өзін-өзі тану 7 сынып сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

өзін-өзі тану 7 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану сабағынан жаңа форматта 21-22 сабақ жоспары "Ұжымдағы өзара қарым-қатынас"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабақ жоспары


Мерзімі: Сынып: 7

Тақырыбы: «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» № 22


Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік


Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету;

  • оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

5 т ережесі бойынша Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

І. Тыныштық сәті Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Ресурстар:

Оқулық, оқушы дәптері,

ІІ. Үй тапсырмасы:

Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар»повестен үзінді

1.Бірлік, сыйластық,ұжымшылдық, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

3.Мақсатына жету үшін Сапарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

4.Сапар қайткенде өзі ойлағандай жақсы оқушы болады деп ойлайсыңдар?

5.Сапардың бойынан қандай қасиет байқалады? Бұл қандай құндылықтың көрінісі?

ІІІ. Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІҮ. Әңгімелесу. Адамдар арасындағы қарым-қатынас бейне таспа

1.Адамдар арсында қандай байланыс болды?

2.Қарым-қатынастың адам өмірінде маңызы бар ма?

3.Жақсы қарым-қатынас жасай білу үшін қандай қасиеттер қажет?

Ү. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. 4 тапсырма :Көрнекті мемлекет қайраткері А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым қатынасы» деген ойын басшылыққа алып, өз сыныбындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын ұсына отырып, ой-толғау жазу.

2-топ. 3 тапсырма :Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері

Ғ. Мүсіреповтің тәлімді ойларының адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауға тигізетін пайдасы туралы баяндау.

... «Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға , оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді».

«Өзің аспанда ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін. Биік деген немене, төмен деген немене - сонда түсінерсің»

3-топ. Адамгершілік портретін суреттеп жазу.

4-топ.Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, томаға-тұйық жүр. Оның сабаққа үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің?

Қорытынды.

Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтірмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады.Ұжымдағы жайлы ахуалдың сақталуы әрбір адамның жан дүниесіне, көңіл-күйіне тікелей байланысты.адамның жан дүниесі дегеніміз-оның ішкі көңіл-күйі, сезімдері, ойлары, арманы, қиялы. Жалпы адамның қолға ұстап, көзбен көруге мүмкін болмайтын күйлері. Бірақ олар сыртқы факторлардың әсерімен әр адамның әр түрлі әрекеттері мен қылықтары арқылы көрініс табады. Сендер мектепте бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылдансандар, бір-біріңе көмектессендер, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну сияқты ортақ мақсат- сендерді біріктіреді, ұжымда жайлы ахуалдың болуына жағдай тұғызады.

ҮІ. Топпен ән айту.

Дәрібаевтардың орындауындағы «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 91 бетіндегі Ақселеу Сейімбектің әңгімесін оқу.

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабағымызда айтылған жақсы қасиеттерді есімізде сақтап іс жүзіне асырайық.

















Өзін өзі тану сабақ жоспары


Мерзімі: Сынып: 7

Тақырыбы: «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» № 21


Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік


Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету;

  • оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

5 т ережесі бойынша Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

І. Тыныштық сәті Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Ресурстар:

Оқулық, оқушы дәптері,

ІІ. Үй тапсырмасы:

Марат Қабанбай «Айгүлдің әңгімесі»

1.Айгүл мен әжесінің арасындағы сыйластықтың сыры неде?

2.Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады? Ол неге жалғызсырады?

3.Айгүл «Мен жер астындағы алтын, күміс емес, дос, туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмін ғой»-деген сөзінен нені аңғаруға болады?Айгүлге қалай көмектесер едің?

4.Айгүлдің «Адам бағаға қарап дос тандайды екен –ау»,- деген ойымен келісесіңдер ме? Неліктен?

5.Өзің оқитын сыныптағы өзара қарым-қатынас қандай? Оны қалай бағалайсын?

6.Сыныбыңдағы қарым-қатынастарды өзгерткін келе ме? Неліктен? Қалай өзгертпексің?


ІІІ. Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІҮ. Әңгімелесу.

  1. Сен үшін Дос деген кім?

  2. Дос болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсын?

  3. Достарымен қандай қарым-қатынастасын?


Ү. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. 1 тапсырма: жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарым-қатынас туралы өз пікірлерінді білдіріндер. Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, томаға-тұйық жүр. Оның сабаққа үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің?

2-топ. 2 тапсырма : Адамгершілік портретін суреттеп жазу.


Қорытынды.

Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтірмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады.адамдарды бір біріне бауыр етіп,араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сөйлейтін де осы әдеп емеспе?!

ҮІ. Топпен ән айту.

Дәрібаевтардың орындауындағы «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 87 бетіндегі «Алғашқы айлар» Мұқан Иманжановтың әңгімесін оқу.

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабағымызда айтылған жақсы қасиеттерді есімізде сақтап іс жүзіне асырайық.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі