Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Өзім туралы білгім келеді»
Мақсаты:
а) Өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы айта алуға, өзінің дене мүшелерінің кейбір қызметтерін (бас, құлақ, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ) түсінуге үйрету.
ә) Сұрақ – жауап арқылы сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына
тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:Қол - рука
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, тәрбиеші сұрақтар арқылы әңгіме жүргізу. -Балалар, біз бүгін өзіміз туралы әңгімелесеміз. -Мирас, сенің қасында кім? -Қалай ойлайсың, Ұлжан ұл бала ма, әлде қыз бала ма? Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтындығын, нені жақсы көретіндігін, немен айналысқанды ұнататындықтарын, қандай киім киетіндіктерін сұрайды. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.
-Ұлжан -Ұлжан – қыз бала |
|
Іздену ұйым-дастырушы |
-Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелері туралы білесіңдер ме? Тәрбиеші балаларға адамның дене мүшелері: бас, мойын, қол, аяқтары туралы сұрақтар қояды. -Балалар, сендердің үйлеріңде үлкен айна бар ма? -Сендер сол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші, кімді көрдіңдер? -Жарайсыңдар, балалар, енді алдарыңда тұран суретке назар аударыңдаршы. Бұл – қағаздан қиылған қуыршақтың дене бөліктері. Қазір сол бөліктерді құрастырамыз. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып отырып қуыршақтың дене бөліктерін құрастырады. Сергіту сәті: Тәрбиеші ауа, жер, ағаш, гүл, қоян, барабан, қораз, маймыл т.б. сөздерді атайды. Ойын: «Сыңарын тап» Дәптермен жұмыс. |
-Білеміз. Балалар өздерінің дене мүшелеріне байланысты қойған сұрақтарға жауап береді.
-Бар.
-Өзімізді көрдік.
Балалар қуыршақтың дене мүшесінің бөліктерін қызыға құрстырды. Балалар тәрбиешінің оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдар ойластырып жасайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
|
Рефлексивті түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып, дәптердегі таңбаларға белгілейді. Дене мүшелерінің қажеттілігі, қызметі туралы айтады. |
Біледі: Адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметтерін біледі.
Игереді: Өз дене мүшелерінің (бас, мойын, қол, аяқ, көз, құлақ) атқаратын қызметін игереді.
Меңгереді: Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгереді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өзім туралы білгім келеді" ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
"Өзім туралы білгім келеді" ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Өзім туралы білгім келеді»
Мақсаты:
а) Өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы айта алуға, өзінің дене мүшелерінің кейбір қызметтерін (бас, құлақ, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ) түсінуге үйрету.
ә) Сұрақ – жауап арқылы сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына
тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:Қол - рука
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, тәрбиеші сұрақтар арқылы әңгіме жүргізу. -Балалар, біз бүгін өзіміз туралы әңгімелесеміз. -Мирас, сенің қасында кім? -Қалай ойлайсың, Ұлжан ұл бала ма, әлде қыз бала ма? Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтындығын, нені жақсы көретіндігін, немен айналысқанды ұнататындықтарын, қандай киім киетіндіктерін сұрайды. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.
-Ұлжан -Ұлжан – қыз бала |
|
Іздену ұйым-дастырушы |
-Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелері туралы білесіңдер ме? Тәрбиеші балаларға адамның дене мүшелері: бас, мойын, қол, аяқтары туралы сұрақтар қояды. -Балалар, сендердің үйлеріңде үлкен айна бар ма? -Сендер сол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші, кімді көрдіңдер? -Жарайсыңдар, балалар, енді алдарыңда тұран суретке назар аударыңдаршы. Бұл – қағаздан қиылған қуыршақтың дене бөліктері. Қазір сол бөліктерді құрастырамыз. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып отырып қуыршақтың дене бөліктерін құрастырады. Сергіту сәті: Тәрбиеші ауа, жер, ағаш, гүл, қоян, барабан, қораз, маймыл т.б. сөздерді атайды. Ойын: «Сыңарын тап» Дәптермен жұмыс. |
-Білеміз. Балалар өздерінің дене мүшелеріне байланысты қойған сұрақтарға жауап береді.
-Бар.
-Өзімізді көрдік.
Балалар қуыршақтың дене мүшесінің бөліктерін қызыға құрстырды. Балалар тәрбиешінің оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдар ойластырып жасайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
|
Рефлексивті түзетушілік |
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. |
Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып, дәптердегі таңбаларға белгілейді. Дене мүшелерінің қажеттілігі, қызметі туралы айтады. |
Біледі: Адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметтерін біледі.
Игереді: Өз дене мүшелерінің (бас, мойын, қол, аяқ, көз, құлақ) атқаратын қызметін игереді.
Меңгереді: Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгереді.
шағым қалдыра аласыз













