінез-құлықтың өзгеруінің негізгі когнитивтік, әлеуметтік-психологиялық және жекетұлғалық факторларын ескере отырып, мінез-құлық қатынасын мақсатты түрде
қалыптастыру принципіне негіздеу қажет.

Бұл бағдарламалар :

➢ оқушыларда зорлық-зомбылық пен кемсітушіліксіз салауатты тұлғааралық қарымқатынас құндылығын өзектендіру үшін құндылық-мотивациялық тәсілді қолдану;
➢ қыздарға (әйелдерге) де, ұлдарға да (ерлерге) қатысты гендерлік зорлық-зомбылықты
тудыратын гендерлік стереотиптер мен нормаларды талқылауға және өзгертуге ұлдарды
белсенді түрде тартуы;
➢ Білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру үшін оқытудың интерактивті
әдістерін қолдануы;
➢ қоршаған әлеуметтік ортаның ықпалын, қоғамда (соның ішінде гендерлік) ортақ
стереотиптерді, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер мен ұлттық дәстүрлерді, ересектердің,
балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының бар үлгілерін ескеруі;
➢ зорлық-зомбылық көріністеріне байланысты жағдайлардың мысалдарын, мұндай
жағдаяттардың алдын алу және одан шығу жолдарын қарастыруы;
➢ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейін және білім беру ұйымының ресурстық
мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Зорлық-зомбылыққа қарсы тренингті тиімді қарым-қатынас дағдылары
бар және оқушылармен тұлғааралық, гендерлік және жыныстық
қатынасқа қатысты әртүрлі, соның ішінде сезімтал тақырыптарды
талқылауға дайын арнайы дайындалған педагогтер немесе психологтар
жүргізе алады.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу сабақтарында психологиялық қолайлы және
қауіпсіз орта құру қажет.
Мұғалім модератор ретінде әрекет ететін және дайын шешімдер мен
бағалауды ұсынбай, оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларға өз көзқарасын
анықтауға және олардың мінез-құлқының үлгісін құруға ынталандыратын
оқыту әдістерін қолдану маңызды:
➢ сократтық диалог,
➢ кейс-стади;
➢ имитациялық жаттығулар;
➢ тренинг, жоба әдісі
➢ іскерлік ойындар және т.б.

Зорлық-зомбылықтың алдын алуда қолданылатын интерактивті
әдістерге мыналар жатады:
➢ миға шабуыл ( brainstorm);
➢ дөңгелек үстелдер (дискуссия, дебаттар);
➢ сase-study (нақты жағдаятты талдау, жағдаяттық талдау);
➢ іскерлік және рөлдік ойындар.
Дегенмен, басқа да танымал әдістер бар, мысалы, Сократтық диалогтар, топтық
талқылаулар, тренингтер, интерактивті конференциялар және т.б. Барлық осы әдістерді
жоғары тиімділік пен бірқатар артықшылықтар біріктіреді.

Интерактивті оқыту әдістерінің артықшылықтары:
➢ жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып оқыту жеке сипатқа ие болады;
➢ әрбір оқушының қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеру;
➢ білім беру ақпаратының кез келген көлемін ықшам және қысқаша жеткізу мүмкіндігі;
➢ визуалды қабылдау бірнеше рет жақсарады;

➢ оқу материалын меңгеру процесі айтарлықтай жеңілдетілді;
➢ оқушылардың танымдық әрекеті белсендіріледі;
➢ олар теориялық білім мен практикалық дағдыларды алады.

Бұл әдісте жас шектеулері жоқ. Бастауыш және орта және
жоғары сыныптардың балаларымен жұмыс істеу бірдей
қызықты және тиімді. Педагог талқылау үшін кез келген
дерлік тақырыпты таңдай алады, мысалы: «Қақтығыс
дегеніміз не?».
Миға шабуыл әдісін қолдану мыналарға мүмкіндік береді:

Миға шабуыл әдісі

➢ оқушыларға бір тапсырманың бірнеше түрлі шешімі болуы
➢ мүмкін екенін және олардың әрқайсысы дұрыс екенін
көрсету;
➢ балалардың сана-сезімінің босаңсуына ықпал ететін өз
ойын тұжырымдауға үйрету;
➢ туындаған қақтығыстық жағдайдан шығудың дұрыс жолын
өз бетінше табу.

Бұл әлеуметтік ойын әдісі американдық педагогтардан
алынған. Техниканың атауы сөздердің бірінші әріптерінен
шыққан:
R — role (рөл)
A — audience (аудитория)
F — format — (форма)
T — topic (тақырып)

RAFT
стратегиясы

Тәсілдің мәні таңдалған кейіпкердің атынан сипаттау,
әңгімелеу немесе пайымдауда жатыр. Оның үстіне рөлді
«орындаушы» өзінің кейіпкері түсетін барлық жағдайларды
ескеруі керек.
Бұл тәсіл оқушының пән мазмұнына тиімді енуіне ықпал етеді.
Алынған білім оған импровизациялауға, қалыптасып жатқан
жағдайларда өз іс-әрекетін құруға және талдауға, оқиғалар мен
тұлғаларға моральдық баға беруге көмектеседі.

Әдіс біржақты жауап беруге болмайтын жағдайларды
талдау үшін өте қолайлы. Сонымен бірге жағдайды
талдаудың екпіні/ акценті өзгереді:
➢ білім алушылардың өздері шешімді әзірлейді, дайын
білімді алмайды.

Сase study

Кейс-стади зерттеу әдісінде пікірталас орталық болып
табылады,
оның
барысында
оқытушылар
мен
қатысушылар тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар
шешімді ұсынуда және өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер
келтіруде тең.
Білім алушылар: жағдайды талдай отырып, құндылықтар
жүйесін құрайды.

Дөңгелек үстел – белсенді оқыту әдісі, оқушылардың
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларының бірі.

Бұл әдіс:
➢ бұрын алған білімдерін бекітуге;
➢ жетіспейтін ақпаратты толтыруға;

Дөңгелек үстел

➢ мәселелерді шешу қабілетін дамытуға;
➢ пікірталас мәдениетіне үйретуге мүмкіндік береді:

Іскерлік ойын қоршаған әлемді жақсырақ қабылдауға
ықпал етеді, шешім қабылдауда белгілі бір тәжірибе береді,
балалар
мен
жасөспірімдердің
мінез-құлқы
мен
элементтерін қалыптастырады.
Іскерлік ойын тиімділігінің маңызды шарты:

Іскерлік және
рөлдік ойындар

➢ Іскерлік ойын тиімділігінің маңызды шарты:
➢ оған педагог және оқушылар да қызығушылық танытады;
➢ олардың ашықтығы;
➢ шынайылығы;
➢ жауаптардың толықтығы.

Балалардағы шабуылдың
(агрессивтіліктің) алдын алу бойынша
ата-аналарға арналған жадынама әзірлеу
Ата-аналарға балалар құрбандығының
(виктимизациясының) алдын алу
бойынша жадынама әзірлеу
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
16.02.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі