«Ақой жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Мектеп парламентінің жылдық
есебі
1-қыркүйек Білім күні
мерекесіне орай мектеп алаңы безендірілді.

5-11.09.2023 тілдер апталығы
«Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тіл тазалығы»
7-8 сыныптар арасында қабырға газет шығару байқауы өтті. 1-орын: 7
«в» сынып, 2-орын: 8 «б» сынып, 3-орын: 8 «в» және 7 «б»
сыныптарына мақтау қағазы берілді.

23.09.2023 «Экоstar”
қалдықтарды бөлек жинау акциасы барысында «Өзін-өзі басқару» ұйым
мүшелері белсене аралысып, ауылымыздағы мемлекеттік мекемелердің
ауласындағы және ауыл көшелерінің жиегіндегі пластик бөтелкелерді
жинасуға ат салысты.

01.10.2023 “Қарттарын
қадірлеген ел ардақты”демекші мектеп парламент мүшелері мен
тәлімгерлер ауылымыздың ардагер ұзтазы Қожа Қадірберді атаның үйіне
барып, құттықтап қайтты.

04.10.2023 “Дублер күні” білім
алушылардың өзін-өзі басқару күні
ұйымдастырылды

21.10.2023 Республикалық
Мектеп Парламент Президентін сайлау науқаны болып өтті. Дауыс беру
нәтижесінде: 65% дауыспен 10 «а» сынып оқушысы Көмек Айдын жеңіске
жетті.

15.11.2023 “Валюта күні”
қарсаңында «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелері 5-11 сыныптар арасында
сұрақ-жауап алды.

17.11.2023 “Зорлық зомбылықсыз
және қатігездіксіз балалық шақ” тақырыбында дөңгелек үстел
өтілді.

25.11.2023 “XXI ғасыр жастары
есірткі мен СПИДке қарсы” атты ұранмен 10-11 сыныптар арасында
волейболдан жарыс өтті. 9-шы сыныптар арасында: 1-орын: 9 «а» сынып,
2-орын: 9 «б» сынып, 3-орын: 9 «г» сынып. 10-шы сыныптар арасында:
1-орын: 10 «г» сынып, 2-орын: 10 «а» сынып, 3-орын: 10 «ә» сынып
иеленді.

«Тәуелсіз елдің мақтанышы» тақырыбында қазақша
күрестен әлемдік турнирдің 3-щі орын иегері Алдаберді Русланмен
онлайн форматта кездесу кеші болып өтті.

«Келдің міне, Жаңа жыл» метебімізде 1-11 сыныптар
арасында мерекелік іс-шара болып өтті.

«Ашық есік» 22.01.2024ж мектебімізде СКҚ
одақтастығының IV-съезі өтті. Жиналыста аудандық мектеп парламент
президенті Серік.С презентациа қорғап, С.Каттебеков атындағы ЖББМ
президенті Көмек.А байандама оқыды. Парламент министрлері арасында
түрлі ұсыныстар айтылып талқыланды.

«Профи TIME”
мектеп парламент мүшелері түрлі мамандық иелерінен сұхбат алып,
кездесті.

“Өзін-өзі басқару” ұйымы мектеп парламент
мүшелерінің кезекті отырысы болды. Жиналыста алдағы өтілетін
іс-шаралар талқыланып, жұмыстарды өзара бөлісіп
алды.

Жоспарға сай оқушылардың сабақ үлгеріміне рейд,
киім киісі, бой-басы тазалығына тексеріс
жүргізілді.

16.02.2024ж мектеп парламент мүшелерінің
ұйымдастыруымен «Вандализм құқықбұзушылықтың бір түрі» тақырыбында
түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Таза аула» акциасы негізінде мектеп парламент
мүшелері бастамасымен мектеп ғимаратының ауласын көгалдандыру
жұмыстары жүргізілді.

«НАУРЫЗНАМА» онкүндігінің 1-ші күні 14 наурыз
«Амал мерекесі» қарсаңында «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелері
ауылымыздың ардагер ұзтазы Сәрсенкүл апайдың үйіне барып,
сый-сыйапатын беріп, көрісіп қайтты.

1
сәуір Құстарды қорғау күніне орай «Құстарға қамқоршы болайық»
қайырымдылық акциасы болып өтті. Оқушылар технологиа сабағын да
құстарға ұйа жасап, мектеп ауласындағы ағаштарға
орналастырды.

Мектеп парламент мүшелері ауылымыздың тігін
шеберханасына барып, өздерінің сұрақтарына жауап алып, жұмыс
барысымен танысып қайтты.

7
Мамыр-Отан қорғаушылар күні, 9 Мамыр-Ұлы Жеңіс күніне орай
мектебімізде 2-ші және 5-ші сынып оқушыларын «Жас Қыран», «Жас
Ұлан» ұйымына қабылдау салтаннатты жиыны болып
өтті
