Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі КММ
Студенттермен жұмыс:
«Өзіңді тану-өмірді тану»
Дайындаған: Ақтоғай аграрлық – техникалық қ
колледж психологы :
Төлеуғазы А.Т .
Ақтоғай ауданы
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Өзіңді-тану өмірді тану»
Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдаумен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық-педагогикалық көмек беру.Оқушының ҰБТ-ға психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Әдістемелік бланк, интерактивті тақта, сызба, киіз үй макеті, карточкалар, бейнежазба;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе: Психолог сөзі
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-
Отырыңдар.
Қазір сіздермен «Мен және менің өмірлік жоспарым» атты тақырыпта ашық жаттығу сабағын өткізбекшімін. Сабағымызды бастамас бұрын «Ақиқат орындығы» жаттығуын орындап алайық.
Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.
Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.
Карточкадағы сөйлемдер
-Ең үлкен қорқыныш –бұл...
-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
-Мен ренжимін, егер...
-Мен ұмытпаймын, егер...
-Маған көңілсіз, егер...
-Егер маған дауыс көтерсе, мен...
-Мен қарсыласқанда...
-Егер мен сенімсіз болсам...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сендер қандай сезімде болдыңыңдар?
-
Рахмет! Олай болса, балалар сендер қазіргі кезде өз болашақтарыңды таңдау алдында тұрсыздар. Осы жолды бастар алдында ең маңызды міндеттеріңіз –игілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, басты өз қабілеттеіңізді, қызығушылықтарыңыз бен шығармашылық әл-қуаттарыңызды іске асыра алатын болашақ мамандықтарыңызды таңдау болып табылады. Мамандық таңдауға қорқынышты қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек.Өз қалауынсыз, ата-ананың не болмаса жолдастарыңның ықпалымен таңдаған мамандықтан ешқашан жақсы маман иесі шықпайды, сондықтан, өз қалауларыңмен, өз жүректеіңнің үніне құлақ салыңыздар.Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптану керек.
Дегенмен ең алдымен қызықтыратын мамандықты таңдап, анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал, оқу орнын таңдау мәселесі ең соңғы кезең болуы керек. Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызды «Ол кім көрсет!» тренингтік жаттығуымызбен жалғастырсақ деп отырмын.
ІІ. Тренинг: «Ол кім көрсет»
Бұл жаттығудың мақсаты
11 жыл бойы бірге оқып, балалық күндеріңінің әрбір қызықты сәттерін бірге бөліскен сыныптас жолдастарыңның қай салаға бейім екендігін нақтырақ білу. Шарты: Қазір алдарыңда 12 мамандық түрі көрсетіліп тұр. Мен бір мамандықты көрсетіп тұрып, «Бұл мамандыққа осы ортада қай балаларды бейім деп ойлайсыздар және неліктен?» Яғни ойыншы сол мамандыққа лайықты оқушыны көрсетеді. (интерактивті тақтамен)
Лайық оқушыны көрсетер кезде сіздердің бойларыңызда қиындықтар кездесті ме?
Жақсы, олай болса біздің келесі орындайтын кезекті жұмысымыз
ІІІ. Тест. «Мен ойлаймын»
-
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
3. Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
7. Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
8. Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
9. Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
10. Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
11. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап аламын. Әрі қарай сабағымызды жалғастырайық. Келесі орындайтын жұмысымыз:
ІҮ. Жүрегіңнен алып таста. Яғни, казіргі кезде сендерді толғандырып жүрген мәселелер, ойлар, арман-қиялдарыңды алдарыңда таратылып берілген ақ қағазға жазып, мына жүрекке әкеліп қондырамыз.
Ү.Топпен жұмыс. Шағын жоба.
Сынып екі топқа яғни, екі бағыт бойынша бөлініп отырсыңдар. Тәрбие көзі отбасынан дей келе қазақ халқының ежелден, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан, киелі де, қастерлі баспанасы қазақ киіз үй бейнесін алып отырмын. Гуманитарлық және жаратылыстану бағыты бір-бір осы мектепте шаңырақ болып отырсыздар. Ал, сіздер өз мамандықтарыңызды таңдау арқылы сол шаңырақ астында әр қайссыңыз сол шаңыраққа уық болып қадалып, қазақ елінің шаңырағын одан әрі биіктетерсіздер деген ниетпен алдарыңызға киіз үй бейнесін қойдым. Шарты: Бұл жерде
Киіз үйдің шаңырағына- бейіндік бағыттарың жазылған
Уықтарға-әр қайссың өз таңдап отырған мамандықтарыңыздың түрлерін жазасыздар
Керегелеріне- әрқайссыларыңыз осы мамандықтың пайдасын, неліктен таңдадыңыздар, еліктедің бе, әлде ата-анаңның қалауымен бе? Династия сияқты сұрақтар көлеміндегі жауаптары жазылады.
Сықырлауыққа- Гуманитарлық және жаратылыстану салалары болашақтарыңнан осы мамандықты таңдау арқылы не күтесіңдер жалпы сөзбен, қалай осы мамандық иесі болғаннан кейінгі болашағыңды қалай болады деп болжайсыңдар, қорытынды ретінде ақ жолға, яғни, ақ босағаға ойларыңды бекітесіңдер.(Баяу әуенмен)
Соңынан гүлге қонған көбелектегі мәселеміз шешуін таба алды ма? Мақсатымызға жеттік пе? Талдау жұмыстарын жүргіземіз.
Олай болса, саналарыңнан, жүректеріңнен қорқыныш, уайым әкелетін мына жүрекке қадалып тұрған жерінен әр қайссың өздерің алып, умаждап, іштеріңнен «Менің қолымнан барлығы келеді, мен ештеңеден қорықпаймын, менің болашағым жарқын» деп проблемаларыңды қоқыс жәшігіне бір-бірлеп лақтырып тастаңдар, жүректеріңнен шығарып тастаңдар! Сендердің қазіргі үлкен проблемаларың ол ҰБТ-дан қалай өтемін, өте алмасам өмірім не болады? Деген мазасыз ойлар ғой? Жоқ, балалар сендердің болашақтарыңның жарқын болуына ҰБТ ешқандай кедергісін келтіре алмайды, Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз! ҰБТ-дан кейінде сендерді үлкен өмір жолы күтіп тұр. Егер ҰБТ-дан төмен балл алып қалсаң , барлығы сен үшін бітті деген сөз емес, мүмкін төмен балл алғаның сәттілікке бастар жолың шығар.Сондықтанда мазасызданбаңдар!
Мазасыздану- зейінің мен ойыңның шаршағандығыңнан болады. Сондықтан болмашы мазасыздықпен емтиханға дайындалу ешқандай нәтиже бермейді. Тек өздеріңе, өз білімдеріңе сеніңдер демекпін!
ҮІІ. Қорытынды: ҰБТ-ға арналған психологиялық кеңестер жазылған кітапша таратылып беріледі оқушыларға және өзім баяу әуен ырғағымен «Жас түлек» өлеңін оқып беремін.
-
Осымен бүгінгі сабағым аяқталды!
-
Сау болыңыздар!
-
Келесі кездескенше!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өзіңді тану өмірді тану" студенттермен жүргізілетін жұмыс

шағым қалдыра аласыз