«Ару көктем»
Кіші қазақ тобы «Қарлығаш» аналар мерекесіне
арналған мерекелік іс шара сценарийі.
Дайындаған : Апсаматова А.Н
Кулахметова Ж.М
«Ару көктем»
Кіші қазақ тобы «Қарлығаш» аналар мерекесіне
арналған мерекелік іс шара сценарийі.
Көңілді әуен ырғағымен балалар әсем
безендірілген залға қос қостан қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңдер менің кішкентай
достарым!
Бүгін бізде өте керемет күн. Бүгін көптен сағына
күткен аналар мерекесі. Яғни Халықаралық әйелдер мен құлпырған
қыздар күні.Балалар қараңдары ауа райы өте керемет күн ашық,
құстардыңдауысы құлаққа өте жағымды.Ендеше тамаша көңіл күймен
бүгінгі мерекелік іс шараны бастайық.
Осы кезде залға жылаған қоянның көжегі кіріп
келеді.
Қоян :Анашым ! Анашым қайдасың?
Жүргізуші: Салеметсіңбе ? Көжекжан!
Саған не болды?
Қоян: мен Анашымнан адасып қалдым .Маған
анашымды табуға көмектесіңдерші. Анашым қайдасын!?
Жүргізуші: Жарайды көжекжан.Балалар, көжекке
анасын табуға көмектесеміз бе?
Балалар көмектесуге тілек білдіреді.
Жүргізуші Көжекжан ендеше сен біздің кішкентай
балақайлармен «Күл құрастырамыз » ойынын ойнап жіберші.
Көжек: жақсы ойнайық.
Ойын шарты: Балалармен көжек гүл күлтешелерімен
біріктіру арқылы гүл құрастырады.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Жарайсың
көжекжан! Көңіл күйің көтерлді ме?
Коян: ия гүл өте әджемі болды.
Жүргізуші: Көжекжан сен дем алып отыра тұр
біздің өнерлі биші қыздарымыз саған «Көбелектер» биін билеп береді.
Егер қаласаң бірге билеп бер.
Қоян : жақсы мен би билегенді жақсы
көремін.
Қыздардың орындауында «Көбелектер» биін
тамашалаймыз
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өте
керемет!
Қоян: Балалар менің де бір жақсы көретін ойыным
бар «Ананың әлдиі»атты сол ойынды бірге ойнап көрейік
келіңдер.
Ойын шарты :Бос арбаға нысанада тұрған
қуыршақтарды салып мәреге алып келу керек
Жүргізуші : Керемет! Жарайсыңдар ! балалар
!
Осы кезде есік қағып әсем әуенмен Көңілді көктем
келеді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен көңілді
көктеммін.Сендерге қуаныш пен жылу және сыйлықтар ала келдім.
Көжегімнің де анасын тауып беремін.
Жүргізуші: Қош келдің ару көктем! Біз сені асыға
күттік.
Балалар көктеммен бірге көңілді би билеп
жіберейік
Би »Бір оңға, бір солға».
Көктем : ал балалар мен сендерге әкелген
тосынсыйлықтарымды табыс етейін.
Сыйлықтар табыс етіледі.
Көктем:Көжекжан жүр мен сені анашыңа
апарайын.
Жүргізуші : Сау болыңыз көктем аруы, сау бол
көжекжан.Балалар бүгінгі мерекелік іс щарамыз осымен өз мәресіне
жетті. Көктем тек қуаныш пен шаттық және жақсы көіл күй
сыйласын!