өзін-өзі тану ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

өзін-өзі тану ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал бастауыш сынып мұғалімдері үлкен көмегі тиеді,әсіресе ашық сабаққа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңажол орта мектебі








Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз








Дайындаған: Ықсанова Д.Қ.









Жағабұлақ 2016 о.ж.



Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Слайд, стикерлер, журекше, гул бейнелері, қайшы түрлі түсті қарындаштар.
Қос тілділік: Дос - друг. Достық - Дружба.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жағдаяттарды талдау. Шығармашылық жұмыс. Ертегіні сахналау.

Әрекет  кезеңдері



Тәрбиешінің  іс-әрекеті:

 

Балалардың  іс-әрекеті:


Мотивациялық

Қозғаушы

 

 

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшінсендерді «Дос болайық бәріміз» атты ашық оқу іс әрекетінің «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

 

Армысың досым,

Кел маған қосыл.

1Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарын айналып,

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

 

 


Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл арқылы шаттық шеңберің жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші

ұйымдастырушы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.Өткен сабақты пысықтап кету.(слайдтан өткен сабақтағы суреттерді көрсетіп естеріне түсіру)



Тыныштық сәті.

Балалар денелерің түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді түгел жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап қоршап, қамқорлап жатыр. Ал, енді тұла бойларың жақсылыққа, махабатқа толды деп есептеймін.

2.Жаңа сабақ.

Әңгімелесу.

Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)

Өз досың туралы айтып берші?

Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?

 

Түйін:

Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.

Достық‒адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.

 

Дәйексөз: Балалар енді «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.

 

«Татулық‒достық кепілі» деген халық мақалының мәнін ашу.

 

Мақал‒мәтелдер.

Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

«Екі дос» ертегісін сахналау.

Балалар ертегіні мұқият зейін қойып тыңдаңдар.

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл достықты адал достыққа жатқыза аламыз ба?

Жаңа ақпарат

Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдай да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі‒адал достық, екіншісі айнымалы  алдамшы достық.

Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір‒бірімізге адал дос болайық.

 

Ұжымдық жұмыс.

Балалар екі топқа бөлініп ұжымдық жұмыс жасайды.

Балалар ұжымдасып келесі топтағы достарына жасаған жұмыстарын сыйлайды.

 

«Достық» туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.

Аяна:

Екі деген‒екі дос,

Бірін‒бірі сыйлайтын.

Артық кемді етпей сөз,

Бірін бірі сыйлайтын.

 

Аманбек:

Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты.

Бір нүктеге қадалған екі көзің сияқты.

 

Ақжайна:

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда деп

Достар бір біріне сенімді боламыз.


Мөлдір:

Достар бірге жүреміз.

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Бірге балық аулаймыз.

Міне біздер қандаймыз.

 

Феруза:

Адал дос барлық жерде керек екен.

Өмірде достың орны бөлек екен

Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.

Жаман достан жамандық келеді екен.

 

1.Жағдаятты талдау.

Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.

Сұрақтар:

•         Сырым мен Динаны жан достар деп айтуға бола ма?

•         Неліктен?

•         Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?  

 

2.Жағдаятты талдау. Суретегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беріндер.


«Ғажайып сөздер»

Балалар, бүгінгі сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтайықшы.

Дос болайық бәріміз.

Достық татулықтан басталады.

Досыңның басына іс түскенде көмектес.


«Дос болайық бәріміз» әнін айту.

    Әні: Х.Талғаров

   Сөзі: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер

           Қ-сы

Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз


Балалар слайдтан өткен сабақты қарап отырып, естеріне түсіріп айтады.

 

 

Балалар тәрбиешінің айтуымен тыныштық сәтін өткізеді.

 

 

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға өз ойларымен жауап береді.

 











Балалардың жауабынан кейін тәрбиеші толықтырады.

 





Балалар тақтада шыққан дәйексөзді тәрбиешінің көмегімен талдайды.

 

Балалар достық туралы білетін мақалдарын айтып жатады.





Ертегіні қызығушылықпен тыңдап отырады.



Ертегіге байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді



















Ертегіден кейін жаңа ақпаратқа назар аударады.Тәрбиешіні мұқият тындайды.









 Балалар екі топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс жасайды. Бір топ достарының, достарына беретін сылықтың суретін салады. Ал екінші топ жүрекшеге гүлдер жапсырады. 



Балалар кезек кезек достық туралы білетін тақпақтарын айдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 









Балалар берілген жағдаятты тыңдап берілген сұрақтарға жауап беріп талдайды.

 

Бұл суреттегі жағдаяттарды балалар сұраққа жауап беру арқылы талдайды.









Балалар бүгінгі сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталайды







Балалар әуенге қосылып «Дос болайық бәріміз» әнін орындайды.

 


 

Рефлексивті

Коррекциялаушы

 

 

 

Қорытынды.

Балалар, бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымызтуралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір біріне әрқашан көмектесу керектігі түсіндік.


Балалар бүгінгі оқу іс‒әрекетінен алған әсерлерімен бөлісіп жатады.

Күтілетін  нәтижелер:

 Білуі:   Балалардың достық, сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсініктері кеңейді.

Меңгеруі:    Балалар бір бірімен дос болу керек екендігін,басына қиын іс түскенде жанынан табыла білу керек екендігін меңгерді.


Жасай  алуы:  Достық туралы мақал мәтелдер, тақпақтар айта білді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі