"Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз ана тілімізге деген сыйластығымыз ешқашан азаймасын...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың күні: 28.09.2018ж

Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
Мақсаты:
• Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту;
• Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру;
• Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, ақын – жазушылардың портреті.
Ұлағатты сөздер:
1. «Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек». Ғабит Мүсірепов.
2. «Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы:
І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен тіл жанашырлары. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайысымызға қош келіпсіздер. «Дүниеде ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін – түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі».
Ана тілім – арым, нәрім, қуатым,
Сенсің менің жан сырымды ұғатын.
Өзің барда ұлтым ұлы, ел аман,
Шағың келді биіктерге шығатын
Сайысымыз VІІ кезеңнен тұрады:
І. Сәлемдесу. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)
ІІ. «Сөз қаруы - ой». Сурет бойынша әңгіме құрастыру (орыс тілінде )
ІІІ. «Қанат қақты». Капитандар сайысы.
ІV. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)
V. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.
VІ. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету.
VІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.

І кезең «Сәлемдесу».
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бірін – бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесу тілмен айту парыз екен. (топтар қазақша, орысша және ағылшынша өз топтарын таныстырады)

«.....Күй- адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тіл. Бұл жанға хас, жүрек тілі, сезім тілі»- демекші, алдарыңызда 5 «Е» сыныбының оқушысы: Ноян Асыл. «Достар күйі».
ІІ кезең. «Сөз қаруы - ой».
Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін.
Ата – бабам қастерлеген жанындай,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.

«Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті» орысша баламасы «Слон всех сильнее, а язык и слона сильнее» Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастырады, сайыстың шарты бойынша орыс тілінде.
ІІІ кезең. «Қанат қақты». Капитандар сайысы. Мақалдың жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады,
(Тас жармаса бас жарады)
2. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
3. Піл көтергенді тіл көтереді.
4. Ат жүйрігі қасқа,
Тіл жүйрігі басқа.
5. Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
6. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
7. Бас ойлағанда тіл тыныстайды.
8. Қырғи тіл – қиыр қылыш
9. Икемді тіл инеден өткір.
10 Құлақ екеу, тіл жалғыз,
11. Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз
Қос тіл – қос қанатың

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.


«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» деп, Абай атамыз жырлағандай, алдарыңызда мектебіміздің әнші қызы, 5 ж сынып оқушысы -Тілекқызы Нұрай, «Ұстазым» әнімен.

ІV. « Тапқырлар». Жұмбақ сайысы. (шешуін үш тілде айту)

V. «Сен білесің бе?» Әр ұлт өкілдерінің ұлттық ас мәзірін таныстыру, қалай жасалатындығы туралы айту.

Біздің Республикамызда мәуелі бақтай жемісін шашқан жүз отыздан аса әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Біз қандас болмасақ та жандаспыз.

«Мың бұралған биші қыздарымызды » қарсы алайық! «Өрнек» биімен 5 «Е» сыныбының қыздары: Қонақбай Сабина, Сарқыт Айша, Нұрмұханбет Аяулым.


VІ кезең. «Кім біледі?» Қазақстанның және басқа ұлт өкілдерінің әртістерін, әншілерін, еңбек қайраткерлерін және елбасыларының суреттерін көрсету, оқушылар олардың кім екенін анықтау керек.
Тілім тірі, тірі дербес күн кешпек,
Аты тұрып қалай артқа мінгеспек?!
Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,
Бас кессе де, жоқ емес пе тіл кеспек.

VІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек.
Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К.
1. Қай қалада тұрасың?
2. Сенің сүйікті әншің?
3. Қандай тағамды ұнатасың?
4. Сыныптағы досыңды ата?
5. Жасын нешеде?
6. Сынып мұғалімінің аты?
7. Сен озат оқушысың ба?
8. Математика пәні саған ұнай ма?
9. қандай мамандықты қалайсың?
10. Кімге ұқсағың келеді?
11. Сүйіп оқитын кітабың?
12. Жазғы демалысты қалай өткіздің?
13. Қазақстанның астанасы?
14. Парта неден жасалады?
15. Қардың түсі?
16. Сүйікті тағамын?
17. Қандай гүлді ұнатасың?
18. Мектепке немен келесің?
19. Күзде ауа райы қандай?
20. Сыныптағы ең сұлу қыз?
21. Алматы қандай қала?
22. Қыс айы немен ұнамсыз?
24. Сен қандай оқушысың?
Ана тілім күн нұры – шуақтайсың,
Мөлдір таза шын кәусар – бұлақтайсың.
Өнер, білім ғылымда сәуле шашқан,
Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.

Әділ-қазыларымыз өз бағаларын есептеп шығарғанша, 5 «Д» сынып оқушысы: Еркін Алуаның орындауында «Мектебім» әні.

ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.10.2018
886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі