Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштіктің екі түрі бар, олар: 1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, бұған модификациялық өзгергіштік жатады; 2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ , АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ







Келісілді

Әдістемелік кабинет

меңгерушісі:_____Н. Оспанова

«_____» ______2021 ж.











АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пәні: Генетика

Тақырыбы: Өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтары

Күні: 5.04.2021

Педагог: Курбанова Гульнар

Тобы: Вф9-191









«Ветеринарлық пәндер» кафедрасының

отырысында қаралды және мақұлданды № __ «__» _____20___ ж

Кафедра меңгерушісі:__________Б. Божбанов.








Шымкент-2021 ж.

Ашық сабақ жоспары


Модуль/пән атауы

КМ 04 «Тұқымды асылдандыру жұмысын жүзеге асыру»

Генетика


Сабақтың тақырыбы

Өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтары

Педагог

Курбанова Гульнар

Курс

2

Топ

Вф9-191


Сабақтың өткізілетін күні

5.04.2021


Сабақтың түрі

Теориялық


Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Білім алушыларға өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтарын таныстыру, олардың тірі организм үшін маңызын түсіндіру, білімдерін арттыру. Білім алушылардың білімін дамыта отырып, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  1. Өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтарын біледі

  2. Өзгерушілікті зерттеу әдістерін біледі. 

  3. Модификациялық өзергіштікті біледі.

  4. Мутацияны және оның түрлерін біледі

  5. Мутагендік факторларды біледі

  6. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштікті ажырата алады

  7. Комбинативтік өзгергіштікті біледі


Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі, дағдылар

Оқушыларды кәсіби пәнге деген қызығушылығын ояту, жан-

жануарларды қорғауға тәрбиелеу

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін

арттыру

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Оқулық, Бурунбетова Қ. Қ «Генетика негіздері»

Бегімқұл Б. «Молекулалық генетика негіздері»

Техникалық құралдар, материалдар

Компьютер, интернет желісі,Zoom , бағдарламасы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, білім алушылардың қатысымын, сабаққа дайындығын тексеру

2 Үй тапсырамасын тексеру кезеңі


Иммуногенетика. Организмнiң иммундық жүйесi.

1.Иммуногенетиканың маңызы

2.Иммунитеттің генетикалың негіздері

3.Иммунитет

4. Иммундық жүйе

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі

Өзгергіштіктің түрлері мен заңдылықтары туралы білім алушыларға мәлімет беріп,сабақтың барысы жайлы ақпараттандыру

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі


Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштіктің екі түрі бар, олар: 1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, бұған модификациялық өзгергіштік жатады; 2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.


Модификациялық өзгергіштік

Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады.

Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды. 


Мутациялық өзгергіштік

Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің “Мутациялық теория” деп аталатын еңбегін жариялады. Мутациялық теорияның негізгі ережелері мынадай:

Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Ол пайдалы да зиянды да болуы мүмкін. Бірақ көбінесе, жануарлар мен адам үшін зиянды болып келеді. Себебі эволюциялық даму барысында  организмде қалыптасқан үйлесімділік бұзылады. Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады.

Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді.



Қорытынды:

1. Өзгергіштіктің екі түрі бар. Олар:

а) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік. Бұған модификациялық өзгергіштік жатады;

ә) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.

2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.

Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организмнің әрбір белгі-қасиетінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан ол тұқым қуаламайды.

3. Модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеледі. Статистикалық әдісті қолданудың негізінде белгілердің өзгеру шамасы пайызбен анықталады. Оны вариация коэффициенті (V) деп атайды.

4. Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

5. Мутация ұғымын голландиялық ғалым Г. Де Фриз қалыптастырды. Ол 1901 жылы “Мутация теориясы” деп аталатын еңбегін жариялады.

6. Мутация тудыратын факторларды мутагендер дейді. Олардың үш түрі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

7. Мутация екі түрлі жолмен пайда болады: табиғи жағдайда кенеттен болатын секірмелі мутация және арнайы әсер ету арқылы қолдан жасалатын индукциялық мутация.

8. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның төрт түрін ажыратады: гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық.



5. Жаңа материалды бекіту кезеңі


Сұрақ жауап арқылы

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі

Тапсырманы smart nation бағдарламасынан толық орындап жіберу

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия

Түсінбеген сұрақтарға жауап беру


Әдістемелік кабинет меңгерушісі: Н.Оспанова

Кафедра меңгерушісі: Б. Божбанов

Педагог: Г. Курбанова








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
3046
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі