Материалдар / Пайыздық сома
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пайыздық сома

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика пәнінен 10 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
570
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cәлеметсіздер ме Құрметті Студенттер!


Сабақтың тақырыбы:


«Пайыздық сома анықтамаларын түсіну»

Сабақтың мақсаты:

Білім алушыларға пайыздық сома мазмұны және түрлері туралы жалпы мағлұмат беру .

Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденугге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз мамандығына деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа, дәлдікке, қазіргі заманға сай ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.


Сабақ өткізу барысы:

Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері

Пайыздық мөлшерлеме қарыз алушы кредит ретінде берілген қаражатты белгілі бір уақытқа (ай, тоқсан, жыл) қолданғаны үшін төлейтін, алынған кредиттің пайызы ретінде көрсетілетін сома. Берілген қарыздан түсетін жалпы пайданың көлемі негізгі сомаға, пайыздық мөлшерлемеге, төлеу жиілігіне және берілген мерзімге байланысты.

Бұл қарыз беруші қарыз алушыға пайда үлесі ретінде төлететін берілген соманың бөлігі деп анықталып, әдетте жылдық пайыз ретінде көрсетіледі. Пайыздық мөлшерлеме – банк немесе басқа қарыз беруші қарыз алушыға төлеуге міндетейтін мөлшерлеме. Немесе, бұл – банктердің салымшыларына өздерінің қаражатын шотта сақтағаны үшін төлейтін мөлшерлемесі.

Ақша теориялары тұрғысынан, пайыздық мөлшерлеме бұл ақшаның жинақ қаржысы ретіндегі құны.

Пайыздық табыс бұл капиталды әртүрлі түрде (көмек қарыз, кредит) қарызға беруден түсетін немесе құнды қағаздарға құйылған инвестициялардан түсетін пайда.

Жылдық пайыздық мөлшерлеме бір жыл шіндегі пайыздық мөлшерлеме.

Пайыздық мөлшерлемеге әсер етуші факторлар

Пайыздық мөлшерлем төмендегі факторларға байланысты өзгеріп отырады:

Қарызға берілген негізгі соманың валютасы

Салымды өтеуге дейінгі мерзім

Қарыз алушының қабылданған дефолт ықтималдығы

Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс Және тағы да басқа факторлар болуы мүмкін.

Мысал

Компания өзінің бизнесіне арналған мүлік сатып алу үшін банктен қарызға капитал алады. Өз кезегінде, банк компанияға мөлшерлеме төлетеді. (қарыз беруші алынған жаңа мүлікке байланысты өзінің құқықтарын да талап етуі мүмкін)

Ақша-кредит саясаты

Пайыздық мөлшерлемелердің нысандары ақша-кредит саясатының маңызды құралы болып табылады және инвестиция, инфляция және жұмыссыздық сияқты айнымалылармен жұмыс істеу барысында ескеріледі. Мемлекеттердің орталық банктері әдетте мемлекет экономикасындағы инвестиция мен тұтынуды өсіруді қалаған кезде пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді. Алайда, төмен пайыздық мөлшерлеме макроэкономикалық саясат ретінде қауіпті болып, инвестициялардың үлкен бөлігі жылжымайтын мүлік пен қор нарығына құйылатын экономикалық көпіршіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, пайыздық мөлшерлеме реттеулері экономикалық қызметтің саулығына байланысты инфляцияны нысандалған ауқымда сақтау үшін немесе экономикалық серпінге байланысты пайыздық мөлшерлемені экономикалық өсіммен қатар шектеу үшін жасалған.

Тарихи пайыздық мөлшерлемелер

Соңғы екі ғасырда пайыздық мөлерлемелер ұлттық үкіметпен немесе орталық банкпен өзгертіліп және орнатылып отырған. Мысалы, Англия Банкінің базалық пайыздық мөлшерлемесі 1989-2009 жылдар аралығында 0,5 %-дан 15 %-ға дейін өзгеріп отырса, АҚШ-тың федералдық қоры бойынша федералдық резервтік мөлшерлемесі 1954 жылдан бастап 2008 жылға дейін 0,25 %-дан 19 %-ға дейін ауытқып отырған, ал Германияда пайыздық мөлшерлемелер 1920 жылдарда 90 %-ға жуық болып 2000 жылдарда шамамен 2 %-ға дейін түскен. Шектен тыс инфляциялық шиыршықты жеңуге әрекет жасау кезінде Зимбабве резервтік банкі несиелерге қатысты пайыздық мөлшерлемелерді 800 %-ға дейін көтерген.

Негізгі кредиттер үшін пайыздық мөлшерлеме 1970 жылдардың аяғында және 1980 жылдардың басында тіркелген мөлшерінен әлдеқайда жоғары болған – 1800 жылдан бастап болған АҚШ-тың алдыңғы пайыздық мөлшерлемелерінің шыңдарынан да, 1700 жылдан бастап болған Британдық шыңдардан да, немесе 1600 жылдан бастап болған Голландық шыңдардан да жоғары; «замануи капитал нарықтары пайда болғандықтан, осы кезеңдегідей жоғары ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемерел енді ешқашан болмайды». Заманауи капитал нарықтарына дейін, жинақ салымдары кем дегенде 25 % және ең жоғары 50 % жылдық пайдаға жете алатын кейбір шоттар болған.

Пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің себептері

Саяси қысқа мерзімді пайда: Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету экономикаға қысқа мерзімді үдеу бере алады. Қалыпты жағдайларда, көптеген экономисттер пайыздық мөлшерлемелерді қысқарту экономикалық қызметте кейін инфляцияның әсерінен өтелетін тек қысқа мерзімді пайда әкеледі деп ойлайды. Жылдам үдеу сайлауға әсер етуі мүмкін. Экономисттердің көпшілігі саясаткерлердің ықпалын шектеу үшін тәуелсіз орталық банктерді қолдайды.

Кейінге қалдырылған тұтыну: Ақша қарызға алынған кезде, қарыз беруші ақшаны тұтыну тауарларына жұмсауды кейңнге қалтырады. «Бір уақытты артық көру теориясына» сәйкес, адамдар тауарларды қазір тұтынудан гөрі кейін тұтынуды артық көргендіктен, еркін нарықта оң пайыздық мөлшерлеме болады.

Инфляциялық болжал: Көптеген мемлекет экономикаларында жалпы айтқанда инфляция байқалады, яғни берілген ақша көлемі болашақта қазірге қарағанда азырақ тауар сатып алады. Қарыз алушы қарыз берушіге мұның орнын толтырып беруі қажет.

Баламалы инвестициялар: Қарыз беруші өзінің ақшасын құятын инвестицияны түрлі инвестициялар арасынан таңдай алады. Егер ол біреуін таңдаса, басқаларынан түсетін пайдадан тартынады. Әртурлі инвестициялар фонд үшін өз арасында тиімді бәсекеге түседі.

Инвестициялық тәуекел: Қарыз алушның банкротқа ұшырау, өлу, немесе несие бойынша дефолт жасау қауіпі үнемі болады. Бұл әдетте қарыз беруші қарыз алушы сәтсіздікке ұшыраған жағдайда мұны өтеуіне кепілдік ретінде тәуекел премиясын алатынын білдіреді.

Өтімділікке артықшылық беру: Адамдар өзінің ресурстары орындалуы уақыт алатын формадан гөрі тез арада ауыстырыла алатын формада қолжетімді болғанын қалайды.

Салық: Пайданың кейбір бөлігінен салық алынатындықтан, қарыз беруші мұның орынын толтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемені талап етуі мүмкін.

Банктер: Банктер экономикалық өсімді жеделдету немесе баяулату үшін пайыздық мөлшерлемелерді өзгерте алады. Бұл экономиканы баяулату үшін пайыздық мөлшерлемелерді көтеруді немесе экономиканы жеделдету ушін пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді қамтиды.

Экономика: Пайыздық мөлшерлемелер экономиканың жағдайына байланыста ауытқуы мүмкін. Әдетте, егер экономика мықты болса, онда пайыздық мөлшерлемелер жоғары болады; егер экономика әлсіз болса, онда пайыздық мөлшерлемелер төмен болады.

Пайыздық мөлшерлемелердің көлемі

Кредитқа байланысты пайыздық мөлшерлемелер нөлден үлкен, нөлге тең («пайызсыз кредит») немесе нөлден кіші («теріс» пайыздар) болуы мүкін. Егер пайыздық мөлшерлеме үлкен мәндерге жетсе, бұл өсімқорлықтың туындауына әкеп соғады.

Пайыздық мөлшерлеменің түрлері

Пайыздық мөлшерлемелердің бірнеше түрі болады.

Тиянақталған және құбылмалы мөлшерлемелер

Уақыт өте келе пайыздық мөлшерлеменің өзгеру не өзгермеуіне байланысты оны тиянақталған және құбылмалы деп екі түрге бөледі:

Тиянақталған пайыздық мөлшерлеме тұрақты, белгілі бір мерзімге бекітіледі және қандай да бір жағдайларға тәуелді емес.

Құбылмалы пайыздық мөлшерлеме мерзімі қайта қарастырылуы тиіс. Пайыздық мөлшерлеменің өзгертілуі кейбір көрсеткіштердің ауытқууның негізінде орын алады.

Декурсивтік және антисипативтік мөлшерлемелер

Қойылған пайыздың төлену уақытына байланысты пайыздық мөлшерлеменің екі түрі бар:

Декурсивтік мөлшерлеме пайыздық мөлшерлеме қойылғын мерзімнің соңында алынған негізгі сомамен бірге төленеді

Антисипативтік мөлшерлеме пайыздық мөлшерлеме қарыз берілген мезетте төленеді (алғытөлем ретінде) және ақырғы қарыз сомасының негізінде анықталады

Қарыз берушіге антисипативтік мөлшерлеме тиімді болса, қарыз алушыға керісінше декурсивтік мөлшерлеме тиімді болып табылады. Мысалы, пайыздық мөлшерлеменің көлемі 10 % болсын делік. Декурсивтік мөлшерлемеде қарыз беруші қарыз алушыға 1000 теңге берсе, мерзімнің соңында қарыз алушы 1100 теңге қайтарады. Ал антисипативтік мөлшерлемеде қарыз беруші қарыз алушыға 900 теңге берсе, қарыз алушы мерзімнің соңында 1000 теңге қайтарады.


Бақылау сұрақтары:

1. Пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?

2. Пайыздық мөлшерлеменің себепетері дегеніміз не?

3. Пайыздық мөлшерлеменің түрлері атаңыз?


Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Гражданский кодекс РК.

2. Налоговый кодекс РК.

3. Закон РК "О бухучете и финансовой отчетности» от 26 декабря 1995 г. N 2732 (с изменениями и дополнениями от 28 февраля 2007 № 234)

4. Радостовец В.В. Как вести учет в торговле. Серия «Как».Выпуск1,2.-Алматы: Издательский дом "Бико". Издательство "Бухгалтер",2000.-36с.

5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: учебник / В. Л. Назарова. -Алматы Экономика, 2005. - 253 с.

6. Радостовец В.В. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета: научное издание- Алматы: Центраудит-Казахстан, 2000. -495с.

7. Нурсеитов Э. О. Практика бухгалтерских расчетов [Текст] : справочное издание / Э. О. Нурсеитов, Д. Э. Нурсеитов. - Алматы : Lem, 2004. - 77 с.



Берілген тақырыпқа дәптерге қысқаша лкция жазып, бақылау сұрақтарына жауап береміз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!