Материалдар / Озық ойлй оқушы

Озық ойлй оқушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2018
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектеп











сыныптан тыс жұмыс«Озық ойлы оқушы»









Мұғалім: Шоханова Г.Б



Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»Сабақтың мақсаты:а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмысСабақтың түрі: Жарыс сабақЖабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру.1). Сынып оқушыларын түгендеу.2). Сабақ жоспарын таныстыру.Жарыс кезеңдері:І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).V. “Қылқалам сыры” (Paint графикалық редакторында 3 минуттасуретті салу және мәтін теру).VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Озық ойлы оқушы” атанады.VII. МарапаттауҚұрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан«МИФ – әлеміне саяхат» атты информатика, физика, математика пәндері апталығына қош келдіңіздер!Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Озық ойлы оқушы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 7 - сынып оқушыларын ортаға шақырамын.Алдағы біз баратын бағыт анық,Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.Информатика әлеміне аяқ басып,Компьютер тілінде біз жарысалық.І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).1. Бос орын қалдыру пернесі2. 1 Гбайт неге тең?3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі4. Жалпы желіге қосылу үшін не керек?5. Вирустың кері әсерін жоятын программа6. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады?7. Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді?8. Компьютердің атасы?9. Кесте нелерден тұрады?10. Сурет салуға арналған программаЖас достарым, мұны айтпаймын несіне,Информатиканы құрметтеу менің есімде.Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,30 ұпай, шәкіртім саған несібе.ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).1. Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай күн көзін2. Өнер алды - қызыл...3. Дүниежүзілік компьютерлік желі4. Сурет салу қаламы5. Ақпараттың қайнар көзі6. Терезені жабу батырмасының аты7. Кітап ненің бұлағы?8. Өлең ненің патшасы?9. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат10. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілікҚойылған сұрақ есепке,Ойланып жауап іздейік.Уақытты текке өткізбей,Қатесін анықтап берейік.ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай).1. 2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)2. Марат кешкі сағат 10 - да жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтайды? (11 сағат)3. Немересі атасынан: “Жасың нешеде?” деп сұрады. Атасы: - өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? (66 - да)4. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8 - ші)5. 1000 оған 40 - ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30 - ды қосу керек. Тағы 1000. қосу 20. қосу 1000 және тағы 10 - ды қосыңыз. Неше шығады? (4100)6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр? алмұрт па, әлде шабдалы ма? (Алмұрт)7. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)Жарысайық сайыста,Кімнің ойы мықты екен?!Кімнің күші аздау боп,Кім озып алға шықты екен.ІІІ кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).Нимотор ----------- МониторПьюромтек ------- КомпьютерЕнрепатқат -------- ПернетақтаЛайф ---------------- ФайлРльоукятакл ------ КалькуляторАтқсуа -------------- СақтауАэкторикелн ----- ЭлектроникаДңеөу -------------- ӨңдеуМлтогира ---------- АлгоритмІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.V. “Қылқалам сыры” (Paint графикалық редакторында 3 минутта суретті салу және мәтін теру).V кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыны шығарып салайық.VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Озық ойлы оқушы” атанады.А)1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)4. Терезенің орысша атауы? (Окно)5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)8. Бір байтта неше бит бар? (8)9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)Б)1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)5. Дүние жүзілік желі? (Интернет)6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (Caps Lock)7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)8. Компьютердің миы (Процессор)9. Вирусты жоятын программа (антивирус)10. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ