Материалдар / Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздарына
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттік

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет .

Қасиеттер: Батылдық, өжеттік , татулық.

Мұғалiм: Тутканбаева Г.М. Сынып 4"А"


Мақсаты: Батылдық, өжеттік, адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: батыл және өжет туралы түсінік беру; ататегін

қастерлеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта,

оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

5  «Т»  ережесін  еске  түсіру:

Тәртіп

Тыныштық

Татулық

Талап

Тазалық

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:

* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс - әрекетінен байқадыңдар?

* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

* Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

* Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңда




Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

- Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата - анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.



Топтық тапсырма беру

І топ Батырлар туралы мақал-мәтелдер айту

ІІ топ Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер?

ІІІ топ Бес жолды өлең


Топтық жұмыс .

1-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер

1.Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты.

2.Ақжолтай батыр.

3.Махамбеттің серігі.

4.Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры.

5.Желтоқсан оқиғасының батыры.


Қорытындылау

- Батылдық - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.

Жүректен жүрекке

Балалар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді:

- Бір - бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.

- Деніміз сау болсын.

- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т. б.

Өлең оқыту

Батыр ата

Ө. Тұрманжанов

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды -

«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.


Үй тапсырмасы:

Батырлар туралы мағлұмат жинау


Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі