
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.
Сыныбы: 6 «Ә» Тақырыбы: Кіріспе |
|||
|
• Кітап – алтын қазына. |
||
Мақсат: |
|||
Білімдік |
Жаңа білім |
• 5-сыныпта өтілген тақырыптарға сипаттама бере отырып, 6-сынып математика курсының тарауларында нелер анықталатынын анықтайды. |
|
Жаңа түсінік |
• 6 сынып математикасы әрбір тараудың құрамына кіретін тақырыптардың жалпы мазмұнын 5 сынып өтілген материалдардың негізі екендігін түсінеді. |
||
Құзыр-лылық |
Қолданым әрекеті |
• 5 cынып өтілген тарауларына есептер шығарады. |
|
Талдау әрекеті |
• 5-сыныптағы тақырыптарға есептер шығарудың 6 сыныппен байланысын анықтайды. |
||
|
Шығармашылық әрекет |
• 6 сынып математика пәні есептердің шығарылу жолы мен мазмұны біртіндеп күрделенетініне қозғау салады. |
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• 5 сыныптағы математика пәнінен өтілген тараулар 6-сынып курсы бойынша өтілетін тарауларды игерудің математика курсы бойынша жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды. |
|
Сабақ құрылымы: |
|||
|
І. Ақпарат алмасу ( 8 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.). V. Бағамдау - бағалау (5 мин.). |
||
Оқыту әдісі: |
|||
|
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік |
||
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|||
|
• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
||
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|||
|
• Пропорция, қатынас, рационал сан, оң және теріс сан, санның модулі, координаталық түзу, периодты ондық бөлшек, сызықтық теңсіздік, параллель, перпендикуляр, графиктер, функция. |
||
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|||
|
• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы. |
||
Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын Ақпарат алмасу блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; Алғашқы бекіту блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; Шығармашылық әрекет блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу. |
|||
Ақпарат көздері: |
|||
|
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым / А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы 2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы, Мектеп, 2011ж. 3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011. 4. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.Алматы: Атамұра, 2011. 5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011. |
||
Оқушы жетістігін бағалау: |
|||
|
• Оқушының оқу іс әрекеті ол Алғашқы бекіту блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға Шығармашылық әрекет блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады. |
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.
Сыныбы: 6 «Ә» Күні : 03.10.2016 жыл. |
||||
|
Тақырыбы: |
|
||
|
|
• Пропорцияның қасиеттерін пайдаланып мәтінді есептерді шығару. |
|
|
|
Мақсат: |
|
||
|
Білімдік |
Білім |
• Мәтінді есептер шығару негізінде пропорция ұғымын тұжырымдайды. |
|
|
Түсінік |
•Мәтінді есептердің мазмұны бойынша пропорция құру және оны шешуді түсіндіреді. |
|
|
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін қолдану. |
|
|
Талдау әрекеті |
• Мәтінді есептердің мазмұнының өмірмен байланысты саралайды. |
|
|
|
Шығармашылық әрекет |
• Теңдеулер шешу мен пропорция құруда мәтінді есептердің ерекшелігін қайта қарайды. |
|
|
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалау. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|
||
|
|
І. Құзырлылық қалыптастыру (35 мин.). ІI. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.). III. Бағамдау - бағалау (3 мин.). |
|
|
|
Оқыту әдісі: |
|
||
|
|
• Репродуктивті, ішінара ізденушілік |
|
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
||
|
|
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. |
|
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
||
|
|
Пропорция, пропорцияның қасиеті, белгісіз ортаңғы мүше, белгісіз шеткі мүше. |
|
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|
||
|
|
Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы. |
|
|
|
Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; АБ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу. |
|
||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
||
|
|
• Оқушының оқу іс әрекеті ҚӘ блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады. |
|
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Мәтінді есеп шығару пропорцияның қасиеттерін пайдаланып шығар.
1. Жерге себілген 180 қант қызылшасы тұқымының 126-сы көктеп шықты. Қант қызылшасы тұқымының өнімділігі неше процент?
Үлгі: Сүттен алынған ірімшіктің массасы сүттің массасының 8%-індей.
200 кг сүттен неше килограмм ірімшік алынады?
Шешуі: х - 200 кг сүттен алынатын ірімшіктің массасы.
200 кг _______100%;
х кг _______8%;
Жауабы: 16 кг.
2. Қарбыз массасының 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Шешуі:_______________________________________________________________
______________________________________________________________________
Жауабы: 4,9 кг.
Үлгі: Саяхатшылар түске дейін 64 км қашықтыққа барды. Бұл жүруге тиісті межелеген қашықтықтың 20%-дей. Саяхатшылар неше километр қашықтықты жүруді межелеген еді?
Шешуі: х - саяхатшылардың межелеген жүруге тиісті қашықтығы.
64 км ______20%
х км _______100%
Осыдан
Жауабы: 320 км.
3. Бір аптада балықшылар 160,5 т балық аулады, бұл олардың бір айда аулауға тиісті балық массасының 30%-дей. Балықшылар бір айда неше тонна балық аулауға тиіс?
Шешуі: _______________________________________________________________
________________________________________________________Жауабы: 535т.
4. Қиярды тұздау үшін 250 г тұз салынды. Бұл барлық тұздалған қияр
массасының 8%-індей. Барлық тұздалған қиярдың массасы неше килограмм және неше грамм?
Шешуі: ________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жауабы: 3125 кг.
ІІ деңгей тапсырмалары
Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін қолдаңыздар.
Пропорция құру арқылы шешіңдер:
5. Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 22:3 қатынасындай. Қантты су ерітіндісіндегі қанттың концентрациясы неше процент?
Үлгі: Үйірмедегі оқушылардың ұлдар мен қыздар санының қатынасы 3:1. Үйірме оқушыларының неше проценті қыздар?
Шешуі: 3+1=4.
Жауабы: 30%
6. Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасауы керек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады?
Шешуі: _______________________________________________________________
________________________________________________________Жауабы: 125%.
7. Тік төртбұрыштың ауданы 90 дм2, ұзындығы 15 дм. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының неше проценті?
Шешуі: _______________________________________________________________
_________________________________________________________Жауабы: 40%.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Мәтінді есеп шешуде пропорция пайдалану қажет екеніне көз жеткізу.
8. Пропорция құру арқылы шығарыңдар.
Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76%-ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жыруға тиіс еді?
Шешуі: _______________________________________________________________
________________________________________________________Жауабы: 25 га.
9. Пропорциялық теңдеу құрып шығарыңдар.
8 адамнан құрылған балықшылар бірлестігі 518,4 ц балық аулап, белгіленген жоспарды 160% орындады. Бірлестіктің әрбір мүшесі жоспардан артық неше центнер балық аулады?
Шешуі: __________________________________________________________
_________________________________________________________________
Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі : ______________Ақтажиева Л.
Сыныбы: 6 «Ә» Күні : 05.10.2016 жыл. |
||||
|
Тақырыбы: |
|
||
|
|
• Тура пропорционал шамалар туралы ұғым. |
|
|
|
Мақсат: |
|
||
|
|
Жаңа білім |
• Пропорцияның анықтамасын еске түсіре отырып, пропорцияның түрлерін біледі, тура пропорцияны шаманың не екенін анықтайды. |
|
|
|
Жаңа түсінік |
• Тура пропорционал шамаларды мысалдар арқылы анықтамасын тұжырымдап, қасиеттерін түсіну. |
|
|
|
Қолданым әрекеті |
• Тура пропорционалдықтың қасиетін қолданып, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығару. |
|
|
|
Талдау әрекеті |
• Тура пропорционалдықтың негізін талдай отырып, пропорция құрады. |
|
|
|
Шығармашылық әрекет |
• Негізгі ұғымдарды қолдана отырып, өмірмен байланысты есептерді шығарып, ой қорытындылайды. |
|
|
|
Бағамдау әрекеті |
• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|
||
|
|
І. Ақпарат алмасу. (12 мин) ІІ. Алғашқы бекіту. (3 мин) ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру. (22 мин) ІV. Шығармашылық қалыптастыру. (5 мин) V. Бағамдау - бағалау. (3 мин) |
|
|
|
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік. |
|
||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
||
|
|
• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды. |
|
|
|
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: • Белсенді танымдық. |
|
||
|
О |

