Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Аялай біл, сен деп соққан жүректі»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № 14

Тақырып: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: кешірімді болу,шынайылық, жанашырлық.

Мұғалiм:Муналбаева Г.А. Cынып - 7

Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойынан сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларды үнемі кешірімді болу керектігі туралы түсінік беру;

- оқушылардың бойынан шынайылық қасиетін дамыту;

- бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

« Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.

Міржақып Дулатов

-Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ана махаббаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма?

«Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі»

Абай Құнанбаев

Дәйексөзді оқимыз,мағынасын ашып талдаймыз.Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталаймыз.Дәптерге көшіріп жазады.

Дәйексөз талдау


Әңгiмелеу «Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол - мен!





Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

  • Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

  • Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді...

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

3. Жақсы ой, сөз, іс- әрекеті үйлескен адам қандай адам

Оқушылар мен енді сендерге осы жылуы бар шамды беремін сендер осы шамды бір-бірмізге жылы сөз айтып берейік!!! Сен деп соққан достық журекті жылы лебізді әдемі сөздермен жеткізейік.

Мыс: - Сен ақылдысың!

  • Сен батырсың!

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме







Оқушыларға сұрақ беру

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды үш немесе төрт топқа бөліп,оларға өз отбасыларының суреттерін салу беріледі. Мыс: мен ата-анаммен деген сурет немесе менің отбасым деген тақырыпта топпен бірігіп сурет салу және оны таныстыру;

Оқушыларға топтық жұмыс беру.

Үй тапсырмасы.

Мәтінмен жұмыс. С. Байжановтың «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.

Үйге тапсырма


Топпен ән айту.

Анашым туралы жыр - Е. Нуржанов


Ән айту топпен.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
435
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі