Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ӨЗІН-ӨЗІ БІЛІМ КӨТЕРУ ЖОСПАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының білім беру бөлімінің
«№13 «Кораблик» балабақшасы» МКҚК
ӨЗІН-ӨЗІ БІЛІМ КӨТЕРУ ЖОСПАРЫ
Қазақ тілі мұғалімі: Кабдымананова Рымгул Тлеуовна
2017-2018 оқу жылы
Түсінік хат
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген Әл-Фараби.
Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.
Бұл іс- әрекет болжамы:
-
білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;
-
өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;
-
жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.
Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».
Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:
-
белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;
-
кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;
-
педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;
-
өз әріптестерінің ҰОҚ қатысу, ҰОҚ ұйымдастыру;
-
ҰОҚ өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;
-
әртүрлі формадағы ҰОҚ, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.
Маңыздылығы:
-
ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген;
-
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Шығармашылық тақырып:
-
«Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі пәнін оқытуда халық педагогикасы негіздерін қолдану»
Мақсаты:
Балаларды халық педагогикасымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, рухани дүниелерін байытып, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу және қазақ тілінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
1.Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру
2. Балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу
3.Ұлттық тұлға ретінде қалыптасуын нығайту
4. Халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу
5. Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылығын дамыту
6.Балалардың сөздік қорын белсенді етіп, байыту, сөздік минимумын қалыптастыру
7. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
8. Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, өз елінің мәдениетімен тарихына деген ықыласын ояту.
9. Еліміздің тарихын жақсы білуге қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін кеңейту
10. Тілді үйренуге сүйіспеншілігін арттыру.
I.Әдістемелік деңгейін арттыру
1.Нормативтік-құқықтық құжаттарды оқу
2. Оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жаңалықтарды оқу
3. Педагогика, балалар психологиясы, анатомия, физиологияжаңа жетістіктерментанысу
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын зерттеу
5. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру
6. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу
II. Педагогикалық шеберлігін жетілдіру
1. Шеберлік-сынып жұмысына қатысу
2. Ашық іс-шаралар өткізу
3. Кәсіби шеберлік конкурстарға қатысу
4. Балалардың конкурстарға қатысуға дайындау- -
5.Ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысу
6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану
7.Әдістемелік құрал дайындау:
Өз білімін жетілдіру жоспары
р/с |
Жоспар бөлімі |
Мерзімі |
Жұмыс формасы |
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж.б) |
|
I.Әдістемелік деңгейін арттыру |
|
||
1.Нормативтік-құқықтық құжаттарды оқу |
ҚР Конституциясы (1995ж.30 тамыз) |
Қыркүйек |
Конституцияны оқып білу |
басшылыққа алу, |
ҚР «Білім туралы» Заңы (2007ж 15 тамыз) |
Қыркүйек |
«Егемен Қазақстан» |
басшылыққа алу, қолдану |
|
«Тіл туралы» Заңы (1997ж,11 шілде) |
Қыркүйек |
Заңнамалар |
Балабақша сайтында акпарат, есеп |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі (2015ж 23 қараша) |
Қазан |
Еңбек Кодексі |
қолдану |
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), |
Қыркүйек |
Стандарт |
басшылыққа алу,қолдану |
|
2017-2018 оқу жылы Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат – Астана, 2017. |
Қыркүйек |
Интернет материалдары |
басшылыққа алу,қолдану |
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын(ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық |
Қыркүйек |
Бағдарламаларды оқып білу |
жоспар |
|
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы «ҚР – ның Мемлекеттік рәміздері туралы». |
Қараша |
Жарлықтармен танысу |
қолдану |
|
Балалар құқығын қорғау Конвенциясы. |
Қараша |
Конвеция |
қолдану |
|
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жылма – жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін оқу – тәрбие процесінде қолдану. |
Желтоқсан |
Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдауын оқу, талдау |
пікір |
|
2. Оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жаңалықтарды оқу |
Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары |
Қыркүйек |
Ақпарат құралдары Интернет |
Жоспар кұру |
Білім жетілдіру курстары . |
Кесте бойынша |
Білім жетілдіру курстарына қатысу. |
сертификат |
|
3. Педагогика, балалар психологиясы, анатомия, физиологияжаңа жетістіктермен танысу |
Педагогикалық-психологиялық білімді жетілдіру .. |
Жыл бойы |
. Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру. |
Әр баланың психологиялық жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беру |
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын зерттеу |
Пән бойынша оқу бағдарламасы |
Қыркүйек |
Бағдарламаны окып білу |
Жоспар |
5. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер «Тәй-тәй» инновациялық технологиясы. Ойын технологиясы ТРИЗ технологиясы |
Жыл бойы |
Жаңа технологияны оқып үйрену |
Қолдану. |
6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану |
Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу |
Жыл бойы |
Басылым материалдарымен жұмыс Электронды поштамен жұмыс |
Басылымға шығу |
6. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу тәжірибе бөлісу |
Әдістемелік – бірлестік жұмысына қатысу |
Жыл бойы |
Әріптестердің ҰОК кіріп, тәжірибе алмасу |
Тәжірибе алмасу барысында, кейбір әдіс – тәсілдерді меңгеру |
II. Педагогикалық шеберлігін жетілдіру |
||||
1. Мастер- класс жұмысына қатысу |
«Жас-ата-аналар мектебі» атты облыстық жоба аясында Теміртау қаласы МДҰәдіскерлеріне арналған мастер-класс |
Сәуір |
«Бал бала»жобасын іске асыру |
Тәжірибе алмасу |
2 Ашық іс-шаралар өткізу |
ҰОК ашық көрініс Тақырыбы:«Ұлттық киімдер» |
Желтоқсан |
Қалалық деңгейде көрсету |
ҰОК көрсету Тәжірибе алмасу |
3. Кәсіби шеберлік конкурстарға қатысу Сайыстарға қатысу Уақытында |
Педагогика-2018 |
Ақпан |
Қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысу |
Сертификат |
4. Балалардың конкурстарға қатысуға дайындау |
Байқаулар: «Славлю тебя, мой Казахстан!» , «Алтын жүрек анамыз». |
Желтоқсан Ақпан |
Балабақшада ұйымдастыру |
Балалардың қатысуы |
5.Ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысу |
ҚР мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ақылы әдістемелік семинар |
Сәуір |
Қалалық, облыстық , республикалық семинарларға қатысу |
Тәжірибе алмасу. Сертификат |
6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану |
Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу |
Жыл бойы |
Басылым материалдарымен жұмыс Электронды поштамен жұмыс |
«Ұстаз тілегі», «Инфоурок», «Знанио», «Копилка уроков» ұстаздар сайттарында басылымға шығу |
7.Әдістемелік құрал дайындау: |
Құзыреттілік бойынша жұмыс |
Жыл бойы |
Авторлық жұмыс жасау |
Консультация , ұсыныстар |
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiргенҚазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтыққоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орыналуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағыжоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.
VI-бөлім. Конституциялық кеңес
VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
I бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің
1999.03.10 N
2/2,
1999.03.22 N
7/2 қаулыларын
қараңыз.
15-бап
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
27-бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1)
бүкіл мәтін бойынша:
"Оқу
және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие
процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің"
деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі",
"оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие
процесінің" деген сөздермен
ауыстырылсын;
6) 6-бапта:
2-тармақта:
мынадай
мазмұндағы 5-1) тармақшамен
толықтырылсын:
"5-1) мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан
басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін
бекiтедi;";
6) тармақша
"мектептерін" деген сөзден кейін "білім беру саласындағы уәкілетті
органның келісімі бойынша" деген сөздермен
толықтыр0-бап.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
1.
Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу
отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін
мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды
мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап
жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және
отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн
мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды
сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы
мектеп алды даярлық тегiн болып
табылады.";
26) 31-бапта:
1-тармақ "алты" деген сөзден кейін
"(жеті)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ "түрлері мектеп," деген
сөздерден кейін "шағын жинақталған мектеп," деген сөздермен
толықтырылсын;
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.
3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында
16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.
Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.
5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау. 23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.
Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.
24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
20) еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;
29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;
30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
87-бап. Демалыс түрлері
1. Жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:
1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.
10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған; 2) білуге құмар;3) белсенді;4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) балаға өмір бойы қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға;
2) халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге, фольклор мен еліміздің мәдени мұрасына негізделген білім беру мазмұнын іске асыруға;
3) ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
4) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру, оларды психологиялық-педагогикалық консультациялық қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.
15. "Коммуникация" білім беру саласы.
Мақсаты: айналадағы адамдармен араласуға қабілетті, көптілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сөйлеуді дамыту; 2) көркем әдебиет; 3) сауат ашу негіздері;
4) қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі; 5) драма.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар
21. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы баланың денсаулығы мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.19. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту деңгейлерін қадағалау баланың жасына сәйкес жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылады:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы:
ерте жастағы балалар үшін – 7-15 минут; мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін – 15-20 минут;
мектепке дейінгі естияр жастағы балалар үшін – 25-30 минутты құрайды.
2017-2018 оқу жылы Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат – Астана, 2017.
Әдістемелік нұсқау хатқа 2017-2018 оқу жылы меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарындарының барлық түрлерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік материалдарды қамтиды..
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі бағыттары:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
- балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді орындайды:
- балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;
- балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;
- рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;
- балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;
- әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі сезінуін дамыту;
- баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.
2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама) (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі –Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар; - апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады..
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
Үлгілік бағдарлама Стандарт талаптарына сәйкес:
- балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеуге;
- баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құруға;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
- балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіруге;
- әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуына мониторингті ұйымдастыруға;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру салалары мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған Перспективалық жоспар қарастырады.
Перспективалық жоспар келесі өтпелі тақырыптар бойынша іске асырылады:
1. «Балабақша» - балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.
2.«Менің отбасым» - отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.
3.«Дені саудың жаны сау»- баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіруге бағытталған.
4. «Менің Қазақстаным» - балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
5.«Табиғат әлемі»- тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.
6.«Бізді қоршаған әлем»- қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды сезінуін қамтамасыз етеді.
7.«Салттар мен фольклор»- Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне тәрбиелеуге, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
8.«Біз еңбекқор баламыз»- қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.
9.«Әрқашан күн сөнбесін»- балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді: жақын адамдарына сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.
Педагог Перспективалық жоспарға, өтпелі тақырыптарға сәйкес балаларды қабылдаудан басталатын барлық күн тәртібі процестерінің орындалуын ұйымдастырылған оқу қызметтері, серуен, балалардың үйге қайтуын қамтитын бір аптаға Циклограмма құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарда көрсетілген мақсатқа сәйкес анықталады;
- өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілікпен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды дамытушы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
- циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру.
Циклограммада балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібінің әрбір сәтінің ұзақтығы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығы) талаптарына сәйкес анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды сапалы тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі тәсілдер мен қағидалар қарастырылады:
- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушыларына – педагогтардың, психологтардың, ата-аналардың баланың тұлғасының қалыптасуына және оның қабілеттерінің дамуына кешенді тәсіл;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың дамуына әрекеттік тәсіл;
- балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға денсаулықты сақтау тәсілі;
- баланың даму деңгейіне мониторинг жүргізуге және мектепке дейінгі ұйым әрекетіне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізуге арналған автоматизация жүйесі) инновациялық тәсіл;
- оқытудың тұтастық, сабақтастық, үздіксіздік ұстанымдары келесі бөлімде бұрын игерген білімді бекітуді, кеңейтуді және тереңдетуді жалғастыратын білім беру салаларының бөлімдерінің арасындағы байланысты қарастырады;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесін интерактивті құру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқыту және дамыту бағдарламалары бар, ресурстар кіретін интерактивті жабдықтар жатады. Бұл технологиялар балалардың логикасына, ойлауына, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін электронды контентті ресурстары бар дидактикалық үлестірмелі материалдарды үйлестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру
Мониторинг жүргізудің басты тәсілі табиғи жағдайда баламен жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады.
Диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі:
- бастапқы – 1-10 қыркүйек;
- аралық – 10-20 қаңтар;
- қорытынды – 20-30 мамыр.
Стандарт талаптарына сәйкес баланың жетістіктерін бақылау оның жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 деңгейдің болуын болжайды:
1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3- деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік, орыс, шетел тілі педагогтары:
- оқылатын тілдің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады;
-оқудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады;
-бала тұлғасының тіл мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және баланың тілге деген жеке қабілетін дамытуға жәрдемдеседі;
-интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;
- үш тілді оқытудың бірлігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінің оқытушылары орыс тілінде оқитын топтарда мақсатты қазақ тілінде оқытуды, қазақ тілінде оқитын топтарда орыс тілінде оқытуды Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асырады
Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар
1) ересектердің балаларға құрметпен қарауы, балалардың өзін-өзі оң бағалауын қолдау, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділік;
2) балалардың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдерін балалармен жұмыс барысында қолдану;
3) әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтарының, мамандарының және ата-аналардың балалармен жұмыс істеу өзара әрекетінің негізінде білім беру іс-әрекетін құру;
4) балалардың бір-біріне жағымды, мейірімді қатынастарын және олардың бір-біріне өзара әрекеттерін түрлі іс-әрекеттер түрлерінде ересектердің қолдауы;
5) балаларды барлық дене және психикалық күш түрлерінен қорғау;
6) балалардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге және диагностикалауға, әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдай жасау;
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда ата-аналарға қолдау көрсету, мектепке дейінгі ұйымның білім беру әрекеттеріне ата-аналарды тарту.
Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, рухани, кәсіби, мәдени жетілуге ұмтылысы мықты тұлға болуы тиіс тиіс.
Үлгілік бағдарламада анықталған міндеттерді табысты іске асыру үшін педагог балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын білуі және қолдануы тиіс. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, өздігінен білім алуы тиіс.
Педагог мектепке дейінгі педагогика мен психологияны, мектепке дейінгі білім беру саласында халықаралық және отандық нормативті-құқықтық құжаттарды білуі тиіс.
Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес педагог баланың дамуына диагностика жүргізу әдістерін игеруі, мамандармен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа жеке жоспарларын анықтауы қажет.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:
- үнемі өздігінен білім алуы;
- педагогтар мен ата-аналар үшін ашық сабақтар беруі;
- оқытудың иннновациялық әдістері мен технологияларын игеруі;
- мақалалар, баяндамалар дайындау арқылы өзінің әлеуетін көтеруі;
- үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;
- өзінің біліктілігін алуы және дәлелдеуі үшін мерзімінде аттестациядан өтуі;
- жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуі;
- педагогтарға арналған түрлі байқауларға қатысуы;
- портфолионы өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерімен үнемі толықтырып отыруы қажет.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2017 жылы педагогтарға көмек көрсету мақсатында мынадай әдіснамалық материалдарды әзірледі солармен таныстым:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптарды қолдану бойынша бойынша әдістемелік ұсынымдары;
- Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдары;
- «Халық ауыз әдебиеті -мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» әдістемелік ұсынымдары;
- «Сюжетті-рөлдік ойын - мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттің алғашқы сатысы» әдістемелік ұсынымдары;
- Балалар әндері жинағы әдістемелік ұсынымдармен бірге;
- «Мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметтеріне денсаулық сақтау технологияларын енгізу» әдістемелік ұсынымдары.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогтары мен мамандарына кешенді әдістемелік көмекті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының rc-dd.kz. порталы қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық заңы.
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;
6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі
- Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі
8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде;
13-бап. Қазақстан Респу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
3. Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туындыларының негізі ретінде пайдалануға болмайды.бликасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)
1-бап. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.3-тарау.
БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Толығырақ: https://egemen.kz/article/163436-qazaqstan-respublikasynynh-prezidenti-nnazarbaevtynh-qazaqstan-khalqyna-zholdauy
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!Елбасының 2018 жылғы жолдауы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Елбасы биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет атап өтті.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру..
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.
Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты.Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласын дамыту бойынша алдағы маңызды міндеттерді атап көрсетті.
« 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет»
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынға алды. "Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Президент латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. "2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет", — деді Елбасы. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.
Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.
Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.
Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.
Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.
Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:
ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
Компьютерлік техниканы
Интернет
телекоммуникациялық желі
электрондық және телекоммуникациялық құралдарды
мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Тәй-тәй технологиясы
Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
«Тәй-тәй» инновациялық технологиясының басты мақсаты балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып саналады.
«Тәй-тәй» технологиясының басты міндеттері:
- Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлға ретінде қарау;
- балалардың іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі;
- белсенділік және дамытушылық орталықтарының жеткілікті болуы; сонымен бірге отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы;
- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, шараларға бірлесіп қатысуы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемде Жаңа Қазақстанды құратын, XXI ғасырдағы Қазақстанды беделді, мықты, гүлденген мемлекет жасайтын азаматтар ұрпағы, Отаны мен өзінің игілігі үшін саналы таңдау мен шешімдер жасауға қабілетті, жан – жақты дамыған тұлғалар болып тәрбиеленуі керек» деген.Елбасы сенім артқан еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында.Олай болса, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші әріптестер: Жас ұрпақты жаңа инновациялық технологиялар арқылы тәрбиелеу, олардың жан – жақты дамуының алғашқы баспалдағы және «Тәй – тәй» технологиясының тиімділігі бала жанын түсінетін тәрбиешілер мен пән мұғалімдерінің шеберлігінің арқасында күшіне ене алады.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері
1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4.Әуенді кесте технологиясы
5.Дамыта оқыту технологиясы
6.Ақпараттық қатынастық технология
7.Ойын технологиясы
8.ТРИЗ технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.
Технологияның негізгі мақсаттары:
-
Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;
-
Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-
Бүктеу арқылы оқыту;
-
Өлең айту арқылы оқыту;
-
Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;
-
Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;
-
Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;
-
Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Әуенді кесте технологиясы
«Әуенді кесте» технологиясы мектепке дейінгі (5-6,7 жастағы) ұйымдардың ересек және мектепалды дайындық топтарына сауат ашу және жазу негіздеріне арналған оқу құралы «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу құралы ҚР МЖМБС-қа сүйене отырып дайындалған.
Ізденіс шығармашылық технологиясы
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты:
— Балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту ТРИЗ технологиясы міндетті түрде қолданылады Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру — Шығармашылық — Эвристикалық әңгімелер — Қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы — Бақылау — Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модулін құру) — Тәжірибелер — Қорытындысына баға беру Бақылау, тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары «Жүктеу»бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер — Табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу — Көркем сөздерді қолдану — Дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары — Еңбек ету.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Ақпараттық қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы). Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды.
Міндеттері:
— Жаңа заманға қадам басу;
— Жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу;
— Компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
— Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
— Педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру;
— Бағдарламаны жіктеу;
— Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
— Шет тілінде сөйлейтін сөздік;
— Қарапайым графикалық редактор;
— Ойын-саяхаттар;
— Оқуды, математиканы үйрету.
және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Монтессори технологиясы
Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.
Дамыта оқыту технологиясы
Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
-
Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.
-
Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы:
Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні
-
Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:
«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
Достарымызға сыйлаймыз т.б.
-
Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
М.Монтессори-педагогика арқылы ерте шақтағы даму
Мария Монтессори – итальян педагогы, врач. Ақылы нашар дамыған балаларға арналған тиімді әдістерді жасай отырып, оларды дені сау балаларға да қолдануға болады деген шешімге келеді. Жүйе еркін тәрбиелеу идеясында қаланып, 3 пен 9 жасқа дейінгі балаларға арналған.
Монтессори әдістемесі балалардың арнайы дайындалған дидактикалық материалдармен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттерінің негізінде қаланған (текшелер, цилиндрлер, қосымшалар, түрлі формадағы жақтаулар, санағыш моншақ тізбесі және т.с.с.). Баланың дамуы мен оқуы оның физикалық сезім мүшелеріне негізделеді. Ол үш түрлі құралдар пайдаланылады: иісі бар қораптар, түйсік үшін тақта, шу қораптары, қоңыраулар, дәм банкілері, жылы құмыралар және т.с.с.
Монтессоридің әдістемесі:
-
жекеше оқытуға негізделген;
-
бала қажетті құралдарды және ойының ұзақтығын өзі таңдайды;
-
бала табиғи жағдайында өзінің бағытымен дамиды.
Монтессоридің педагогикасы жалпылай оқытудан ашық оқытуға негізделген. Бұл педагогиканы экспериментті деп атауға болады, өйткені баланың бақылауы дидактикалық құжаттарды таңдауға мүмкіндік береді. Табиғи жағдайға қарап бала тағлиматтық әдіс тәсілдерді таңдайды. М.Монтессори педагогикасының ұраны«Өзімді тануға көмектес».
М.Монтессори педагогикасының негізгі принциптері:
-
Тәрбие және оқыту ортасын қамтамасыз ету (көрнекі-құралдар, ұлттық- мәдени дәстүрлері, эстетикалық талаптар, аралас жастағы балалар (3-6 жас);
-
Құралдардың бар болуы;
-
Кез келген сабақтарда балаларға бостандық беру:
-
құралдарды таңдауға;
-
жұмыс атқаруға орын табуға;
-
педагогтармен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға;
-
Ережені сақтау:
-
«Бүкіл мүмкіндікпен пайдалан, бірақ басқаға кедергі жасама»;
-
Педагогтардың сенімділік, мейірімділік, ынтымақтастық, әр бір баланы қабылдауға мүмкіндік жасауы;
-
Балаларды бақылау, қажет болса көмектесу;
-
Сабақ үстіндегі мұғалімнің белсенді қызметіне тыйым салынады, оның негізгі әдісі – бақылау;
-
Арнайы әзірленген оқыту ортасында баланың өз бетімен қадам жасауына мүмкіндік беретін автодидактика әдістері кеңінен қолданылады;
-
Аталмыш дидактикалық материал құралы өз қатесін баланың өзінің табуына мүмкіндік береді;
-
Қатені түзеу баланың белсенділігін дамыта түссе, білім меңгеру де сөзсіз қатар жүреді;
-
Бала алдына мақсат қоюды және оны шешу жолдарын табуды үйренеді.
Монтессоридің дидактикалық жүйесінің басты ұстанымы былайша айтылады: «Менің мына істі өзімнің орындауыма көмек көрсет».
Мұғалімнің сабақтың басталу сәтіне дөп түсуі өте маңызды. Ол неғұрлым аз сөйлей отырып, барлық іс-әрекетін баяу әрі балаларға түсінікті етіп жасайды. Монтессори жүйесінде мұғалімнің әрбір жасаған іс-әрекетін бала қайталай алуы керек.
Балалар орындайтын материалды өздері таңдайды да, топ бөлмесінің өзіне тиісті бөлігінде тапсырмасын орындай береді. Тапсырманы орындап жатқанда, жұмыс орнында бөгде зат болмауы тиіс. Сыныптағы эмоциялық рай мен мұғалімнің оқумен жеке қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Баланың дұрыс жасамаған іс-әрекетін бетіне басуға тыйм салынады.
Монтессори жүйесі бойынша жаратылыстану пәнінің сабақ үлгісін келтіре кетейік:
Сабақ өткізілетін орын. Балалар өздерін қолайлы сезінетін кез келген бөлмеде өткізуге болады. Бөлмеде артық ауыс плакат ілінбеуі тиіс.
Сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелер: Гүлді өсіре отырып, балаларда сол гүлдің өсуі үшін жауапкершілік сезімі ояна бастайды. Балалар дәннен гүлді өсіру үшін қажетті жағдайлар мен қиындықтардың барлығын бойынан өткізеді.
Сабақ барысы. Мұғалім тұқымды арнайы ыдысқа егеді. Су құйып, терезе алдына күнге таяу қояды да, кеңсені желдетеді. Ұстаздың әрбір қимылын балалар қайталап отырады. Мұғалім гүл өсірудегі қайсыбір орындалған іс-әрекеттің маңызы мен ары қарайғы қажетті шаралар туралы әңгімелей келе, бала мен тұқымды, өсімдік пен адамды, өсімдікке жасалатын күтім мен жақын-туыстарға жасалатын қамқорлықтың ұқсастықтары мен маңыздылығы туралы әңгімелеуді де ұмытпайды.
Нәтижесінде бала жаңа тіршілік иесінің туылып келе жатқандығын пайымдап, сезім елегінен өткізеді. Балада өзінен кішкентай және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге деген қамқорлық нышандары біліне бастайды.
Балалар өздерінде туындаған ойлар мен алған әсерлерін сипаттайды. Одан кейін гүлді өз үйлерінде өсіре бастап, өз қорытындыларын жасайды.
Монтессори жүйесінің қателігі жасанды құралдарды пайдаланытн сабақтардың басымдығы, шынайы өмірді шектеулі қарастыру, балалардың бойында «тіл алғыштық инстинктінің» қалыптастырылуы. Даралылыққа бой ұру балалардың өзге балалармен қарым-қатынас жасай алу қабілетінің дамуын баяулатады.
Монтессори жүйесінің материалдары балабақшалар мен бастауыш мектептегі балаларды оқытудағы табиғилық пен дамытуда кеңінен қолданылады. Мысалы, мұғалім Е.Н.Потапова Монтессоридің әріптік трафареттері көмегімен балалар жазба жұмыстарына үйрету әдістемесін әзірлеген. Осы әдістеме негізінде келесідей элементтер жатыр: инженерлік сызғыш көмегімен штрихталатын ықтиярлы фигураларды салу (солдан оңға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай); көзбен қабылдау көмегімен әріптердің жазылуын есте сақтау және жұқа зімпара (наждак) парақтарынан қиылған әріптерді қолмен сипай арқылы ажырату; әріптерді бірнеше рет әуелі трафарет көмегімен жазу, кейін трафаретсіз жазу.
Монтессори бағытының бірі сенсорлық тәрбие– тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Сенсорлық кабинетіндегі оқу-тәрбие жұмысының барлық жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол оқыту, тәрбиелеу, түзету және емдік-сауықтыру міндеттерін шешеді. Қандай да бір сенсорлық жүйе үстем болғанымен қоршаған ортаны танып білуде көзінде кемістігі бар адамдар үшін түрлі талдағыштардың өзара әрекетін және олардың бейнелерді қалыптастыру процесінде өзара әсерін қамтитын күрделі ұйым болып табылады, ал бейненің өзі жеке ғылыми психологиялық ұғымның қуатты жиынтық «орталығы» және түйсіну, ұғыну, аңғару, ойлау түрінде қоршаған ортаны танып білуді» көрсетеді.
Сенсорлық бөлмеден түрлі мамандармен қарым-қатынас тек бұлшық ет ширығуының ғана емес, сонымен қатар сезімдік қобалжудың алдын алуға мүмкіндік береді, психикалық процестерді дамытуды жеделдетеді, сезім арқылы түйсінуді, қол саусақтарының сезінуін реттейді. Және де артопедиалық ауытқыларды да қарастырады. Бөлмедегі сенсорлық жол майтабандықтың алдын алып, түзу жүруге сымбаттылыққа тәрбиелейді.
Сенсорлық жүйе адамға сезімдік танымды іске асыруға, қоршаған орта туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін сезімдік мүшелер немесе талдағыштар жүйесі ретінде белгіленеді. Көру, есіту, иіс сезу және басқа да сезім мүшелері түйсіну, ұғыну, аңғару түрінде сезімдік танымның құрамына енеді және оның құрылымын сипаттайды.