«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу


Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің басты идеясын ұсынды.Тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты- рухани-адамгершілік құндылықтарды негізе алатын , ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Рухани-адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді. Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады. Осыған түрткі болатын «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен-өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау,ойтолғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т.б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан-жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін-бірі тыңдауға үйренеді. Мектеп оқушыларының бұл пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары, барлық іс-шараларға белсенділікпен қатысады.

Тәрбие көзі болатын аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері,ақын-жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін-өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы барысында «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік пәнінің алатын орны ерекше.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі