А1 Өзінің оқыту және оқу
тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық
есеп
Кембридж бағдарламасы
негізінде алған теориялық білімімді мектептегі тәжірибемен
ұштастыру мақсатында өзім қызмет етіп жүрген М.Дәуленов атындағы
мектеп-интернатының 7- сынып оқушыларымен сабақ өткізу үшін орта
мерзімді сабақ жоспарын жоспарладым. Негізгі мақсат- бағдарламаның
жеті модулін сабақта ықпалдастырып қолдану.
Мен өзімнің іс-тәжірибем
барысында өткізетін тізбектелген сабақтарымда оқушы мен мұғалім,
оқушы мен оқушы арасындағы байланысты жандандыратын Бағдарламаның
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің «Диалогтік оқыту»
тәсіліне басымдық бердім. Бұл басымдық не үшін таңдап алынды?
Мектептегі басқа пәндерге қарағанда, қазақ тілі сабағының өзі
тұтастай диалогтан тұрады дер едім. Себебі сабақ барысында оқушының
сөйлеуіне, ойын көркем де тиянақты жеткізуіне көп көңіл
бөлінеді.
Мәтінді оқи отырып оқушы
түсіну, алған әсерімен
бөлісу, шығарма жазу,сұрақ-жауап,
пікір алмасу- бұның бәрі сыныптағы оқушылар мен мұғалім арасындағы
диалог арқылы іске асады.
Сабақ үдерісінде мен
оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана
емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және
кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланамын. Аталған тәсіл арқылы
оқушының пікірлесу, ойлaу
қaбілеттері дaмып, жaн – жaқты ізденіп, cөздік қорлaры aртатынына
сенімдімін. Сабақ жоспарлауда Блум
таксаномиясына сүйене отырып, әр кезеңіне сұрақтар мен саралау
тапсырмаларын дайындауды
ескердім:үй тапсырмасын тексеруге
арналған «Бес қадам», «Зымыран сұрақтар», «Кім көп біледі?» ,
«Шынжыр»әдістері арқылы өткен сабақта алған білімдерін жинақтаймын.
Сабақ ортасында «Инсерт», «Мозайка», «Шын және
жалған», «Мәтінді құра» (жеке жұмыс), «6 неліктен?», «Көпір»»
«Конверттегі сұрақ», «Жарнама»(жұптық жұмыс), «Дербес пікір»,
«Ойлан,жұптас,бөліс» (топтық жұмыс) әдістері оқушының мәтінмен
толық жұмыс жасап, тақырыпты қаншалықты меңгере алғандығын
саралаймын,оқушылардың қабілеттері мен
жас ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижеге жетуге жұмыс
жүргіземін. «Шеңбердегі доп», «Кезбе
тілші», «Үш минуттық үзіліс» сияқты
кері байланыс кезеңі диалог арқылы жүзеге асатындықтан,тілдік
қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға септігін тигізеді.Оқушының
сабақтан алған әсер мен психологиялық ахуалын анықтау мақсатында
«Алма ағашы», «Баспалдақ», «Тазалық», «Кемпірқосақ» рефлексиясы
алдағы сабақтарымды жоспарлауға,ұтымды өткізуге түрткі
болады.
Сабақ барысында оқушылардың
саналы оқуын ұйымдастару мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «От
шашу», «Үш шапалақ», «Бағдаршам», «Бас бармақ» түрлерін оқу үшін
және оқуды бағалау модуліне сәйкес өзара бағалау әдісін
қолданамын.Жоғары дәрежелі сұрақтарды көп
қолдану, сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу, қайта
бағыттау сияқты техникаларын ұтымды пайдаланып, деңгейлік
тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушыларға өз
пікірін айтуы үшін ойын жинақтауға мүмкіндік
беремін.
«Бөлмедегі заттар», «Жыл мезгілдері»,
«Мақал-мәтелдер»арқылы топқа бөліп, оқытуды
басқару және көшбасшылық модуліне сай сыныппен бірлесе жұмыс
істеймін деген ойдамын. Ал әр сабақта оқушылардың жас ерекшелігін
ескере отырып,бейнебаяндар мен интернет желісінен алынған
ақпараттармен бөлісе отырып, АКТ-ды пайдаланамын.Мақсатым-оқушы
жұмысы мен түсініктемелерін,идеяларын визуалды салыстыру,эмоция мен
сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені
пайдаланып,қызығушылықтарын
арттыру.
Сабаққа қойылған мақсатыма
жету жолында жеті модульді тиімді пайдалану
арқылы
-оқушылар арасында,оқушы мен
мұғалім арасында қарым-қатынас орнайтын;
-оқушылар ақпараттарымен
бөлісуге, талқылауға, өзгелердің пікірлерімен санасуға
дағдыланатын;
-бір-бірін тыңдауға, сөйлеуге,
білімін жеткізу, білім алуға деген ынтасы
артатын;
-пікір алмасу, өзара сұхбат
кезінде оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүзеге асып, тілі
дамитын;
-бір-бірімен еркін сөйлескен
әр оқушы өз ойының құнды екенін сезініп, жауапкершілігі артатын,
бойында өзіне деген сенімділігі пайда
болатын;
- пәнге деген қызығушылықтары
артатын нәтижеге жететініме
сенімдемін.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып, сабақты әрі қарай диалогтік оқыту арқылы
жүргізуді жоспарлап отырмын.Орта мерзімді жоспар құрудағы
мақсаттардан шыға отырып тізбектелген 4 сабақ топтамасының қысқа
мерзімді жоспарын құрдым. Мен аталған 4 сабақтың бірі 7– сыныптағы
қазақ тілі пәні бойынша «Сүйіспеншілік пен достық» тарауының «Бай
баласы мен жарлы баласы» тақырыбын таңдап алдым. Сабақтың мақсаты:
мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын
болжау.Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім
барысында қолдану.Осы мақсаттар негізінде келесі нәтижелерді
күттім: оқушылар мәтінді түсініп
оқиды,сұраққа жауап береді,өз ойларын айтады,күрделі етістіктер
бойынша тапсырмалар орындайды. Сондықтан сабағымда диалогтік оқытуды қолдану
арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар, білім
деңгейлерінің жоғарылауына ықпал еткім
келеді. «Бес қадам» әдісімен қолдану
арқылы өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріп,ойын арқылы
сұрақтарға жауап аламын.«Бөлмедегі заттар» әдісімен топқа бөліне
отырып,топтағы көшбасшыны анықтап,топ жұмысын бағалауда көмегіне
сүйенемін. «Ойлан,жұптас,бөліс» сәтінде
мәтінді оқиды, әңгіменің
жалғасын еске түсіреді,өз сөзімен баяндайды; ойтүрткі сұрақтарға
жауап беру арқылы сөйлеу дағдылары дамиды. Оқушылар өз
мүмкіндіктеріне сай «Кім жылдам?»стратегиясында саралау
тапсырмаларын орындау арқылы мәтінмен жұмыс жасайды,сөйлем құрайды,
эссе жазады. Сабақтағы оқушылардың барлығын
бағалау кезінде мен бүкіл сабақтағы оқушы әрекетін ескере келіп,
тек жұмысты ғана емес, олардың белсенділігін, топтағы,жұптағы
бірлескен жұмысын, өзін-өзі бағалауы мен өзара бағалауын ескеруім
керек.Бұл үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлерін тиімді
қолданамын:«Үш шапалақ»,«Бас бармақ» арқылы өзара бағалау
жүреді.«Кезбе тілші» кері байланысы жекелеген оқушымен сұрақ-жауап
алмасуда тақырыптың меңгерілгенін көрсетсе, сабақ соңындағы «Алма
ағашы» рефлексиясы кезеңінде оқушылар сабақтан алған әсерлері мен
көңіл-күйлерін қағаз бетіне түсірсе,мен үшін кейінгі сабақтарға да
тиімді әдістерді таңдап,қолдануға ықпал ететініне
сенімдімін.
Сабақты талдай келе,
бағдарлама идеясын осы сабақ барысында аша аламын деген
ойдамын.Себебі кез келген іс тиянақты орындалса, өз жемісін берері
анық.