Өзіңді тану адамгершілікке жетелейді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзіңді тану адамгершілікке жетелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныптарға арналған тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape4

Shape5

12.10.18 ж

ӨЗІҢДІ ТАНУ АДАМГЕРШІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Shape1

«ӨЗІҢДІ ТАНУ АДАМГЕРШІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ САБАҚ

Shape2

МАҚСАТЫ: оқушыларға рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптей отырып, мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру. Адамгершілік сезімдері мен қасиеттері қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ФОРМАСЫ: тренинг

КӨРНЕКІЛІГІ: презентатция

ЖОСПАРЫ:

І.ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

а) оқушылармен амандасу

ә)оқушылар назарын сабаққа аудару

б)тренинг ережесімен таныстыру

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «Сырлы есімдер» жаттығуы

  • «Автопортрет» жаттығуы 

  • «Мен басқаның көзімен» жаттығуы

  • «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

  • «Өрмекші торы» жаттығуы

ІІІ. Қорытынды бөлім.

  • «Жүйрік ой» жаттығуы

  • «Қайта байланыс» жаттығуы

БАРЫСЫ:

ТӘРБИЕШІ: Құрметті оқушылар. Рухани-адамгершілік құндылық-адам баласының басты қасиеттері. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтап қана қоймай, нақты адам бойындағы қажетті қасиеттер көрсеткіші болып табылады. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Бүгінгі тренингіміз «Адамгершілік-басты құндылық» деп аталады. Бүгінгі тренинг барысында рухани құндылықтар жайында ой өрбітіп, түрлі жаттығулар жүргіземіз. Олай болса, кезекті «Сырлы есімдер» жаттығуына берейік.


«СЫРЛЫ ЕСІМДЕР» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек.

ТӘРБИЕШІ: Жарайсыңдар, біз бір-біріміздің есімдерімізді атай отырып, өзіміздің бойымыздағы ерекше қасиеттерімізді жайында таныстырып өттік. Олай болса, келесі «Автопортрет» жаттығуы бойынша нұсқаулықпен таныстырып өтейін.

«АВТОПОРТРЕТ» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен парақшалар беріледі. Берілген парақшаларға әр оқушы өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керек және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттер тәрбиешінің қадағалауымен жинап алынатындығын ескертіледі.
 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді
ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді,
 сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз
 болса т.б... Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
 

«МЕН БАСҚАНЫҢ КӨЗІМЕН» жаттығуы. Нұсқау: Тәрбиеші алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды.
 Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
 
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған оқушылар,
 қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.
 Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша
 қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
 

«СИҚЫРЛЫ ҚОБДИША» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады.
 Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
 Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып,  ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар әрбір оқушыға үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса,
 жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
 

«ӨРМЕКШІ ТОРЫ» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп  кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
 Жаттығу шарты: Топтағы оқушылар бірін-бірі жақын танығандықтан, әркім бірінші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. екінші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма?  Бұл жаттығудың мақсаты да сын айта отырып, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылу, түзету. Болдырмау.
 
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

«ЖҮЙРІК ОЙ» жаттығуы. Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырынәуені ойналады/


 Маған қажет қасиеттер, мыналар......
 Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
 Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....
 Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі .....
 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды
  айтыңыз.
 «ҚАЙТА БАЙЛАНЫС» жаттығуы. Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
 -Тренингте ең бірінші не ұнады?
 -Не ұнаған жоқ?
 -Өзің жаңадан не білдің?
 -Алған әсеріңіз қандай?





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
722
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі