Материалдар / Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаға адамгершілік-рухани тәрбие беру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаға адамгершілік-рухани тәрбие беру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім мен тәрбие беру сабағының нәтижесінде оқушыларға ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады: - Рухани адамгершілік құндылықтар артады; -Салауатты өмір сүруге баулиды; -Шығармашылық қабілетін дамытады; -Ғылымға бейімделеді; -Әсемдікпен қаруланған ұлттық тәрбие нәрімен сусындайды; -Халық игілігін жасаушы болашақ азаматты жан-жақты етіп тәрбиелейді. Сонымен, бүгінгі таңда осындай тамаша идеяға сай нақтыланған «Өзін –өзі тану» барлық білім деңгейлерінде міндетті оқытылатын оқу пәні болып енгізіліп отыр. Алайда бұл жеткіліксіз. Рухани – адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігі ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
876
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

34 орта мектебі
















Баяндама


««Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаға

адамгершілік-рухани тәрбие беру»











Қзін-өзі тану пәні мұғалімі

Симұханова Айгүл Орынғалиқызы











«Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы

қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда

АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»

С.А.Назарбаева


Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – заман талабы. Рухани құндылықтар мәңгілік және адамзаттық. Қай халықтың болмасын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі – рухани құндылықтар жүйесі. Рухани құндылықтардың мәнін ашу арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен білім деңгейін жетілдіруде «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні мен маңыздылығы ерекше болып отыр. «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушы өзін-өзі тану ғана емес, ол рухани білім мен таным мәдениетін, қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты, адамгершілік қатынастар мен мінез-құлықтарды және өзін-өзі меңгеру әдебін үйренеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балалар адамгершілік құндылық бағдарын, қарым-қатынас мәдениетін , өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілік, Мемлекеттік рәміздерге, отбасы, түрлі ұлт тілдеріне адамгершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиеленеді. Баланың танып-білуге қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында мектепке дейінгі кезеңде балаларға ертегі, аңыз-әңгімелер, мақалдар арқылы мейірімділікке, қайырымды болуға жалпы адамзаттық құндылықтардың бастапқы түсініктері беріледі. Түрлі ойын тәсілдері қолданылады. Ал бастауыш сыныптардан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бағдарламалық мазмұны мен әдістемелік әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, танымдық іс-әрекеттеріне қарай күрделене береді. Бастауыш сынып оқушылары сабақта мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселеді. Оқу үрдісінде ойын әрекеттері, әңгімелесу, сергіту жаттығулары, рольдік ойындар, шығармашылық- практикалық жұмыстар, жағдаяттарды талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған орта, адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Сабақтағы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы берілген біліммен, талданған тақырып, дәйексөздер баланың өз басында жауапкершілік сезімін және өзіне-өзі талап қоя білуді, үлкендерді сыйлауға, әдептілікке, қоршаған ортаны түсінуге қамқор болуға үйренеді.
Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылар халқымыздың рухани әлемде өзіндік орны бар А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Мақатаев, Ж.Аймауытов, Б.Момышұлы, Ш.Уәлиханов , М.Әуезов, Қ.Мырза-Әлі, Т.Айбергенов, Ш.Сариев т.б сынды қаламгерлердің рухани адамгершілік құндылықтары негізінде жазылған өлеңдер, дәйексөздер, ой-толғаулары мәтіндері оқушыларға өмірдің өзгермелі, қиын да күрделі екенін айтады. Күреске толы адамдық құндылықтарды ту етіп қана, оған жол табарлық терең сырлы әлем екенін аңғартады. Сабақта оқушыларға қосымша көркем әдебиеттер де пайдалану тапсырылады. Бұл оқушылардың логикалық ойлау мен шығармашылығын дамытады.

Жалпы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім мен тәрбие беру сабағының нәтижесінде оқушыларға ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады:

- Рухани адамгершілік құндылықтар артады;

-Салауатты өмір сүруге баулиды;
-Шығармашылық қабілетін дамытады;
-Ғылымға бейімделеді;
-Әсемдікпен қаруланған ұлттық тәрбие нәрімен сусындайды;
-Халық игілігін жасаушы болашақ азаматты жан-жақты етіп тәрбиелейді.

Сонымен, бүгінгі таңда осындай тамаша идеяға сай нақтыланған «Өзін –өзі тану» барлық білім деңгейлерінде міндетті оқытылатын оқу пәні болып енгізіліп отыр. Алайда бұл жеткіліксіз. Рухани – адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл білім кеңістігі ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.

Өзін – өзі тану рухани – адамгершілік білімін ұйымдастыру кеңістігі


Shape1 Shape3 Shape2

Әлеуметтік орта


Shape4


Shape5

Мектептен тыс мәдени шаралар


Shape6

Shape7

Мектептің оқу – тәрбие кешені



Shape8

Shape9

Сыныптан тыс жұмыстар




Shape10

Shape11

Оқу пәндері



Shape12

«Өзін –өзі тану» рухани адамгершілік білімі








Қорыта келенде, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырған, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, руханияттық жаңа, ізгі ілімді үйретуге қадам жасаған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім-рухани өркендеудің түп тамыры, бастауы екені даусыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Назарбаева С.А. Өзін-өзі тану оқулықтары. – Алматы: Бөбек, 2010.

  2. Самопознание. Kz журналы. – дәуір баспасы, 2013 жыл

  3. Абай шығармалары.– Алматы, 2002. – 1-2 том.

  4. Жармұхамедов М. Шәкәрім шығармалары. – Алматы, 1988.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!