Балалар,бүгін біздер
пайдалы қазбалар тақырыбымен танысатын боламыз.
Күннің жадын , сынып
жұмысын жазу
Қосымша пайдалы
қазбалар туралы ізденіп келуге берілген болатынмын. Кім қосымша
мәлімет алып келді?
-Оқушылар
тыңдалады.
Пайдалы қазбалар
дегеніміз – табиғи күйінде немесе
жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар. Пайдалы
қазбалар 3-ке бөлінеді. Кестемен
жұмыс.
Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл
кездесетін тау жыныстары жатады. Металл алу үшін ең алдымен кенді
бос тау жыныстарынан бөліп алады.Ол кен байыту деп аталады.Оларды
өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш
және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе,
Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат
мыс кен орындары әлемге
әйгілі. Қара металл
кендер.
Қара металл кендерінен
көбінесе темір қорытып алынады. Темір шойын мен болаттың құрамына
кіреді. Шойын мен болатты түсіне байланысты қара металл деп
аталады.Қара металл кендерінің ішіндегі бастылары – магнитті
теміртас, қоңыр және қызыл теміртас.тНегізгі қорытылып алынатын
заты темір болғандықтан бұлардың бәрін темір кені деп атаймыз. Ол
картада қара ұшбұрыш түрінде беріледі.
Түсті металл
кендері.
Түсті металдарға
мыс,қорғасын, мырыш, алюминий және басқалары
жатады.
Мыс
–
қызғылттүсті, жұмсақ металл.Ол оңай өңделеді.Мыстың ең тамаша
қасиеті-электр тогын жақсы өткізеді.Мыс түрлі металдармен оңай
қосылып, қорытылады. Таза мысқа қарағанда оның түрлі қоспаларының
қасиеті жоғары болады.
Түсті металдардың тағы
бір түрі – алюминий.Алюминий күміс сияқты
жарқыраған, ақ түсті, өте жеңіл металл.Алюминий ең көп тараған
металл.Оның жер қыртысындағы мөлшері темірден 1,5есе,мыстан 800 есе
артық.
Қорғасын – сұрғылт
түсті,өте ауыр және тапталғыш металл.
Мырыш –
көкшіл сұр түсті металл. Мырыш жлатылған темір тот баспайды. Көп
жағдайда қорғасын мен мырыш қосылып , полиметаллкенін
құрайды.
|