Материалдар / "Өзін -өзі тану" пәні бойынша сабақ жоспары "Шындық шыңы-ақиқат" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өзін -өзі тану" пәні бойынша сабақ жоспары "Шындық шыңы-ақиқат" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1245
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп:Е.Ағелеуов ат. Махамбет о м Мерзім:5.04.2018 Мұғалім:Өтебалиева Н.Т

Сынып6 «Б» Оқушылар саны:18 Тақырып: Шындық шыңы-ақиқат

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың адалдықпен өмір сүру маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып,ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

1.Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық, шыншылдық,қарапайымдылық қасиеттеріне баулу.

3.Оқушыларды қарапайым, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi

Тыныштық сәті«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Осындай Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?


2.Үй тапсырмасын тексеру

58- беттегіАбайдың 17-ші қара сөзін оқып келу

Сұрақтар:

1.Абайдың 17-ші қара сөзінде не туралы айтылған?

2.Ал, қайрат, ақыл, жүрек дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Балалар, ғылым дегеніміз не?

4.Осы Абайдың он жетінші қара сөзінен қандай үлгі алуға болады?


3.Дәйексөз

«Шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді» Ғ.Мустафин

-Балалар, сендер осы дәйексөзді қалай түсінесіздер?


4. Оқиғаларды әңгімелеу

Шыншыл бала

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Патша өте ақылды, шыншыл және қарапайым, халқына адал жанашыр, кең пейілді және әділ болыпты. Патшаның таққа қалдыратын баласы, мұрагері болмады, содан патша ойлана келе халқына жария етті. Патша мақсаты мұрагерлікке қалдыратын бала халқына адал еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуын қалайды. Барлық балаларға гүл тұқымы беріледі. Уақыт беріледі, күн өтіп жатыр. Сон Ир қанша баптап қараса да гүлі өспеді. Патша гүлдің өскені жайлы көретін күні де келді. Барлық балалар әдемі киінген, гүлдері жайқалып өскен, Сон Ир болса балалардың ең артында жабырқаулы тұр еді.Патша барлық гүлдерді көрді, бірақ көңілі еш көтерілмеді. Содан қараса бір бала жылап, бос құмырамен тұр екен. Сон Ирді өзіне шақырды да «Менің ұлым мұрагерім» деп жар салғанда халық ушығып кетіпті. Арасынан біреуі шығып патшадан «Дәл сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз?» десе, патша халыққа балаларға берілген тұқымдарын бұқтырылғандары туралы айтып береді. Сол әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері қызарып, ұяттан жерге кірді. Сөйтсе, барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс басқа гүл тұқымдарын еккен екен.

Сұрақтары:

1.Әңгімеде не туралы айтылған?

2.Патша мұрагер баланы таңдау үшін қандай амалды қолданды?

3.Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?

4.Адам бойындағы жаман қасиетпен қалай күресеміз?

5.Шындықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

I топқа тапсырма: «Шыншылдық- адамдықтың белгісі» эссе жазу

II топқа тапсырма:Адалдық,шыншылдық туралы өлең құрастыру

III топқа тапсырма:Адалдық, қарапайымдылық, шыншылдық туралы нақыл сөз, мақал-мәтел айту.Оқушылар жұмыстарын қорғайды.


(7 минут уақыт беріледі)

6.Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы, ағайын

Сөзі:С.Қалидікі

Әні: Қ.Махандікі

Көктем етіп көркейтсе маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


7. Үй тапсырмасы.

60-беттегі Б.Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы» әңгімесін мазмұндау


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақты есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық! Рахмет.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!