400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨЗБЕК ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр – білім, ғылым, технология ғасыры. Жаһандану қарқын алып, адам ресурстaры бaсты кaпиталға айналған уақытта құндылықтар өзгеріп жатыр. Сондай өзгерістердің бірі – кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, жастардың кітапты ұялы телефон, гаджеттермен алмастыруы. Осыған орай сұраныстың өзгеруіне қарамастан, ел ертеңі болар жас ұрпақтың кітап оқуға деген көзқарасын өзгерту қажет. Ол үшін оқырманның оқылым дағдыларын жақсарту механизмдерін жетілдіріп, Оқылым стратегияларын меңгертіп, оқу барысында тиімді қолдануға жол ашу керек. Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨЗБЕК ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шаниязова Махбуза Ниязкуловна

Шымкент қаласы Ю. Сареми атындағы № 107 мектеп –лицейінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ХХІ ғасыр – білім, ғылым, технология ғасыры. Жаһандану қарқын алып, адам ресурстaры бaсты кaпиталға айналған уақытта құндылықтар өзгеріп жатыр. Сондай өзгерістердің бірі – кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, жастардың кітапты ұялы телефон, гаджеттермен алмастыруы. Осыған орай сұраныстың өзгеруіне қарамастан, ел ертеңі болар жас ұрпақтың кітап оқуға деген көзқарасын өзгерту қажет. Ол үшін оқырманның оқылым дағдыларын жақсарту механизмдерін жетілдіріп, Оқылым стратегияларын меңгертіп, оқу барысында тиімді қолдануға жол ашу керек. Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады. 1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу — мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. 2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу — мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес.. 3. Сөз мағынасын контексттен ажырату — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару. 4. Мәтін құрылымын түсіну — мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. 5. Болжай білу — оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. 6. Мәтін түрлерін ажырата білу — әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу.

Оқылым  дағдысы бойынша:

мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты  ажырата білу;

астарлы ойды анықтау;

шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу;

зерттеп оқу;

сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары.


Оқылым дағдысын меңгерту жолдары
Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі.
Оқылым дағдылары:
• Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
• Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
Сөз мағынасын мәнмәтіннен ажырату – мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.
• Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
• Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, тест оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
Оқылымға арналған сабақ құрылымы:
• Оқылым алды тапсырма – мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
• Оқылым тапсырмасы – әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
• Оқылымнан кейінгі тапсырма – мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, ұғымдарды қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»,- деп Альберт Эйнштейн айтқандай, еліміздің ертеңін, тәуелсіз ел тірегін, саналы ізбасарларымызды білім нәрімен сусындатуда олардың оқуы үшін жағдай жасау қажет. Оқылым барлық дағдылардың негізі болып табылады. Ал оқылым стратегияларын тиімді қолдануға бағыттай отырып, оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдысының сапасы арттыруға болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі