«№8
балалар үйі»КММ
«Өзіңнің
істеген ісіңе жауапты болуға үйрену»
(Ойын
түрінде)
Тәрбиеші:Мусина
Л.М.
Семей
қаласы 2019жыл
Мақсаты:оқушыларға
мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету
туралы түсінік беру;
-
еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
-
оқушылардың эстетикалық талғамдарын
дамытуға ықпал ету.
Сабақтың
түрі: ойын сабағы
Көрнекі
құралдар: интер.-тақта, дәптер,тілек
қағазы.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап,
әңгімелеу
Сабақтың
барысы:
І.
Шаттық шеңбері
ІІ.
Әңгімелесу.Сұрақ жауап.
ІІІ.
Ертегіден көрініс. «Мақта қыз бен
мысық»
ІV.
Слайд. «Жауаптылық дегеніміз не?»
V.
Қанатты сөздер.
VІ.
« Мен кімді мақтан тұтамын»
VІІ.
Жүректен жүрекке
І.Шаттық
шеңбері.
Балаларды шаттық шеңберін құрып
бір-біріне ізгі тілектер
айтады.
ІІ.Әңгімелесу.Сұрақ
–жауап.
1.Балаларға
істеген іске жауаптылық пен қарауды
дағдыландыру?
2.
Өмірді бағалай білесің бе?
3.
Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай
түсінесіңдер?
4.
Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай
әрекеттер жасайсыңдар?
Өзіммен-өзім.
Көздеріңді жұмып бір минут уақыттарыңды
бөліпөз істеген істеріңе көз жүгіртіңдер.
Енді көздеріңді ашыңдар не сезіндіңдер?
Бір-бірлеріңе
айтып беріңдер.
Балаларға
толықтыру.Адамның
өмірін әсем ететін тағы бір күш ол
денсаулық талаптылық ,қажырлық, төзімділік
болып табылады.
ІІІ.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Баяғыда
Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап
жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты
шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
–
Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп
қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
–
Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта
қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
–
Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта
қыз:
–
Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық
қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың
құйрығын кесіп алады.
Мысық:
–
Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта
қыз:
–
Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық
сиырға барады.
–
Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
–
Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ
әкеліп берші! – дейді.
Мысық
ағашқа барып:
–
Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! –
дейді.
Ағаш:
–
Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ
беремін, – дейді.
Мысық
суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды
көреді.
–
Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!
– дейді.
Қыздар
оған:
–
Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су
береміз, – дейді.
Мысық
дүкенге барады.
–
Әй, дүкенші, маған сағыз берші! –
дейді.
Дүкенші:
–
Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық
тауыққа барады.
–
Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! –
дейді.
Тауықтар:
–
Бізге дән әкеліп берсең, біз саған
жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық:
«Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір
ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық
тышқанды бас салады.
–
Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? –
дейді.
Тышқан
қорыққанынан:
–
Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
–
Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан
үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді;
мысық тарыны апарып тауыққа береді,
тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып
дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді;
сағызды апарып қыздарға береді, қыздар
су береді; суды апарып ағашқа береді;
ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып
сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты
апарып Мақта қызға береді, Мақта
қыз мысықтың құйрығын береді.
ІV.
Слайд. «Жауаптылық дегеніміз не?»
Балаларға
слайд арқылы «жауаптылық»сөзін көрсету.
Әр
балаланың ойын тыңдап,оларға сүрақтар
қойылады.
V.
«Қанатты сөздер.» Балаларға
оқытып олардың мағынасын түсіндіру.
VІ.
«
Мен кімді мақтан тұтамын» Өз
пікірлерін ортаға салу.
Балаларға
мысыл ретінде мақан тұтатын адамдарға
арналған жақсы сөздер. Немесе жақсы
тілектер жазады.
VІ.
Жүректен жүрекке. Шеңберген
тұрып бір біріне тілек айту.
Балаларды
шеңберге тұрғызып, жүректен –жүреке
деген тілілек айтқызу.өз ойларын еркін
жеткізуге,
бір-біріне деген ризашылықтарын
білдіреді.