400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдылық, татулық туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ауылым – алтын бесігім»

Ата-бабаларымыз ерте заманнан-ақ ауылдың жай-күйі мен қадір-қасиетіне ерекше ден қойып, тіпті оны қазақи ұғым түсініктермен де байланыстыра отырған. Мысалы, 

«Ағайынның аты озғанша, 

Ауылдастың тайы озсын» - деп, бауырынан гөрі ауылдасын жоғары бағалап, пір тұтқан. Немесе көптен бері кездеспей кеткен танысымен жолығып, хал сұрасқанда да «Ауыл аймақ аман ба?» деп  әңгіменің басын ауылдан бастайтын болған.  Міне, бұл да қазақ халқының өзіндік ерекше қасиеті. 

Ауыл –әрбір қазаққа етене жақын. Мейлі ол қалалық болсын, тіпті басқа елде жүрсін, әйтеуір ауылға деген ыстық сезім, сағыныш қазақ баласының бойынан табылары айдан анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2003-2005 жылдарды қатарынан «Ауыл жылы» деп жариялап, қазақ ауылдарының өсіп өркендеуіне, кең етек жаюына үлкен қамқорлығын көрсетіп, ерекше зер салған болатын. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ауыл мәдениетінің, тұрмыс-тіршілігінің өсіп өнуі мен жаһандануына мемлекет зор үлес қосты. Тіпті әлі күнге дейін бұл жобалар іске асырылуда. 

Қазақ ауылы гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан қазан ошағы, сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы – баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс –тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Есейіп ер жетіп, қалаға оқуға түсіп, білікті маман болып, үлкен қызметкер болған күннің өзінде көптеген аға-апайларымыз бір уақыт бәрінен демалу үшін, ауылды сағынып, кіндік қаны тамған жеріне барып таза ауасымен тыныс алғанын аңсап, өткенін еске түсіріп, ескі жолдастарымен кездесіп, қайта оралмас рақатқа батып жатады. 

Бүгінгі қоғамда ауыл жайын менсінбей, тәкаппарлықпен қарайтын да адамдар бар. Мүмкін олардың бұлай ойлайтын себебі ауылдың ертеңгі болашағы жоқ деген түсінігі болар. Егер ауыл болашағы болмаса, Елбасымыз биік тақта, депутаттарымыз үлкен мінбелерде, белді азаматтар мен азаматшалар жоғары лауазымға ие болар ма еді? Мәдениетіміз асқақтап, өнеріміз өрлеп, біліміміз тереңдеп, денсаулығымыз артып, спорт қоржынымыз алтын мен күміске толар ма еді? Міне, осындай деңгейге жетіп, көк туымызды көкке самғатып жатқан қазақстандықтардың бәрі кезінде ауылдың, доп теуіп, мал айдап, жер қазып, отын аралап, сиыр сауып, текемет басып жүрген қазақтың қара домалақ ұл-қыздары. Сондықтан ауыл тарихымен мақтанып, ауыл өмірінің гүлденуіне жұмыла кіріскен жөн сияқты. Ақын Мұқағали жырлағандай:

Ұят болды-ау 

Сен де кеттің, 





Мен де кеттім, 

Ол да кетті ауылдан. 

Осынымыз ұят болды-ау,

ұят болды-ау,қауымнан! 

Ұят болды-ау,

Ұят болды-ау, 

Ұят болды-ау, бауырлар! 

Момын жұрттың, арқа сүйер, 

Азаматы біз едік. 

...Жеке-жеке бақыт іздеп, 

Жеке өмір түзедік, 

Жетер енді!.. 

Туған жердің топырағына тізе бүк! –демекші ауыл мәдениетін көтеру ол әр біріміздің парызымыз болып қала бермек. Жасай бер, жайнай бер, қасиетті қазақ ауылы!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі