400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына «Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем» тақырыбында 1 курс білім алушыларының қатысуымен кітапханада Библио-кросс ұйымдастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем»

Арқалық медициналық колледжінде 13 қыркүйекте Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына «Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем» тақырыбында 191 фкб тобының 25 білім алушысының қатысуымен кітапханада Библио-кросс ұйымдастырылды.

Сайысты ұйымдастырушылар: кітапханашы Ахатова Айсулу Серікқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Ыбырай Сағыныш Қонысбайқызы.

Мақсаты: Студенттерді белгілі бір тақырыпқа немесе белгілі бір уақытқа кітап оқуға тартуға бағытталған акция, ең көп кітапты оқыған оқырмандарды анықтау.

Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақынқазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, ФирдоусиСағдиХафизОмар ҺайямНизамиНауаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910–1913 жылдары Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Садақ журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Қорытынды:

«Өзім оқып шықтым, саған кеңес берем» тақырыбындағы Мағжан Жұмабаевтың

130 жылдығына арналған әдеби талдауда 191 фкб тобының студенттері белсене ат салысты.

Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Ақын Қорқыт поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.

Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі деп аяқтағым келеді.


Арқалық медициналық колледжі













191 фкб тобының студенттері

Picture 1



Picture 1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
08.12.2023
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі