Өзен Әдебиеттік оқу 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзен Әдебиеттік оқу 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу 3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: "Өзен" Ы.Алтынсарин


Мақсаты:

Ы.Алтынсарин туралы мәліметтерін толықтыру, тақырып бойынша өз беттерімен жұмыстануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

  • А)Еліміздегі өзендер, олардың ұзындықтары туралы біледі;

  • В)Автор туралы және үш тілде білімдерін толықтырады,талдайды;

  • А)Өлеңнің мазмұнын аша біледі;

  • В) Нақыл сөздерді тауып, жаза алады;

С)Жақсы касиеттерін атау


Түрі: Сыни ойлауын дамыту жұмыс түріндегі сабақ, кластер пайдалану.


Әдісі: топтастыру, блум таксономиясы, сұрақ- жауап,"он сұрақ", "поэзия минуты", "полиглот"


Көрнекілігі: Видеоматериалдар,слайдтар, карточкалар, маршруттық карта.


Тапсырмалар:, «Сурет салу», ребус шешу, топтастыру.

Барысы:










Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру бөлімі

- Сәлеметсіздер ме?

- Бүгін сабаққа дайындықтарымыз қалай?

- Бүгін сабақта кімдер жоқ?

- Сабағымызды бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлаудан бастайық.

- Сәлеметсіз бе?

- жақсы.

-

- Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін.Барлығымыз жақсы баға алайық. Бүгінгі сабақта көп қызықты нәрселерді үйренейік.


Қызығушылықта -рын арттыру

Қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Әр топ өз топ басшысын таңдайды.

  • Топ басшыларының бағалау парағы.



Оқушының аты

Сатылы тест

Қос/ тапсырмалар

Шығарма/ж


Сұрақ- жауап

Т/б бағасы


Мұғалімнің

бағасы

1








2








3








4








5









Сабақ барысында ағаш отырғызу бойынша кластер қолданатынымыз айтылып, түсіндіріледі.


Үй тапсырмасын тексеру

  • Үй тапсырмасына сатылы тест берілген болатын. Сұрағы : Қазақстандағы ең үлкен өзен қай өзен?















Дұрыс жауап болса, бұтақты топыраққа отырғызамыз.(суретін жаңа флипчартқа саламыз).

Сұрағы: Қазақстандағы ең үлкен өзен қай өзен?

Жауаптары: а) Шу б) Ертіс в) Жайық г) Ніл

Дұрыс жауабы: Ертіс

Жауапты қайдан таптың? ғаламтордан.

Кейіпкерге өлең немесе мақал-мәтел:

Ертіс, Ертіс,Ертісім,

Еркелеген еркемсің.

Қарай берем өзіңе,

Өзің қандай көркемсің?

Кейіпкерге хат: Сәлем Ертіс.Қал-жағдайың қалай?Бүгінгі тапсырманы орындау барысында Қазақстандағы ең үлкен өзен ,өзің екенін білдім.Саған адамдардан қандай көмек керек? Суыңның пайдасы туралы көп оқып білдім. Сенімен дос болсам деп ойлаймын. Қош бол.

Хатты жазған: 3а сынып оқушысы Казенова Жанерке.

ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту.

Сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы оқушылардың өздеріне ашқызу.

-Олай болса, бүгінгі танысатын тақырыбымыз қандай деп

ойлайсыңдар?



-Жауабы: "Өзен"


ІІІ.Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

  • Күннің жадын, тақырыбын жаздыру

  • Сабақтың мақсатын анықтап алу.

-Бүгінгі сабағымыздан біз не білу керекпіз?


Бұтақтың тамырларын саламыз.



-Қазақстандағы өзендерді, соның ішінде ең үлкен өзендер туралы білуіміз керек. Өзеннің бөлшектеріне тоқталамыз.

Топтастыру стратегиясы.









Дәптермен жұмыс



Ы.Алтынсарин ақын, жазушы ,ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашты, Қостанай облысында туған, көптеген шығармалары бар,"Қазақ хрестоматиясын "жазды.



(Жауап берген оқушыны топ басшылары бағалап отырады)



Күн жадынын, тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.




Сөздікпен жұмыс

Өлеңдер жазылған парақшаларды тарату.

Түсініксіз сөздерді түртіп алу.


Қынарда- жағасында

Жанабында- маңайында

Қалыбында- сол қалпында

Түсініксіз сөздерді түртіп алады.



Өлеңді талдау.

Бұл кезде интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі және өзеннің түрлеріне байланысты бейнеклип көрсетіліп тұрады.

Өлеңнің мазмұнын аштыру. Мазмұнын айтқызу.

"Өзен" өлеңін мәнерлеп оқиды.

Өлеңнің мазмұнын талдайды, көрген бейнеклиптері туралы ойларын айтады.

Сұрақтарға жауаптар айтқызу.

-Ақын өзенді қалай суреттеген?

-Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

-Өзеннің өмірде қандай пайдасы бар?

Ағаштың бұтақтарын саламыз.


"Он сұрақ" әдісі

Стикерге "Өзен", "Су" деген сөздер жазылады.

Тақтаға шыққан оқушы сұрақтар қою арқылы стикерге жазылған сөздерді табады. Қалған оқушылар "ия","жоқ" сөздерімен жауап береді.


Полиглот

Осы өлеңдегі кей сөздерді үш тілде айтып үйренеміз.

Өзен- река-river

Су-в -water

Тау-гора-mountain

Тас-камень-stone

Жел-ветер-wind

Шөп- трава-grass

Балық-рыба-fish

Бұтағымыздың бүршіктерін саламыз.

Оқушылар берілген сөздерді орысша, ағылшыншаға аударып , айтып береді.

Топпен жұмыс

І-ІІ топтарға Шыңғырлаудың төңірегіндегі өзендердің атауларын жазу тапсырылды.

ІІІ- топқа өзен туралы мақал-мәтелдер жазады.

Ү-ҮІ топтар өзендердің суреттерін дәптерлеріне салады.


Ағаштың жапырақтарын саламыз.

Оқушылар берілген шығармашылық жұмыстарын бір-бірімен ауыстырып, тексеріп карайды.

Қорытынды

Маршруттық карта арқылы сабақты қорытындылау.


Маршруттық картадағы сұрақтарға толық жауап берген оқушылар бағалау критерийлері арқылы өз бағаларын біліп отырады.

Бағалау

Топ басшылары өз бағаларын, не себептен сондай баға қойғанын айтып береді. Мұғалімнің бағасы қойылып, айтылады.

Оқушылар түсініспен қарап , өз бағаларын біліп отырады.

Поэзия минуты

Ыбырайдың немесе басқа ақындардың өлеңдерінен ұнайтынын мәнерлеп оқып береді.

Оқушылар бұрыннан білетін бір өлеңді мәнерлеп оқиды.

Үйге тапсырма

"Өзен" өлеңі жаттауға. Сөздіктегі сөздерді жаттауға.

Әлемдегі ең үлкен өзен туралы мәліметтер жинап келу.Сабағымыз аяқталды.


Әлемдегі ең үлкен өзен туралы презентация дайындап келеді.

Сабақтың соңы

Сабақ үстіндегі тапсырмаларды орындау барысында кластер де салынып бітеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
955
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі