|
Әдіскер Директордың оқу жұмысы
______ Ә.Керімқұл жөніндегі орынбасары
«___» _____2023 ж. _______________Д.Еркебалаев
«___» _______ 2023 ж.
«Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбында өтетін апталық іс-шара
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
«Гуманитарлық» пәндік (циклдік)
комиссия кеңес мәжілісінде бекітілген №___ хаттама
«___» ________ 2023 ж.
Пәндік (циклдік) комиссия төрайымы:
__________ Н. Ибрагимова
Бөлімше меңгерушісі
___________ І.Керімбек
«____» _______ 2023 ж.
Тобы: ДТС-1122
Мерзімі: 23.02.2023 ж.
Уақыты: 14:00
Өтілетін орны: 206- аудитория
Пәні: Педагогика
Оқытушы: ________ Т.Шәмшат
Түркістан 2023 ж.
Педагогика пәнінен «Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу» тақырыбындағы ашық сабақ
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут):
II. Үй тапсырмасын тексеру (20 минут): Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
-
Баланың дербес ерекшеліктері туралы түсінік
-
Темперамент типтері
1-тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі
III. Жаңа сабақ (30 мин)
1-тапсырма. Ой қозғау «Кинометафора» әдісі
2-тапсырма. Бейнебаян. Абайдың он бесінші қара сөзі
IV. Бекіту (30 мин)
1-тапсырма. Ақиқат дұрыс па?бұрыс па ойыны
2-тапсырма. Баскетбол әдісі
3-тапсырма. Алып қадамдар әдісі
4-тапсырма. Көзқарас психологиялық жаттығуы
5-тапсырма. Рефлексия «Whatsapp» желісі
V. Бағалау (4 мин)
VI. Үйге тапсырма (2 мин)
VII. Пайдаланылған әдебиеттер (1 мин)
Пәні: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты: Тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу туралы түсіну, өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін, құрамды бөлімдерін меңгеру
-
Білімділік: оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің
әдістері жайлы білімдерін түсіндіру, меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеудің адам өмірінде маңызы туралы білімдерін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің тәрбие процесінде маңызды рөл атқаратындығын түсіндіре отырып, өздерін үнемі жетілдіріп, дамытып отыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі кұралдары: Дидактикалық материалдар,
оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, плакат, стикерлер
Сабақтың түрі: Теориялық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру,
жинақтау, инновациялық технология, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут): Оқушылармен сәлемдесу, аудитория тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын қадағалау, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру (20 минут):
Тақырыбы: Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері

1-тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісінде оқушыларды 3 топқа бөліп, практикалық тапсырмалар беру:
1-топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз:
-
Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі.
-
Ол адамдардың эмоциялық қозғалыштығынан, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады.
-
Темперамент жөніндегі физиологиялық негіздерін ғылыми дәйектерінде академик И.П.Павловтың еңбектерінен бастау алды.
-
Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде темперамент туралы біраз пікірлер айтылған.
2-топ: Кесте толтыру:
Темперамент типтерінің жағымды және жағымсыз сапаларын кестеге толтыру.
|
Темперамент |
Жағымды |
Жағымсыз |
|
Сангвиник |
|
|
|
Холерик |
|
|
|
Флегматик |
|
|
|
Меланхолик |
|
|
3-топ: Сәйкестігін тап:
Темперамент типтеріне келтірілген сипаттамаларды оқып, бейнелеген іс-әрекеттеріне қарап, сәйкесін табуға тапсырма беріледі.
-
Самал ашық жарқын, ақ көңіл, көңіл-күйі көтеріңкі, белсенді. Ойында
белсенді, іскерлік ойындарды ойнағанды ұнатады. Талапшыл. Жаңа жұмысқа тез кірісіп, бір жұмыстан екіншісіне тез ауысады. Жаңаны тез ұғып алуға қабілетті. (Сангвиник)
-
Айбек пікірталаста тапқыр. Тәукелге бейімді. Тез шешімді қабылдауға
қабілетті. Жаңалыққа ұмтылғыш. Тік мінезді, ашушаң, шыдамсыз. Алдына қойылған мақсатқа жетуде табанды. (Холерик)
-
Жібек сабырлы, салмақты, парасатты қыз. Қатты эмоция мен
қимылдарда байсалды және бірқалыпты сөйлейді. Басталған істі аяғына дейін жеткізеді. Өмірде тәртіпті, тиянақты, жұмысты жүйені қатаң ұстанады. Қызығушылықтар мен қарым-қатынаста тұрақты. (Флегматик)
-
Олжас өте сезімтал, ұяң, ұялшақ, тым тұйық мінезді. Тосын
жағдайларда абыржып қалады. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиналады. Көп сөйлегенді ұнатпаушы. Тез ренжігіш, көпшіл емес. Белсенділік танытпайды. (Меланхолик).
III. Жаңа сабақ ( 30мин)
-
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы сипаттама
-
Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері
-
Қайта тәрбиелеу жөнінде түсінік
1-тапсырма. Ой қозғау «Кинометафора» әдісі. Бүгінгі сабақтың атауын ашу мақсатында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп, оқушылардан ой-пікірлер сұралады.
Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Л.Н. Толстой өзін-өзі тәрбиелеудің келесі міндеттерін көрсетті: «Мен үшін өмірдегі ең маңыздысы осы үш кемістіктен құтылу:
-мінезсіздік;
-ашуланшақтық;
-жалқаулық.
Тұлғалық қасиеттер адамның қалауынсыз және еңбегінсіз қалыптаса алмайды. Өзін- өзі тәрбиелеу арқылы ең жақсы қасиеттер дамиды.
Неміс ақыны Ф.Логау айтуынша: «Өзіңмен өзің түскен күрес — ең қиын күрес,өзіңді өзің жеңген жеңіс – ең ұлы жеңіс».
Өзін-өзі тәрбиелеуде үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады:
-
Өзін-өзі жоспарлау;
-
Өзін-өзі тану;
-
Өзара әрекет ету.
И.П. Подласый, бойынша өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз – тұлғаның мәдениетін қалыптастырып, өзін-өзі дамытатын жүйелі және саналы әрекет.
Педагог Ю.К. Бабанский бойынша тәрбие процессі жақсы ұйымдастырылған болса өзін-өзі тәрбиелеу процессіне алмасады.
Педагог А.И. Кочетов өзін-өзі тәрбиелеудің келесі параметрлерін көрсетеді:
-
Бағыттылық, яғни өзін тәрбиелеуге деген мотив;
-
Мазмұндық (ақыл-ой, физикалық, рухани, еңбектік, эстетикалық , ерік , кәсіби , кешенді);
-
Тұрақтылық ;
-
Тұлғаны қалыптастырудағы тиімділік ).
Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша К. Д. Ушинский жас кезінде мынадай жоспар құрған:
-
Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.
-
Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.
-
Іс-әрекеттің саналылығы.
-
Шешімді тез қабылдаушылық.
-
Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.
-
Уақытты саналы өткізу.
-
Әр күні кеште өз іс-әрекеттеріне есеп беру.
-
Ешқашан болған нәрсеге немесе болатын нәрсеге мақтанбау.
Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі
ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-Росинский, В.Сухомлинский, т.б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.
|
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері |
||
|
Өзін-өзі тану |
Өзін-өзі меңгеру |
Өзін-өзі ынталандыру |
|
Өзін-өзі бақылау Өзін өзі талдау жасау Өзін басқалармен салыстыру Өзін өзі бағалау |
Өзін-өзі сендіру Өзін өзі қадағалау Өзін өзі бұйрық беру Өзін өзі құптау |
Өзін өзі көрсету Өзін өзі мақұлдау Өзін өзі мадақтау Өзін өзі жазалау |
Өзін-өзі тәрбиелеу кезінде мына әдістерді қолданған жөн:
Жеке міндеттеме – белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру – қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс-қылығына талдау жасау – өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
Өзін-өзі бақылау – кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру – мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі.
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам «Мен енді темекі тартпаймын» - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі – дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде – өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі – алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте, мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттілік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды.
Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторлар:
-
Педагогикалық ұжым;
-
Бос уақыт;
-
Басқару стилі.
Кез келген кемшілікті жою үшін мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әрекетінің бірізділігін қолдануға болады:
-
Өз іс-әрекетіндегі немесе мінез-құлқындағы кемшілікті табу және себептерін анықтау;
-
Осы кемшілікке деген эмоциялық қатынас, оны жағымсыз қасиет ретінде сезіну;
-
Келесі әрекет – өзін-өзі өзгерту ұстанымдарын анықтау;
-
Кемшілікті жою тәсілдерін анықтау.
Қайта тәрбиелеу оқушылардың жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Бұл тәрбиелік ықпалдар жүйесі, оның барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы ауытқулар түзеледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады. Қайта тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады. Сонымен қатар, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, ынталандыру - жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру, түзету, яғни балалардың теріс саналарының шырмауынан босату.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-құлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның әрі дамуына бақылау.
2-тапс
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

шағым қалдыра аласыз