«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді
құрметте»
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
- деп Қадыр ағамыз айтқандай, қазақ тілін білу – бұл өзің өмір
сүріп отырған мемлекеттің халқын, тілін құрметтеу болып табылса,
орыс, ағылшын тілін білу арқылы заман көшіне ілесе аласың. Бүгінгі
таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен
инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшын тілін
білсе – әлемдегі ең үздік, ең жоғары оқу орындарында білім алуға
мүмкіндік мол болады. Көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты
дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің
ең басты талабы.
Осы орайда, біздің қазіргі заман ағымына
ілесіп, тілдерді меңгеру үшін жан-жақты жағдайлар қарастырылған.
Мектеп бағдарламасы аясында ағылшын тілін меңгеруге өз
қатарластарымның қызығушылықтарын жоғары деп бағалаймын. Бұл -пән
мұғалімі Сариева Рита Сәбитқызының еңбегінің жемісі деп білемін.
Өзіндік білімі мен заман талабына сай ұйымдастырылған білім
платформалары арқылы әртүрлі сабақ түсіндіру жұмыстары алға
қойылған. Осы орайда, бөліскен қызықты мәліметі мені де тілді
меңгеруге шабыттандыра түскендей болды. Ұстазыммен бірге барған
менің сапарым аясында Орал қаласындағы 2008 жылы ашылған «Еnglish
time» оқу орталығының оқытушысы Хасан Сейммен болған сұхбатымызды
айтқым келеді. Милан қаласында туып-өскен оқытушы Малайзия, Лондон
қалаларында білім алып, қазіргі таңда Орал шахарының тіл үйренемін
деген 1-11 сынып оқушыларына ағылшын тілін меңгерту үстінде.
Толассыз еңбек пен қажеттілікті ескерген әрбір үйренушінің жеткен
жетістіктері мен бағындырған белестері де аз еместігін айтқан Хасан
Сейм оқушылардың тілді меңгеруге деген ерекшелігімен ауызекі сөйлеу
барысында мақал- мәтелдерді жиі қолдану әдетке айналғанын сөз етті.
Оқытушының «Қолда бар кезде, әр нәрсенің қадірін біл» өмірлік
ұстанымын оқушылар бойынан да аңғаруға болады.Қазақ тілінің бай
екендігінің тағы бір дәлелі -мақал болатын болса, осы мақалдарды
ағылшын тілінде аудармаларын қолданып оқытатыны мені қатты қуантты.
Бұл сапар аясында тілді меңгеруге деген құлшынысымды оятқан
ұстазыма ризашылығымды білдіргім келеді. «Болашақ-өскелең ұрпақтың
қолында » екендігін ескерсек, елімізге жан- жақты, білімді, жауапты
адамдардың еншісінде, сонда ғана еліміздің іргесі мықтырақ болмақ.
Олай болса, мен де осы жолда өз үлесімді қосу мақсатында, тілді
тереңірек меңгеруге бел
будым.