Материалдар / Өздік жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өздік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған өздік жұмыс тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
1557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

5-Кестедан алынады)

1. Редактор формул формулалар редакторын пайдаланып … өрнектерді жазыңыз /1-тапсырма/.

2. ... тақырыбындағы кесте құрып, кестеге мәліметтер енгізіңіз және формулаларды қолданып есептеулер жүргізіңіз /2-тапсырма/:

5-кесте

Нұсқа №

1-тапсырма

2-тапсырма

1

у=

«Студенттер үлгірімінің ведомосі»

2

«Студенттер қатысымының

ведомосі»

3

«Товарды есепке алу»

4

«Төлемақы»

5

«Түскі ас есебі»

Бақылау сұрақтары:

  1. Текстке формула қалай қойылады?

  2. Кесте құру тәсілдерін атаңыз?

  3. Кестеларда есептеулер қалай жүргізіледі?

  4. Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі?

  5. Кестедағы сызықтар мен бояулар қалай жасалады?

Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы: «Кестелік процессор ms Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының негізгі элементтерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер:

Мәліметтерді компьютерде кестелар түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар немесе қосымшалар кестелық процессорлар немесе электрондық кестелар деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы- мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т. б.

Ехсеl программасында құжат болып .хls кеңеймесі бар файл есептеледі. Бұл файлды Ехсеl-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден (лист1 немесе Sheet 1) тұрады. Бір құжат көлеміндегі беттер саны -255 болуы мүмкінЖұмытық беттің 4 түрі кездеседі:

  1. Жұмыстық бет. Онда кәдімгі кестелар болады.

  2. Модульдің беті VBA программалау тіліндегі программа тексті жазылады (VBA-Visual Basic for Application).

  3. Диалогтық терезенің беті. Мұнда диалогтық терезелер құрылады. (ОК, Отмена батырмалары бар терезе)

  4. Диаграммалар тұрғызылатын бет.

Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да , онда 65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536 дейінгі бүтін сандармен , ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементіұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45 , т.б.).

Ұяшықтарға жазылатын мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізуге болады.

Әдетте (по умолчанию) ұяшықтағы сандық мәліметтер оңға қарай, ал тексттік мәліметтер солға қарай тураланады. Енгізілген мәлімет ені бойынша ұшыққа сыймаған кезде оң жақтағы бос емес ұяшық, алдыңғысын жауып тастайды. Кестедағы қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты обылысты диапазон деп атау келісілген. Диапазонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменіндегі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1: С6). MS Excel программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оның екі түрлі әдісі бар:

Бірінші әдіс:

  1. Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;

  2. мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;

  3. Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті « қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз.

Екінші әдіс:

  1. Бір ұяшыққа прогрессияның бастапқы бірінші мүшесі жазылады;

  2. Мәлімет жазылған ұяшық белгіленеді;

  3. Правка →Заполнить→ Прогрессия Командасы орындалады;

  4. Пайда болған терезеден тип расположение бөлімінен по столбцу белгіленеді, шаг тұсына прогрессияның қадамы жазылады, предельное значение тұсына прогрессияның соңғы мүшесінің мәні жазылады.

Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер:

  1. Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі немесе сол ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады; жұмыстық бетті жою: Правка→Удалить лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады;

  2. Беттің орынын ауыстыру немесе көшіру: Правка→ Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить / скопировать лист терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;

  3. Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Добавить командасы орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады.

Ұяшықтардың адрестері. Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп , <F4> пернесін басу тәсілі де қолданылады.

Аралас адресті деп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолют адрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2)Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.

Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде «тең болады» (“=”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді.

Формулалар жазудың мысалдары: = 2*5^ 3+4 немесе =A1+Cos(5,282)

Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.

Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “=” белгісіне сырт еткізіледі. Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады.

Ұяшықтағы мәліметтердің форматтарын тағайындау. Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзірінен Формат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейки командаларының бірі орындалады. Нәтижесінде Формат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады.

Жаттығу жұмыстары.

1 -жаттығу. Салық түрлерін , премияны және т. б. ескере отырып айлық жалақыны есептеу.

MS EXCEL программасын іске қосыңыз. Жаңа құжат немесе жұмыс кітабын ашыңыз, құжатыңызды Лабораторные работы.xls деген атпен өз бумаңызға сақтаңыз.

  1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) на Тапсырма1 деп өзгертіңіз.

  2. Төменде берілген /1-сурет/ мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

  3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз.

  4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып,   батырмасы шертіледі немесе Формат ->Ячейки командасы қолданылады.

1-сурет

  1. Ұяшықтағы текст бағдарын өзгерту үшін :

    • Ұяшықты белгілейді, контекстік мәзірдегі Формат ячеек командасы орындалғаннан кейін шығатын диалогтық терезедегі Выравнивание жапсырмасыныңОриентация бөліміне көшесіз;

    • Қызыл түсті ромбикке ( ) шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ромбикті 90о –қа апарасыз.

  2. Кестедағы (1-сурет) «Проф.взносы 5%» бағанындағы тұрақты окладтың 5 % есептеу үшін :

  • D5 ұяшығы белгіленеді де , оған =С5*5% жазылады;

  • Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.

  1. Н5 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.

  2. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:

  • H5:H1диапазоны белгіленеді ;

  • Стандартная саймандар панелінен Автосумма батырмасы шертіледі.

2 - жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы теңгемен және доллармен есептеңіз.

2-сурет

  1. Өз құжатыңыздағы келесі бетті ( Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

Кестені мәліметтермен толтырыңыз /2-сурет/;

Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз.

  1. Е6 ұяшыққа келесі =С6*D6 формуланы енгізіңіз;

  2. F6 ұяшыққа келесі =Е6*В3 формуланы енгізіңіз . В3 ұяшығының адресін абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз , сонда адрес $В$3 болып өзгереді.

3 - жаттығу: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеңіз.

  1. Құжатыңыздағы үшінші бетті (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз.

  2. 3-суреттегідей арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептейтін кесте құрыңыз. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы: an=a1+d(n-l) және арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы : Sn=(a1+an)*n/2, мұндағы a1 –прогрессияның бастапқы мүшесі, aл d — арифметикалық прогрессияның айырмасы.

  3. Қажет болған жағдайда ұяшықтардың абсолют адрестерін қолданасыз.

  4. a1 = -2, d= 0,725 деп алып есептеңіз.

3-сурет

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

7-Кестедан алынады)

7-кесте

Т А П С Ы Р М А Л А Р

Нұсқа 1

Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады. Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше 1010, 1020 және 9450 кг сүт қажет болады.

Сүт өнімдерінің (сүт, айран , қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс пайда сәйкесінше 30000, 22000 және 136000 тенгені құрайды. Завод тәулігіне барлығы 123 тонна сүт, 342 тонна айран, 256 тонна қаймақ дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып, әрбір өнім түрінен түскен тәуліктік кіріс пайданы, жалпы кіріс пайданы, әрбір өнім түрінен түскен кіріс пайданың жалпы кіріс пайдаға шаққандағы үлесін (процентпен) және сүттің жалпы шығынын есептеңіз.

Нұсқа 2

Кітап қоймасына 3түрлі кітап түсті:сөздіктер, кулинарлық кітаптар және тоқыма өнері туралы кітаптар. Олар қаладағы үш кітап дүкеніне бөлінді: «Астана кітап», «Экономикс» и «Глобус». «Астана кітап» дүкеніне сөздіктер – 10400 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 23650 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар – 1500 экземпляр; «Экономикс» дүкеніне - 10300 сөздіктер, 22950 кулинарлық кітаптар және 1990 тоқыма өнері туралы кітаптар; ал «Глобусқа» сәйкесінше 9100, 23320 және 2500 экземпляр жөнелтілді.

Бірінші дүкенде сатылған сөздіктер – 8945 экземплярды, кулинарлық кітаптар – 19865 экземплярды, тоқыма өнері туралы кітаптар– 873 экземплярды құрады; екінші дүкенде сатылған сөздіктер– 9300 экземпляр, кулинарлық кітаптар - 21900 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар– 1020 экземпляр болды; ал үшінші дүкен сәйкесінше 8530, 18100 және 2010 экземпляр кітап сатты.

Электрондық кестені пайдаланып, кітап қоймасына түскен әрбір кітап түрінің жалпы санын, әрбір дүкендегі сатылған әрбір кітап түрінің үлесін , сатылмай қалған кітаптар санын есептеңіз.

Нұсқа 3

Мекеме қызметкерлерінің оклады келеі түрде анықталған:бөлім бастығы– 100000теңге., инженер 1 кат. – 86000теңге., инженер – 68700теңге., техник – 31500теңге., лаборант – 22400тенге.Мекеменің екі филиалы бар:оңтүстікте және климаты қатаң солтүстікте .Барлық қызметкерлер жалақысына жұмыс зияндылығына байланысты окладтың10%құрайтын үстеме,окладтың 25%көлемінде айлық премия үстеме қосылады.Әрбір қызметкерден 20%міндетті салық (подоходный налог), 3%кәсіподақ жарнасы (профсоюзный взнос) және1%зейнетақы қорына (пенсионный фонд) ұсталады.Оңтүстікте орналасқан филиал қызметкерлеріне15% ,солтүстіктегілер үшін 70% жергіліктікоэффициент қосылады.

Әрбір филиал қызметкерлерінің жалақысын есептеуді екі кесте түрінде бөлек жасаңыз.

Нұсқа 4

Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2жәнеП3.Әрбір П1, П2және П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше 70, 150және100теңгені құрайды.

Бір ғана өнім бірлігінен түсетін кіріс, өнім түрлеріне сәйкес 200, 160және 250теңге болды.Жоспар бойынша ай сайын , П1 өнім– 200482 дана., П2 – 43292дана , П3 – 1463012дана шығарылуы қажет. Қаңтар айында П1 – 135672 дана, П2 – 60712 дана, П3 – 1456732 данаөнім шығарылды.

Электрондық кестені пайдаланып (теңгемен және доллармен ), өнім өндіруге кететін жоспарлы шығынды, әрбір өнім түрінен түсетін кірісті, мекменің қаңтар айындағы кірісін , әрбір өнім түріне сәйке жоспардың орындалу үлесін есептеңіз.

Нұсқа 5

Кондитерлік фабриканың шығаратын өнімдері А, В, Скарамельдері және оларды жасауға кететін шикізаттар (1 тоннасына) келесі кестеда берілген:

Шикізат түрлері (тоннамен)

Карамель

А

В

С


Қант

0,6

0,5

0,6

Патока

0,2

0,4

0,3

Жеміспюресі

0,2

0,1

0,1

Фабрикадағы шикізат түрлерінің қоры, сәйкесінше 1500, 900және 300 тонна.Осы айда фабрика А – 820, В – 900, С – 400 (тонна) карамель дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып , шикізаттың әрбір түрінен жұмсалған шығынды, қалған шикізат мөлшерін, қалған қант мөлшеріне сәйкес жасалатын А карамелінің мөлшерін есептеңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кестелық процессорлардың негізгі қызметі қандай?

  2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз?

  3. MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

  4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

  5. Ұяшықтарды қалай біріктіреді?

Зертханалық жұмыс №6 Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.

Графиктер мен диаграммалар тұрғызу»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін графиктер мен диаграммалар тұрғызуда пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.

Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:

=СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;

=СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.

Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады , мысалы: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).

Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі бар болса, онда келесі 4-суреттегідей терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған. Мұндағы,

4-сурет

1 – Функцияның аты;

2 - аргументтерді енгізу жолақтары;

3 – терезені кішірейту батырмасы ,

бұл батырмаға қайта шерту терезені

бұрынғы қалпына келтіреді;

4 - аргументтің мәндері ; 5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру.

Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:

а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;

б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.

Функциялардың негізгі категориялары.

«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

ABS (сан) – санның модулі;

COS(сан) – косинусты табу;

EXP(сан) – ех функциясының мәнін есептеу;

LN(сан) – логарифмді есептеу;

SIN (сан) – синусты есептеу;

TAN (сан) – тангенсті есептеу;

КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбір табу (оң мәнін);

ПИ () – санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;

СУММ (сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді;

«Статистические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;…) - аргументтердің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орташа мәнін табады;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт) – диапазондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды .

Арифметикалық амалдар (операциялар):

Қосу

+

Азайту

-

Көбейту

*

Бөлу

/

Дәрежелеу

^

Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

Диаграммаларды редакциялау диаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатын Диаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:

  • Диаграмма типі мен форматын өзгерту;

  • Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни:

  1. Диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;

  2. қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;

  3. Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;

  4. Диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;

  5. Диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.

  1. жаттығу: y=cos2(2x)sin(x)+e-x│x│ функциясының графигін, х  аралығында 0,1 қадаммен тұрғызу.

5-сурет

  1. Жұмыстық бетте (Лист1) 5-суреттегідей кесте құрыңыз;

  2. В3 ұяшыққа =cos(2*A3)^2*sin(A3)+exp(-3)*ABS(A3), формуласын енгізіп , бұл формуланы қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз;

  3. Функция мәндерін (У-тің мәндері) белгілеп алып Диаграмма шеберін іске қосыңыз;

  4. Диаграмма типін – График таңдаңыз;

  5. Ряд жапсырмасындағы, Подписи оси Х жолағына курсорды орналастырып алып жұмыстық беттегі кестедан Х- тің мәндері орналасқан диапазонды белгілеңіз;

  6. Диаграмма параметрлерін өз қалауыңызша өзгертіңіз;

  7. Диаграмманы өзіңіз жұмыс жасап отырған бетке ( в данном листе) орналастырыңыз және беттің атын График функции деп өзгертіңіз.

2-Жаттығу. Диаграмма тұрғызу.

6-сурет

  1. Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;

  2. Кестедағы Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

  3. Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

  • Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

  1. Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

  2. Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;

  3. Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

  • Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .

  1. Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

8-Кестедан алынады)

  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.

  2. Төмендегі қосымша кестеда /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.

8.1-кесте

Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері

Шикізат түрі

2001ж.

2002 ж.

2003 ж.

Электр энергиясы, млрд. кВт/сағ.

167

173

177

Мұнай, млн.тонна

516

399

307

Табиғигаз, млрд. м3

641

640

595

Көмір, млн. тонна

395

337

262

Теміррудсыа, млн. тонна

107

82

78

Ағаш, млн. м3

242

183

93

Балық және т.б. теңіз өнімдері , млн. тонна

8

6

4

Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы,

ең төменгі көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.

8-кесте

Нұсқа №

1 - тапсырма

2- тапсырма

1

x

;

Уақыт бойынша өзгерісті және шикізат түрлері бойынша көрсеткіштер арасындағы қатынасты

2

y=

Шикізаттың әрбір түрі жалпы өнімнің қанша бөлігін алатынын (2003жылғы)

3

y=

Әрбір жылғы мұнай өндіру көрсеткішін

4

y=

Әрбір жылғы көмір өндіру көрсеткішін

Бақылау сұрақтары:

  1. Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?

  2. Функциялардың қандай категорияларын білесіз?

  3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

  4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады ?

  5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

Зертханалық жұмыс № 7 Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»

Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.

Негізгі түсініктер:

Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложьфункциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .

значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .

Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.

1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

  1. Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .

  2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.

  3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

7-сурет

  1. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:

    • С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.

    • Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45% түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:

    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

    • ОК басылады;

7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

  1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;

  2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

8- сурет

  1. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :

    • В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентныйформаты таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына жазылады;

  2. Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;

  3. Формулалар жолының сол жағындағы

белгісіне шертіледі; 

  1. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;

  2. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;

  3. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;

    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;

    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;

  4. ОК басылады;

  5. Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.

  1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;

  2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;

  3. В2 ұяшыққа келесі,

=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функции көмегімен жазыңыз;

  1. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;

  2. Функция графигін тұрғызыңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

9-Кестедан алынады)

  1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.

  2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.

9-кесте

№ вар

х жатқан аралық

1 -тапсырма

2 – тапсырма

1

ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантынD=b2-4ac…тауып және ЕСЛИфункциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (ЕгерD>0,екі түбір бар)

2

Фермадағы жасы6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек,егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады.Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.

3

Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады.Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИфункциясын қолданыңыз.

4

Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз

5

Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз.2

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?

  2. Если функциясы қалай жазылады және орындалады ?

  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады ?

  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?

  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

Зертханалық жұмыс №8 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.

Сондай-ақ, Excel программасында Сервис->Подбор параметра командасын пайдаланып теңдеулерді жуықтап шешу мүмкіндігі де қарастырылған. Жоғары математика курсынан белгілі теңдеудің түбірін жуықтап шешу әдісін қолданғанда әуелі түбір жатқан аралық анықталады. Мұндай аралықтар үшін олардың шеткі нүктелеріндегі функция мәндерінің таңбалары әртүрлі болуы шарт. Аралық анықталғаннан кейін сол аралықтағы түбірдің мәнін , Сервис->Подбор параметра командасын қолдана отырып белгілі бір дәлдікке дейін жуықтап табуға болады.

  1. жаттығу. Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:

  1. Өз бумаңызда Лаб_Ex_10 деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.

  2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;

  3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;

  4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

  1. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;

  2. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

  3. Ол үшін В2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.

9-Сурет

  1. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

  2. Диаграмма шеберін ( Мастер диаграмм) шақырыңыздиаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;

  3. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

  4. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.

  1. жаттығу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0 теңдеуді шешіңіз.

Теңдеуді шешу үшін түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.

  1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;

  2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;

  3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;

  4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады;

  5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;

  6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;

  7. D2 ұяшығы белгіленеді; .

  8. Сервис->Подбор параметра командасын орындаңыз;

  9. Пайда болған Подбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.

  10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді ;

  11. Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-Сурет

  1. ОК басылады;

  2. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;

  3. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

10-Кестедан алынады)

  1. х, у [-1;1] деп алып, Z= … бетті тұрғызыңыз /10-кесте, 1-тапсырма/.

  2. ... теңдеуініңбарлық түбірлерін табыңыз /10-кесте, 2-тапсырма /.

10-кесте

Нұсқа

1- тапсырма

2-тапсырма

1

Z=5x2cos2(y) –2y2ey

x3-2.56x2-1.3251x+4.395006=0

2

Z=2x2cos2(x) –2y2

x3+2.84x2-5.6064x-14.766336=0

3

Z=2e0.2xx2 –2y4

x3+0.85x2-0.4317x+0.043911=0

4

Z=x–2e0.2yy2

x3-0.12x2-1.4775x+0.191906=0

5

Z=3x2sin2(x) –5e2yy

x3+0.77x2-0.2513x+0.016995=0

Бақылау сұрақтары:

  1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?

  2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?

  3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?

  4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?

  5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

Зертханалық жұмыс №9 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар»

Мақсаты: MS Excel кестелерінде матрицалармен жұмыс жасай білу тәсілдерімен және соған арналған функциялармен таныстыру.

Негізгі түсініктер:

Массив – бұл бір типке жататын мәліметтермен жасалатын операцияларды жеңілдету мақсатында, оларды бір кестеге біріктіріп бір шама сияқты пайдалану мүмкін болу үшін енгізілген мәліметтің арнайы ұйымдастырылған бір түрі. Массивтің элементтері номерленеді, егер массив бір ғана жолдан немесе бағаннан тұрса оны сызықтық массив деп атайды да, ал массив бірнеше жолдар мен бағандардың жиынтығынан тұрса оны матрица түрінде қарастырады. Excel программасында кестеге енгізілген мәліметтің массив екенін программаға хабарлау үшін, формулалар жолында массивтің формуласы жазылады (= белгісінен басталғандықтан ) соңында міндетті түрде CTRL+SHIFT+ENTERпернелері қатар басылады, мұның нәтижесінде массивтің формуласы фигуралық жақшаға { } алынады (мысалы, {=A1:C1} немесе { =A1:C4}). Массив формуласына кіріп тұрған ұяшықтар диапазонын массив диапазоны, ал ұяшықтың мәндерін массив аргументтері деп атау келісілген. Массивтермен жасалатын операциялар ұяшықтармен жасалатын операциялардан өзгешелеу болады, сондықтан Excel программасында массивтермен жұмыс жасауға арналған арнаулы функциялар қарастырылған олардың негізгілері :

МУМНОЖ ( ) – функциясы матрицаны матрицаға алгебралық түрде көбейту үшін қолданылады. Бұл функцияны қолданған кезде, бірінші матрицаның бағандарының саны екінші матрицаның жолдарының санына және бірінші матрицаның жолдарының саны екінші матрицаның бағандары санына тең болуы керек деген қағида сақталады

МОПРЕД ( ) – функциясы матрицаның анықтауышын табады және бұл функцияның нәтижесі бір ғана сан болады.

МОБР ( ) – функциясы берілген матрицаға кері матрицаны есептейді.

Жаттығу жұмыстары.

  1. жаттығу. Массивтерді қосу, азайту және мүшелеп көбейту.

  1. Лаб_12_Матр жұмыс кітабын құрып, бірінші бетінТапсырма1 деп өзгертіңіз;

  2. Келесі кестені (11- сурет) құрыңыз:


A

B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

M

N

1

1-Мысал


2-Мысал


3-Мысал

2

 

15

12

16


 

7

8

9


 

8

9

7

15

80

21

3

А=

18

5

16


В=

4

9

6


C=




31

25

63

4

 

19

2

25


 

2


9


 




5















6

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

7

А+В=

 

 

 


В-С=

 

 

 


А2=

 

 

 

8

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

11- Сурет

3. 1-Мысалды орындау үшін:

  • Қосынды матрица орналасатын диапазонды, мысалы, B6:D8 белгілейсіз;

  • = “ пернесін басасыз;

  • А матрицасы орналасқан В2:D4 диапазонды белгілейсіз;

  • + “ пернесін басасыз;

  • В матрицасы орналасқан G2:I4 диапазонды белгілейсіз;

  • CTRL+SHIFT+ENTER пернелер комбинациясын басасыз.

  • Нәтижесінде формулалар жолында келесі: = {B2:D4+G2:I4} формуласы шығу керек;

4. Қалған тапсырмаларды жоғарыда көрсетілгендей ретпен орындап көріңіз.

  1. жаттығу. А және В матрицаларын алгебралық түрде көбейту, кері матрицаны табу, матрицаның анықтауышын есептеу.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

2. Келесі кестені /12- сурет/ құрыңыз:


A

B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

M

N

1


2

6

4



-1

3,1

7



 

 

 

2

А =

3,1

7,1

1


В =

2,3

6

1


С=А*В=

 

 

 

3


-1,1

0

-0,2



0

2

3,22



 

 

 

4















5















6

А-1=





А*А-1=





Det(A)=




7















8















12- Сурет

3. А*В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін (12- сурет, С=А*В=) табу үшін :

  • L1:N3 диапазонды белгілеп алыңыз;

  • Функция шеберін (Мастер функцийшақырып, Математические категориясыныан МУМНОЖ функциясын таңдайсыз, Палитра формул терезесі пайда болады;

  • Осы терезедегі Массив 1 тұсына курсоды қойып, кестедегі бірінші матрицаны (В1:D3) белгілеп аласыз, Массив 2 тұсына екінші матрица диапазонын (G1:I3) жазасыз;

  • Формула жазылып болғаннан кейін, соңынан, <Ctrl>+<Shift>+<Enter> пернелері басылады.

4. А матрицасына кері матрицаны (12- сурет, А-1=) табу үшін:

  • Нәтиже орналасатын обылысты B5:D7 белгілеңіз;

  • Формула енгізіңіз: функция шеберінен МОБР шақырыңыз да , пайда болған терезедегі Массив тұсына кестеден А матрицасын немесе В1:D3 диапазонды белгілеп, соңынан <Ctrl>+<Shift>+<Enter> басыңыз;

  • А матрицасы мен оған кері матрицаны көбейтіп (12- сурет, А*А-1=) тексеріп көріңіз, нәтижесінде бірлік матрица алынады.

5. А матрицасының анықтауышын (12- сурет, Det(A)=) табу үшін :

  • Курсорды L6 ұяшығына апарып, МОПРЕД функциясы шақырылады, А матрицасының диапазоны белгіленеді, сәйкес пернелер комбинациясы басылады .

3 - жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу /кері матрицаны табу әдісімен/.

Заводтың 3 цехын қалпына келтіру үшін қаражат келесі ретпен: 1- цехқа 510000, 2-цехқа 180000, ал 3- цехқа 480000 бөлінді. Цехтарға станоктың үш түрі А, В, С сатып алынады. Бірінші цехқа А станогынан - 4, В станогынан – 8, С станогынан -1 қажет болады. Екінші цехқа А станогынан - 1, В станогынан – 2, С станогынан -1 алынуы керек. Үшінші цехтың қажетіне А станогынан - 1, В станогынан – 5, С станогынан -4 керек. Заводқа бөлінген қаражат мөлшерінен асып кетпеу үшін, станоктар ең қымбат дегенде қандай бағамен сатып алынуы керек? Бұл есепті шешу үшін сызықтық теңдеулер жүйесі құрылады:

мұндағы,  - сәйкес станоктардың бағалары.

Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалық түрге келтіру үшін белгілеулер енгіземіз , мысалы, А – сызықтық теңдеулер жүйесінің сол жағындағы коэффициенттерден құралған матрица, х – белгісіздерден құралған матрица және b- бос мүшелерден құралған матрица.

Нәтижесінде, бұл есеп  , мұндағы

түріндегі теңдеуді шешу есебіне келтіріледі. Мұндай теңдеулерді Excel программасында шешудің қарапайым жолы - «кері матрицаны табу» немесе Крамер әдістерінің бірін пайдалану. Бірінші әдісті пайдаланамыз , ол үшін:

  1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3Тапсырма3 деп өзгертіңіз;

  2. Алдыңғы жаттығудағы сияқты (2-жаттығу, 4- пункт) A-1 кері матрицаны есептейміз, себебі Ax=b теңдеуінен х белгісіздер матрицасын тапсақ, ол x=A-1 . b болады. Табылған кері матриицаны бос мүшелер матрицасы b- ға көбейтіп нәтижені табамыз. Матрицалармен орындалған фунциялар 13- суретте оларды орындағаннан кейін шыққан нәтижелер 14- суретте көрсетілген:


B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

M

N

O

P

Q

2


4

8

1



510000



=МОБР(C2:E4)



=МУМНОЖ(K2:M4;H2:H4)


3

A

1

2

1


B

180000


A-1


X


4


1

5

4



480000






5

















13- Сурет


B

C

D

E

F

G

H

I

J

K

L

M

N

O

P

Q

2


4

8

1



510 000



-0,3333

3

-0,667



50000


3

A

1

2

1


B

180 000


A-1

0,33333

-1,6667

0,333


X

30000


4


1

5

4



480 000



-0,3333

1,3333

0



70000


5

















14- Сурет Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

12-Кестеден алынады)

1. А. және В матрицаларының қосындысын есептеңіз /1-тапсырма/.

2. А және В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін есептеңіз /2-тапсырма/.

3. (А+В) матрицасына кері матрицаны табыңыз. Бастапқы матрица мен кері матрицаны көбейтіп, нәтижені тексеріңіз /3- тапсырма/.

4. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешіңіз /4- тапсырма/:

12- кесте

Нұсқа

1, 2, 3 -тапсырмалар

4- тапсырма

1

2

3

4

5

Бақылау сұрақтары:

  1. Массивті қалай түсінесіз?

  2. Массив элементтерін енгізуде қандай пернелер қатар қолданылады?

  3. МОПРЕД функциясының қызметі қандай?

  4. Массивтерді алгебралық көбейтуде қандай функция қолданылады?

  5. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешу тәсілін сипаттаңыз?

Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»

Мақсаты: күрделі өрнектерді есептей білуге, сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісін пайдаланып шеше білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

ТРАНСП ( ) функциясы ұяшықтардың тігінен (вертикальный) орналасқан диапазонын көлденеңінен (горизонтальный) орналастырады, немесе керісінше түрлендіреді. Бұл функция көбінесе матрицаларды түрлендіруде қолданылады. Матрицаны транспонирлегенде оның жолдары бағандарға, бағандары жолдарға ауысады.

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу . А матрицасының транспонирленген AT матрицасын табыңыз.

  1. А матрицасының элементтерін енгізіңіз /15- сурет/;


A

B

C

D

E

F

G

H

I

9










10


2

3

5






11

A=

5

2

7


AT=




12


4

2

1






15- Сурет

  1. Транспонирленген матрица үшін орын G10:I12 диапазонды белгілеңіз;

  2. Функция шеберін пайдаланып =ТРАНСП(B10:D12) енгізіңіз, орындауға жіберіңіз;

2- Жаттығу. Күрделі өрнектерді есептеу.

мұндағы,   –   компонентті вектор ,  және  – өлшемдері   болатын матрица,   және  .

  1. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз /16- сурет/.

  2. Есеп шарты бойынша қосындыны табу үшін Функция шеберін пайдаланып СУММ функциясын шақырамыз. Бұл функция көрсетілген диапазондағы ұяшықтар

16- сурет мәндерінің қосындысын есептейді.

  1. В6 ұяшыққа келесі формуланы енгізіңіз:

  2. әдеттегідей Ctrl + Shift + Enter пернелерін басыңыз.

  3. Бұл есептеуді келесі қарапайым формула көмегімен D6 ұяшықта есептеңіз:

  4. .

3- жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешіңіз.

Сызықтық теңдеулер жүйесі   берілген,   – коэффициенттер матрицасы,– бос мүшелер бағаны, – белгісіздер бағаны. Крамер әдісі бойынша белгісіз   формуласы бойынша есептеледі, мұндағы   -   матрицаның анықтауышы,   - бастапқы А матрицасының анықтауышы. матрицалары A матрицадағы i-ші бағанды, бос мүшелер бағаны "b"-мен ауыстыру арқылы алынады. Мысалы, үш белгісізі бар сызықтық теңдеулер жүйесінің коэффициентер матрицасы А және бос мүшелер бағаны В берілсін:

  1. Кестеге A, В матрицаларын енгізіңіз және A матрицасын үш рет қайталап (А1, А2, А3) көшіріңіз /16-сурет/;


B

C

D

E

F

G

H

I

J

2


4

8

1





51

3

A

1

2

1


Det(A)=


В

18

4


1

5

4





48

5










6


51

8

1






7

A1

18

2

1


Det(A1)=


X1=


8


48

5

4






9










10


4

51

1






11

A2

1

18

1


Det(A2)=


X2=


12


1

48

4






13










14


4

8

51






15

A3

1

2

18


Det(A3)=


X3=


16


1

5

48






17










16- Сурет

  1. Әрі қарай В –ны А1-дің 1-бағанына, А2-нің 2-бағанына, А3-тің 3-бағанына көшіріңіз /16-сурет/;

  2. А, А1, А2, А3 матрицалар анықтауыштарын сәйкесінше Н3, Н7, Н11, Н15 ұяшықтарда есептеңіз;

  3. Анықтауыштардың мәндерін пайдаланып Х1 түбірді   формуласымен есептеңіз, қалған Х2, Х3 түбірлерді табыңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

13, 13.1 -Кестелерден алынады)

1. Теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешіңіз /13-кесте, 1-тапсырма, а) / .

2.  - квадратуралық форманы есептеңіз /13-кесте , 2-тапсырма, б) / .

13-кесте

1-тапсырма

Матрица



1-тапсырма

Матрица



1

а)

б)


4

а) 

б) 

2

а) 

б)


5

а)

б) 

3

а)

бв) 



6

а)

б)




  1. Күрделі өрнек  = ... есептеп мәнін табыңыз /13.1-кесте/:

13.1-кесте


а, x, yвекторлары

,

матрицалар

1

2

3


4

5

Бақылау сұрақтары:

  1. Матрицаны транспонирлегенде не өзгереді?

  2. Крамер әдісі не үшін қолданылады?

  3. Крамер әдісін қолдану үшін қандай шарт орындалуы керек?

  4. СУММ () функциясы қандай қызмет атқарады?

  5. СУММКВ () функциясы қандай қызмет атқарады?

Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау»

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесімен, оның негізгі компоненттерінің қызметімен, деректер, жазба, өріс, кілттік өріс объектілерді жасау әдістерімен, өрістердің типтерімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, енгізу және өңдеу.

Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын жеке компоненттерден тұрады. Бұл компоненттерге кестелер, пішіндер (формы), есеп беру (отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады. Microsoft Access-тің әрбір объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен: Конструктор көмегімен немесе Мастер көмегімен жасалады. Конструктор режімінде объект құрылымы жасалынады немесе өзгертіледі, ал Мастер режімінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып, қолданылады.

Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен бағандардың қиылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттан тұрады.

Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.

Мысалы, «Құны (Стоимость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон номері» өрісіндегі деректерді телефон номерлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.

Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.

1. Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі.

2. Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандардыенгізу үшін. Соңғы жағдайда өрістің өлшемімен қатар санның ондық бөлігінің өлшемі беріледі.

3. Күн мен уақытты енгізу өрісі Күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе Жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады. Мұндай өрістің ұзындығы әрқашанда 1-ге тең.

4. Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай деректер сақталатыны атауынан-ақ белгілі. Ақшаның сомаларының көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге көрсетеді, рубль мен тиынды, фунт пен пенсты, доллар мен центті ажыратады.

5. Қазіргі кездегі деректер базаларында тек сандар мен әріптерді ғана емес, сонымен бірге суреттерді, сазды клиптер мен бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай объектілерге арналған өріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.

6. Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256 символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса, бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін сақтауға болады. MEMO өрісінің ерекшелігі – деректер өрісте емес басқа жерде сақталады, ал өрісте тек мәтіннің қайда орналасқанын көрсететін көрсеткіш (указатель) сақталады.

7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер деректер қорында мұндай өріс болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде, оған алдыңғы жазбадағы сол өрістің мәнінен бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі. Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.

Егер ақпарат қарапайым құрылымда сақталған болса, онда олармен арнайы деректер қорын басқару жүйесінің көмегінсіз жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Практика жүзінде бір-бірімен өзара байланысты көптеген кестелерден тұратын күрделі құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір-бірімен өзара байланысты кестелерден тұратын деректер қоры реляциялық деректер қоры деп те аталады.

Деректер қорын бір-бірімен өзара байланысты кестелерге бөлу ыңғайлы, кейде қажет. Мысалы, компакт-дисктер прокатымен айналысатын фирманың менеджері заказдардың санын көбейту мақсатында қолдағы бар дисктердің тізімін әрбір клиент көре алу үшін залға компьютер қоюды шешті. Егер деректер базасы бір ғана кестеден тұратын болса, онда кез келген келуші дисктер туралы ақпаратпен қатар фирманың басқа клиенттері жөніндегі ақпаратпен хабардар бола алады. Бұл тапсырыс берушілерге ұнамауы мүмкін. Мұндай менеджер жаңа клиенттерді жинай алмауымен қатар бұрынғы клиенттерін де жоғалтады.

Кестелер арасындағы байланыстар сенімді мықты болу үшін және бір кестедегі жазба арқылы басқа кестедегі жазбаны табу үшін кестеде қайталанбас дара (уникальные) өрісті қарастыру керек.

Кестелердің құрылымын жасауда бір өрісті (немесе өрістердің бір комбинациясын) кілттік өріс ретінде алуға болады. Кілттік өрістермен компьютер ерекше жұмыс жасайды. Компьютер олардың даралығын (уникальность) тексереді және мұндай өрістермен сұрыптауды (сорттауды) тез орындайды. Мұндай кілттік өрісті байланыстар жасау үшін қолдану тиімді. Кейде кілттік өрісті бастапқы кілт деп те атайды.

Өрістер арасындағы байланыс түрлері:

1:1: «Бірдің –бірге» қатынасы. Мысалыстудент– сынақ кітапшасының №.

1:N: «Бірдің-көпке» қатынасы. Мысалы: Бір тауар әкелуші...а)  ... бірнеше тауар әкелуі мүмкін, ...б) ... бірақ, әрбір тауардың тек бір әкелушісі болады. Осы сияқты қатынас Топ- -студенттер арасында да болады.

N:M: «Көптің-көпке» қатынасы. А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес болуы мүмкін, ал В кестесінің бір жазбасына А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келуі мүмкін. МысалыСтуденттер-олардың тыңдайтын Курстары, Авторлар-Кітаптар, Тауар әкелушілер-Тапсырыс берушілер.

Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар:

Деректердің тұтастығы (целостностьAccess деректер басқару жүйесінде байланыстырылған кестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдау үшін қолданылатын ережелер жүйесін білдіреді. Деректердің тұтастығын бақылау үшін мына шарттар орындалу керек:

  • Бір кестенің байланысқан өрісі кілттік өріс болады немесе қайталанбас дара индекс болады.

  • Байланысқан өрістердің деректерінің типтері бірдей болады. Ескерту: Алайда, Санауыш (Счетчик) өрісі сандық өрісімен байланыса алады, егер сандық өрістің типі ұзын бүтін (длинное целое) болса.

  • Байланыстырылатын кестелер Access-тің бір деректер қорында болуы тиіс.

Жаттығу жұмыстары:

1-Жаттығу. «Деканат» деректер қорын жасау.

  1. Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау үшін:

  • Access программасын жүктеп, ашылған терезенің сол жағындағы «Жаңа деректер қоры» пунктын басыңыз;

  • «Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз және деректер қоры сақталатын өзіңіздің папкаңызды таңдаңыз.

  • Создать батырмасын басыңыз.

  1. Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:

    • Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінің сол жақ панелінде Access объектілерінің (таблицы, формы, запросы, отчеты, макросы, модули) барлық типтерін шақыру үшін басқару элементтері орналасқан. Терезеден жасалатын құжаттың типін таңдау керек, сіз кесте жасайтын болғандықтан Таблицы бөлімін таңдап,Создать батырмасын басыңыз.

  • «Жаңа кесте (Новая таблица)» терезесі ашылады. Оң жағында келесі жұмыс үшін нұсқалардың тізімі берілген:

  • Мұнда бірнеше нұсқалар бар, соның ішінен сіз Конструкторды таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ашылған Конструктор терезесінде жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңызКестенің өрістерін анықтау үшін:

  • «Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_ коды деп енгізіңіз;

  • «Деректер типі» бағанындағы жолда тізім батырмасына басып, деректердің Сандық (Числовое) типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін» Общие- Целое во вкладке деп анықтаңыз.

  • Оқытушы_коды өрісін кілттік өріс етіңізОл үшін саймандар панеліндегі кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді шақырыңыз.

  • «Код» өрісіндегі деректерге шектеу енгізіңіз. Бұл деректер қайталанбауы қажет, өйткені оқытушылардың кодтары қайталанбауы тиіс, әрі оларды өзгерту мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. 

  • Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын шертіңіз. Тізімнен «ДА» пунктін таңдаңыз ( бірдей болмау үшін).

ЕскертуИндекс — бұл Access-тің кестеде деректерді іздеуді және сұрыптауды тездететін құрал. Кестенің кілттік өрісіне (алғашқы кілттің өрісі) автоматты түрде индекс қойылады. MEMO және Гиперсілтеме немесе OLE объектісінің өрістеріне индекстер жасауға болмайды.

  • «Оқытушылар» деректер қоры кестесіндегі қалған барлық өрістерді анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.

1- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Фамилиясы

Мәтіндік

20

Аты

Мәтіндік

15

Әкесінің_аты

Мәтіндік

25

Туған_күні

Күн/уақыт

Өрістің форматы: Қысқа

Қызметі

Мәтіндік

9

Пән_коды

Сандық

Бүтін

Пән

Мәтіндік

11

Телефон

Мәтіндік

9

Жалақы

Ақшалық

Өрістің форматы: Негізгі

Ондық таңба саны: 0

  • Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңызОл үшін «Жабу» белгісін басыңыз. Ашылған терезеде кестенің атын сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОКбатырмасын басыңыз.

2 – Жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлеу).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап,  батырмасына басыңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін:

  • «Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

  • Өрнекті құрастырушы арқылы (построитель выражений) мәндерге шарт қою үшін мынандай   батырманы шертіңіз.

  • Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазыподан соң   батырмасын шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК> батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент, Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

  • «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға ш+ығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

  • «Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент сөзін анықтаңыз.

  • Конструктор режимінен шығыңыз.

3 – Жаттығу. Кесте режімінде жұмыс.

1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлеу жүреді. Жобаланған кестеңіздің Кесте (Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін:

  • Саймандар панеліндегі   батырманы шертіңіз;

  • немесе Вид – Режим таблицы комндаларын орындаңыз. Кестені сақтауға байланысты шыққан сұраққа <Да> деген батырманы шертіңіз.

2. Кестені толтыру. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз. «Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

2- кесте

Код

Фамилия

Аты

Әкесінің аты

Туған жылы

Қызметі

Пәнкоды

Пән

Жала-қы

1

<

Саят

8900

23.10.1954

Профессор


Статистика

8900

2

Айтов

250

Айтович

25.07.1940

Доцент


Экономика

12000

3

Омаров

Назар

Маратович

05.12.1967

Доцент


Математика

17600

4

Сергеева

Ольга

Ивановна

12.02.1972

Ассистент


Математика

14500

5

Емец

Емец

Петрович

16.02.1951

Доцент


Экономика

18900

6

Салимова

Раушан

Ахановна

30.05.1966

Доцент


Информатика

17900

7

Омаров

Оспан

Маратович

30.07.1948

Доцент


Физика

18900

  1. Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.

  2. Ол үшін:

  • «Код» өрісіндегі кез келген жолды шертіңіз;

  • Формат– Ширина столбца командасын орындаңыз;

  • Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда өріс ені өзгереді.

  • Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.

  1. Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеу жасау үшін:

  • «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

  • Правка –Найти командасын орындаңыз;

  • Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз;

  • <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз орналасқан 3- жолға ауысады;

  • <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

  • <3акрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.

  1. Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 18900 -дан 20000-ға алмастыру керек . Ол үшін:

  • «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

  • Правка– Заменить командасын орындаңыз;

  • Пайда болған терезенің Образец жолында 18900 санын теріңіз;

  • Заменить на жолына 20000 санын теріңіз. Басқа опцияларға көңіл аударыңыз—сізге осы өрістің барлық жазбалары бойынша іздеу жасауға тура келеді.

  • <3аменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады;

  1. Деректерді сұрыптау. «Жалақы» өрісінің деректерінің өсу реті бойынша кесте деректерін сұрыптау (сорттау) керек. Ол үшін:

  • «Жалақы» өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;

  • Басқару панеліндегі  батырмасын шертіп немесе Записи – Сортировка– Сортировка по возрастанию командаларын орындаңыз.

  1. Фильтр қолдану.

а) «Қызметі» және «Пән» өрістері бойынша деректерді іріктеу (фильтрация) қажет. Ол үшін:

  • «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасын шертіңіз;

  • Саймандар панеліндегі  батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.

  • щелкните по записи Информатика поля «Пән» өрісінде Информатика жазбасын белгілеңіз;

  • Саймандар панеліндегі   батырмасын немесе Записи– Фильтр– Фильтр по выделенному командаларын орындаңыз. Нәтижесінде кестеде тек информатика пәнін оқытатын доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.

  • Фильтрацияны алып тастау үшін   батырмасын немесе Записи– Удалить фильтр командаларын орындаңыз. Кестедегі деректер қайтадан бастапқы толық қалпына келеді.

б) «О» әрпінен аттары басталатын оқытушылар туралы жазбаларды алу керек. Ол үшін:

  • Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойыңыз.

  • Записи– Фильтр– Изменить фильтр командаларын орындаңыз.

  • Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойып, Like «О*» сұратуын жазып, Записи– Применить фильтр командаларын орындаңыз.

  • Егер сұратуды Not «О*» деп жазсаңыз, онда «О» әрпінен басталмайтын барлық жазбаларды теріп береді.

8. Кестені сақтаңыз.

3 – Жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер

  1. Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз

3- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Студенттің коды

Мәтіндік

Бүтін

Фамилия

Мәтіндік

15

Аты

Мәтіндік

12

Әкесінің аты

Мәтіндік

15

Топ номері

Мәтіндік

10

Телефон

Мәтіндік


Стипендия

Логикалық

Иә/Жоқ

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын» беріңіз. Ол үшін Для этого щелкните по полю «Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі   батырмасын шертіңіз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз. Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

  1. Пәндер кестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

4- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Пән коды

Сандық

Бүтін

Пән аты

Мәтіндік

30

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын» беріңіз. Кестелер кейін форма режимінде толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

  1. Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

5- кесте.

Өрістің аты

Деректер типі

Өрістің өлшемі

Студент коды

Сандық

Бүтін

Пән коды

Сандық

Бүтін

Бағалар

Сандық

Байт

Ескерту: Бұл кестеде кілттік қрісті жаудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

  1. Деректер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін:

  • Саймандар панеліндегі   батырманы шертіп немесе Сервис– Схема данных командаларын орындаңыз, сонда экранда «Схема данных» терезі шығады;

  • Саймандар панеліндегі   батырманы шертіп немесе Связи– Добавить таблицу командаларын орындаңыз;

  • Пайда болған терезеде тек бір кестенің аты ғана тұрады. Щелкните по кнопке <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп, қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

  • <3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз;

  • Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек. Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

  • Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп жалауша () орнатыңыз. Егер екі өрістің типтері бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.

  • Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз;

Ескерту. Байланыстырылған өрістерді каскадты жаңарту мен Байланыстырылған өрістерді каскадты жою тек Пәндер кестесінде ғана жазбаларды редакторлеуге мүмкіндік береді. Ал Бағалар кестесінде бұл әрекеттер автоматты түрде орындалады Мысалы: егер Пәндер кестесінен бір пәнді жойсақ, онда Бағалар кестесіндегі жойылған пәнмен байланысты барлық жазбалар да жойылады.

  • <Создатьбатырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

  • Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

  • Студенттер кестесі мен Бағалар кестесіндегі «Студент коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Нәтижесі мына суреттегідей болады:

Макетті сақтап терезені жабыңыз. Өрістер арасындағы 1:1, 1:N және N:M байланыстарына көңіл аударыңыз

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  2. Үш кестеден «Дәрігер», «Пациент», «Участки» тұратын «Емхана» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздеріңіз өрістерді анықтап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Деректер базасы, ДББЖ деген не?

  2. MicrosoftAccess ДББЖ қандай объектілердден тұрады?

  3. Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?

  4. Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?

  5. Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?

Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

  1. Конструктор - пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.

  2. Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.

  3. Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.

  4. Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды.

  5. Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-Жаттығу. Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

а) Пәндер пішінін жасау үшін:

  • Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать батырмасын басыңыз.

  • Ашылған Новая форма атты сұхбат (диалогтық) терезесінде Мастер форм пунктін таңдаңыз.

  • Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

  • Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан алдымен  , одан соң Далее батырмаларын басыңыз.

  • Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.

  • Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз.

  • Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.

  1. Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.

1- Кесте.

Пән коды

Пән аты

1

Информатика

2

Математика

3

Физика

4

Экономика

2. Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп (немесе кестенің атын белгілеп,Enter пернесін басып) ашыңыз.

  • Пән коды өрісін 8- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап, жабыңыз.

3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.

  1. Для создания формы Студенттер пішінін жасау үшін:

    • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

    • Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз.

    • Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық (ленточная) түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.

  2. Студенттер кестесін 2- кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз. 2- кесте.

Студенткоды

Фамилиясы

Аты

Әкесінің аты

Топ

Телефон

Сти-пендия

1

Арбузов

Николай

Николаевич

Ф-15

260-15-63

Иә

2

Киршин

Петр

Валерьевич

Ф-15

110-67-82

Иә

3

Кривинский

Сергей

Николаевич

Ф-17

172-97-21

Жоқ

4

Крылова

Елена

Петровна

Ф-18

130-31-87

Иә

5

Кульчий

Григорий

Викторович

Мн-12

269-53-75

Иә

6

Патрикеев

Олег

Борисович

Ф-17

234-11-63

Жоқ

  1. Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

  1. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

  • Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.

  • Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.

  • өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

  • Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данныхкомандасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

  1. Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағаларкестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

3- Кесте.

Студент коды

Пән коды

Бағалар

1

1

4

1

2

5

1

3

4

1

4

4

2

1

5

2

2

5

2

3

4

2

4

4

3

1

3

3

2

5

3

3

4

3

4

3

4

1

4

4

2

4

4

3

5

4

4

4

5

1

5

5

2

5

5

3

5

5

4

5

6

1

5

6

2

4

6

3

5

6

4

4

5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  2. Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пішін (форма) дегеніміз не?

  2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

  3. Автоформа дегеніміз не?

  4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

  5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

Зертханалық жұмыс №13 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау. Есеп беруді жасау»

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұрату және есеп беру, оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұратустатистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

  • Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама

(Выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту

(Обновление)

Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою

(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)

Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)

Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

Сұратулардағы есептеулер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]

Есеп беру – бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауың бойынша Конструктор көмегімен жасауға, көркемдеудің дайын нұсқаларын қолдануға (автоотчетынемесе Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

  1. Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді, алайда бұл тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.

  2. Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берулердің макетін жасауға мұмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.

  3. Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный) – есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.

  4. Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.

  5. Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-Жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:

  • Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;

  • Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;

  • Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

  • <ОК> батырмасын басыңыз;

  • Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан   батырмасын басыңыз;

  • <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;

  • «Қызметі» деген өрісті белгілеп,   батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

  • Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.

  • <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .

2. Өз беттеріңмен Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана отырып Студенттер кестесінің негізінде студенттің экономикалық факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справкатүрінде есеп беру жасаңыз.

Жаттығу жұмыстары:

1-Жаттығу. «Сұратуларды жасау және қолдану»

  1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.

а) қарапайым сұрату жасау үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;

  • Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп <ОК> басыңыз;

  • Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

  • в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп,  . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне тауысады;

  • осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);

  • <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;

  • <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.

б) Сұратуды сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі   -Сохранить батырмасын шертіп немесе Файл – Сохранить командасын орындаңыз. Енд сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Параметр ретінде оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұратуды Гришин деген оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:

  • Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».

  • Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.

  • <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.

  • Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына   батырманы басып немесе Вид– Конструктор командасын орындаңыз;

  • Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды да жазу керек): [оқытушы фамилиясын енгіз];

  • Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы   басып немесе Запрос– Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:

  • Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.

  • Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

  • Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

  • Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

  • Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

  • Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

  • Студенттер, Бағалар кестесінен ФамилияАты, Әкесінің аты, топ номері өрістерінал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерінтаңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.

  • Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.

  • Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.

  1. Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

  2. «Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

  3. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

  4. Өз беттеріңізбен есеп беру жасап үйреніңіздер.

Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:

  1. «Музыкалық альбом» деректер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.

  2. «Емхана»деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  3. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  4. Задайте к базе данных «Компьютерліксалон»деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  5. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

Бақылау жұмыстары:

1. Сұрату, есеп беру деген не?

2. Сұрату, есеп берудің жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұратудың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?

5.Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?

Зертханалық жұмыс №14 Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»

Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( / ) болуында. Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

  • TABLEтегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

  • Міндетті емес элемент CAPTION– кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

  • TRтегтері – кесте жолдарын спецификациялайды.

  • TH тегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

  • TDтегтері– кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін (бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:

<TABLE>

<TR><TD> 1 </TD><TD> 0 </TD></TR>

1

0

0

1

<TR><TD> 0 </TD><TD> 1 </TD></TR>

</TABLE>

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.

Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.

Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:

  • Кестенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

  • Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

  • Жақтау (рамка, borders) – кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN мен VALIGNатрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH– Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-Жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей html –құжат жасау.

  1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

  2. Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына<HTML> деп теріңіз.

1 -Сурет. Html құжат үлгісі

  1. Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

<TITLE> Пример работы

с тегами. Форматирование

</TITLE> </HEAD>

  1. Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

<BODY BGCOLOR=yellow TEXT=blue >

мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны – сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.

  1. Ары қарай тағы да теріңіз:

<H1>Это заголовок первого уровня</H1>

<H2>Это заголовок второго уровня</H2>

Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.

  1. Енді нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасауды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<OL >Это пример пронумерованного списка

<LI>Первый элемент

<LI>Второй элемент

<LI>Третий элемент

</OL>

<UL TYPE=DISC>Это пример непронумерованного списка

<LI>Первый элемент

<LI>Второй элемент

<LI>Третий элемент

</UL>

  1. Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<I>Это курсив</I>

<B>Это жирный шрифт</B>

<U>Это подчеркнутый текст</U>

<SUP>Это верхний индекс</SUP>

<SUB>Это нижний индекс индекс</SUB>

<BR>Это начало нового абзаца.

<BIG>Это большой шрифт</BIG>

<SMALL> Это маленький шрифт</SMALL>

<STRIKE>Это перечеркнутый шрифт</STRIKE>

  1. Келесі жолға <BR><BR> деп теріңіз. Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter » клавишасын басқанды білдіреді).

  2. Келесі жолға теріңіз: <MARQUEE >ЭТО БЕГУЩАЯ СТРОКА</MARQUEE>. Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.

  3. HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан <BODY> тегін жабу керек , ол үшін </BODY> деп жазыңыз.

  4. HTML құжаттағы жазу аяқталды, сондықтан <HTML> тегін де жабу керек,ол үшін </HTML> деп жазыңыз.

  5. Блокнотты жауып, жасаған құжатыңызды тышқанның сол жағын екі рет шертіп ашыңыз.

2-жаттығу. Сайттың тексін өзгерту. Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бар үй бетін (домашняя страница) жасаңыз, ол үшін барлық келтірілген тегтерді қолданып 1–ші жаттығудағы сайттың тексін өзгертіңіз.

3-Жаттығу. Құжатты редақциялау.

Фондық сурет қою арқылы беттің фонын өзгертейік. Ол үшін:

  • Мои рисунки бумасынан (папка) jpg форматты суреттің көшірмесін өз бумаңызға түсіріп, оған image.jpg деп ат беріңіз.

  • Қайтадан өзіңіздің HTML-құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Просмотр HTML-кода командасын орындаңыз.

  • Ашылған Блокнот редакторының терезесінде HTML-кодты. Редакциялайық. <BODY> тегінде фон түсінің тегінің орнына BACKGROUND="image.jpg" дегенді қосып жазыңыз. Құжатты сақтап, Блокнот терезесін жабыңыз.

  • Өзіңіздің HTML- құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Обновить командасын орындаңыз.

4-Жаттығу. Сурет түсіру. Құжатқа гиперсілтеме жасау.

<IMG> және <A HREF> тегтерін қолданып келесі HTML- құжатын жасау.(2-сурет)

2 -сурет

  1. Блокнот текстік редакторының терезесін ашып, бос құжатты Задание4.html деп сақтаңыз

  2. Құжаттың бірінші жолына <HTML> деп жазыңыз..

  3. Терезе тақырыбын жазу үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<HEAD>

<TITLE> Вставка рисунка и гиперссылки

</TITLE>

</HEAD>

  1. Ары қарай <BODY BGCOLOR=pink TEXT=black LINK=blue VLINK=red> деп енгізіңіз.

  2. Енді суретті түсіреміз. Ол үшін келесі жаңа мына тіркестерді жазыңыз: <IMG SRC="image.jpg" ALT="Здесь должен быть рисунок" HEIGHT=250 WIDTH=250 ALIGN=middle ISMAP>

  3. Сурет пен келесі жазылатын текст арасында 3 бос жол болу керек. Ол үшін <BR><BR><BR> деп жазыңыз.

  4. Енді құжатқа Задание1.html құжатын шақыратын гиперсілтеме (гиперссылка)жасаймыз Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

<A HREF="Задание1.html"> Перейти по гиперссылке </A>

  1. </BODY>тегін жабыңыз.

  2. </HTML> тегін жабыңыз.

4-жаттығу. Кестесі бар (таблица) HTML-құжат жасау.

Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>Пример 2</TITLE>

</HEAD>

<H1>Простейшая таблица </H1>

<TABLE BORDER=1><!--Это начало таблицы-->

<CAPTION><!--Это заголовок таблицы-->

У таблицы может быть заголовок

</CAPTION>

<TR><!--Это начало первой строки-->

<TD><!--Это начало первой ячейки-->

Первая строка, первая колонка

</TD><!--Это конец первой ячейки-->

<TD><!--Это начало второй ячейки-->

Первая строка, вторая колонка

</TD><!--Это конец второй ячейки-->

</TR><!--Это конец первой строки-->

<TR><!--Это начало второй строки-->

<TD><!--Это начало первой ячейки-->

Вторая строка, первая колонка

</TD><!--Это конец первой ячейки-->

<TD><!--Это начало второй ячейки-->

Вторая строка, вторая колонка

</TD><!--Это конец второй ячейки-->

</TR><!--Это конец второй строки-->

</TABLE><!--Это конец таблицы-->

</BODY>

</HTML>

6-жаттығу. Біріктірілген және бөлінген ұяшықтары бар кесте жасау. Colspan, Rowspan тегтерін меңгеру.

Өзіңіздің бумаңызда жаңадан біріктірілген және бөлінген ұяшықтары тұратын кестесі бар HTML- құжат жасаңыз.Ол үшін төменде келтірілген программаның тексін теріп, құжатты Задание 6.html деген атпен сақтаңыз. Colspan, Rowspan тегтерінің қызметіне назар аударып, зерттеңіз. Нәтижесі мына суреттегідей болуы тиіс:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>Пример объединения ячеек с помощью COLSPAN и ROWSPAN</TITLE>

</HEAD>

<BODY BGCOLOR = BLUE TEXT = BLACK >

<TABLE ALIGN= “CENTER” BORDER= “2” LEFTMARGIN= “40” RIGHTMARGIN= “40” CELLPACING= “0” CELLPADDING= “40” WIDTH= “100%” HEIGHT= “200”>

<TR ALIGN= “CENTER” BGCOLOR=GRAY>

<TH COLSPAN= “2”> Ячейка1 </TH>

</TR>

<TR>

<TD ALIGN= “CENTER” ROWSPAN= “3”> Ячейка 2 </TD>

<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 3 </TD>

</TR>

<TR>

<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 4 </TD>

</TR>

<TR>

<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 5 </TD>

</TR>

</TABLE>

</BODY>

</HTML>

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Өз тобыңыздың HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта тобыңыздағы студенттер тізімі, кесте және топтың фотосуреті болуы керек. Өз фамилияңызға гиперсілтеме жасап, өзіңіздің жеке Web-бетіңізді (яғни, сіздің жеке HTML-құжатыңыз, онда сіз туралы шағын ақпарат болу керек) шақыратындай етіңіз.

  2. Өз курсыңызға HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта курстағы топтар тізімі, және сіздің факультетте 1-курста оқитындардың ішіндегі Алтын Белгі иегерлері туралы деректер кестесі болу керек. Өз тобыңыздың атына гиперсілтеме жасап, өзіңіздің тобыңыздың жеке Web-бетін (яғни, сіздің жеке HTML-құжатыңыз, онда сіздің топ туралы шағын ақпарат және топтың фотосуреті болуы керек) шақыратындай етіңіз.

  3. Факультеттің HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта факультеттегі мамандықтар тізімі, кафедралар жайлы дерегі бар кесте (кафедра аты, қазақ, орыс топтарының саны), факультетті мамандығын сипаттайтын сурет болуы керек. Мамандықтар тізіміндегі өз мамандығыңызға гиперсілтеме жасаңыз, ол сіздің мамандық жайлы қысқаша ақпараты бар HTML-құжатты шақыруы тиіс.

  4. Өз университетіңіздің HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта барлық факультеттер тізімі, факультеттер жайлы деректері (факультет аты, кафедра саны) бар кесте және университет эмблемасы бар сурет болуы тиіс. Өз факультетіңіздің атына гиперсілтеме жасаңыз. Ол факультет жайлы шағын ақпараты бар HTML-құжатын шақыруы тиіс.

  5. Сіздің топқа сабақ беретін оқытушылар жайлы HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта оқытушылар тізімі, олар жайлы деректері бар кесте (аты-жөні, сабақ беретін пәні) және мұғалімге қатысты сурет болуы тиіс. Құжатта өз топ жетекшіңізге (куратор) гиперсілтеме жасаңыз. Гиперсілтеме топ жетекшіңіз жайлы шағын ақпараты бар HTML-құжатын шақыруы тиіс.

Ескерту: Жасайтын HTML –құжатыңызда жоғарыда көрсетілген барлық тегтер қатыстырылуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

  1. HTML дегеніміз не?

  2. HTML құжат қалай жасалады?

  3. HTML құжаттың құрылым қандай?

  4. Браузер не үшін қолданылады? Қандай браузерлерді білесіз?

  5. кестені жасау үшін қандай тегтер қолданылады?

Әдебиеттер:

  1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Информатика және есептеуіш техниха/ Жалпы редакциясын басқарған профессор Асқарбек Құсайынов.– Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы,1999. –304 бет.

  2. Симонович С. В., Евсеев Г. А., Алексеев А. Г. Специальная информатика: Учебное пособие. – М.: АСТ _ ПРЕСС: Информ – Пресс, 1998.- 480 с.

  3. Фигурнов В. Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. – М.: ИНФРА _ М,1997. – 480 с. ил.

  4. Гарнаев А.Ю. Использование MS Excel, VBA в экономике и финансах. – СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2004.

  5. Макарова Н.В. Информатика. – М.: Финансы и статистика, 2004.

  6. Хомоненко А., Гридин В. Microsoft Access. Быстрый старт. – Санкт-Петербург: БХВ – Петербург, 2002.

  7. Информатика. Базовый курс/ С. В. Симонович и др. – СПб: Издательство «Питер», 2000.-640 с.:ил.

  8. Леонтьев В. Новейшая энциклопедия персонального компьютера. – М.: ОЛМА – ПРЕСС, 1999.-640 с.

  9. С. К. Каратыгин, А. Ф. Тихонов и др. Электронный офис: В 2-х томах: Т. 1. – М.: «Нолидж», 1999.-768 с. ил.

  10. Буза М. К. и др. Операционная среда Windows и ее приложения. – Мн.: Выш. Шк., 1997. – 336 с

  11. Б.Курицкий. Поиск оптимальных решений средствами Excel 7.0. –СПб., 1997.

  12. Ф. Новиков, А. Яценко. Microsoft Office 97 в целом. –М.,1998.

  13. В. Долженков, Ю. Колесников, В. Рычков. Практическая работа с MS Excel 97, М 1998

  14. В. Пасько. Access 2000 русифицированная версия. Киев, 2001

  15. В. Пасько. Word 7.0 русифицированный для Windows 95. Киев 1996

  16. К. Айвенс. Эксплуатация Windows NT. Проблемы и решения. М 1996

  17. П. Нортон. Разработка приложений в Access 97. –Киев, 1998.

  18. Н. Николь, Р. Альбрехт. Excel 5.0 для профессионалов. –М.:ЭКОМ. 1995

Мазмұны

Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы » 1

1- тапсырма 3

3- тапсырма 3

Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау» 6

1 8

Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату» 9

Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы. 14

Тақырыбы: «Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» 18

Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері. 26

Бөлу 28

Дәрежелеу 28

2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу. 29

Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу» 31

Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу» 35

Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады. 35

Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар» 38

Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі» 43

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау» 47

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау» 57

Тақырыбы: «Сұратуларды жасау. Есеп беруді жасау» 63

Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер» 68

4-жаттығу. Кестесі бар (таблица) HTML-құжат жасау. 74

Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз. 74

5

79



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!